Өзіне қол жұмсаған оқушының хаты: "Мектепте ақша жинатады, олардың мафиясы бар"

[caption id="attachment_81417" align="aligncenter" width="640"] КТК арнасынан алынды[/caption]

Шымкентте 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бала өз үйінің артқы ауласында асылып өлген. Туыстарының айтуынша, бала мектепте қатарластарымен болған қақтығыстың салдарынан осындай әрекетке барды деп отыр. Қайтыс болған Ерсұлтан Ахметов сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болмаған. Олар жасөспірімнен ақша талап еткен. Баланың ата-анасы оны басқа сыныпқа ауыстырса да, жағдай өзгермеген, деп хабарлайды КТК.

Қайтыс болған 11-сынып оқушысының отбасы дуал мен моншаның арасындағы жолмен жүруден қашады. Себебі ол жер кіші ұлдың қайтыс болғанын еске түсіреді.

«Ол жақсы бала болатын. Біз онымен дос болып үлгермедік. Ол екі апта бұрын ғана біздің сыныпқа ауысып келген. Окінішке орай ұзақ араласа алмадық. Оқиғаға дейін бір күн бұрын оны көргенімізде, ол көңілді жүрген болатын»,-дейді Ерсұлтанның сыныптасы Дмитрий Шмельков.

«Біздің мектепте қатарластарынан немесе басқа сыныптағылардан ақша талап ететіндей жаман әдет жоқ. Мектебімізде ондай жағдай ешқашан болмаған. Керісінше, 11-сынып оқушылары ҰБТ-ға айындық үстінде. Бірнеше ай бұрын психологтар тест тапсырмаларын алған. Сол кезде де балаға қатысты ешқандай күмән тудыратын деректер болмады», – дейді мектеп директоры Берікбай Михеев.

Алайда, туыстарының айтуынша сол күні бала мектептен көңілсіз келіпті. Ол тестілік сынақтан өткен жоқ. Анасы тестке деп 700 теңге берген екен. Бірақ Ерсұлтан ол ақшаны мектепке өткізбеген. Баланың анасы Ерсұлтанның бірнеше рет әкесінен 3 мың теңге сұрағанын есіне түсірді. Бірақ ол ақшаны не істейтінін айтпайтын. Анасының айтуы бойынша, оның ұлынан біреулер үнемі ақша талап етіп жүрген.

«Мектепте 11-сынып оқушылары ақша жинатады. Олардың өзінің мафиясы бар. Менің ұлыма үш мың теңге алып кел деп қорқытқан. Егер уақытында әкелмесе, күнде 100 теңгеден алып отырамыз деген. Нәтижесінде, балам оларға 15 000 теңге беру керек болған. Мафияның атаманы осы сенбіде ақша болмаса, атып өліремін деген»,-дейді Ерсұлтанның анасы.