"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Өзіне қол жұмсаған оқушының хаты: «Мектепте ақша жинатады, олардың мафиясы бар»

КТК арнасынан алынды

Шымкентте 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бала өз үйінің артқы ауласында асылып өлген. Туыстарының айтуынша, бала мектепте қатарластарымен болған қақтығыстың салдарынан осындай әрекетке барды деп отыр. Қайтыс болған Ерсұлтан Ахметов сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болмаған. Олар жасөспірімнен ақша талап еткен. Баланың ата-анасы оны басқа сыныпқа ауыстырса да, жағдай өзгермеген, деп хабарлайды КТК.

Қайтыс болған 11-сынып оқушысының отбасы дуал мен моншаның арасындағы жолмен жүруден қашады. Себебі ол жер кіші ұлдың қайтыс болғанын еске түсіреді.

«Ол жақсы бала болатын. Біз онымен дос болып үлгермедік. Ол екі апта бұрын ғана біздің сыныпқа ауысып келген. Окінішке орай ұзақ араласа алмадық. Оқиғаға дейін бір күн бұрын оны көргенімізде, ол көңілді жүрген болатын»,-дейді Ерсұлтанның сыныптасы Дмитрий Шмельков.

«Біздің мектепте қатарластарынан немесе басқа сыныптағылардан ақша талап ететіндей жаман әдет жоқ. Мектебімізде ондай жағдай ешқашан болмаған. Керісінше, 11-сынып оқушылары ҰБТ-ға айындық үстінде. Бірнеше ай бұрын психологтар тест тапсырмаларын алған. Сол кезде де балаға қатысты ешқандай күмән тудыратын деректер болмады», – дейді мектеп директоры Берікбай Михеев.

Алайда, туыстарының айтуынша сол күні бала мектептен көңілсіз келіпті. Ол тестілік сынақтан өткен жоқ. Анасы тестке деп 700 теңге берген екен. Бірақ Ерсұлтан ол ақшаны мектепке өткізбеген. Баланың анасы Ерсұлтанның бірнеше рет әкесінен 3 мың теңге сұрағанын есіне түсірді. Бірақ ол ақшаны не істейтінін айтпайтын. Анасының айтуы бойынша, оның ұлынан біреулер үнемі ақша талап етіп жүрген.

«Мектепте 11-сынып оқушылары ақша жинатады. Олардың өзінің мафиясы бар. Менің ұлыма үш мың теңге алып кел деп қорқытқан. Егер уақытында әкелмесе, күнде 100 теңгеден алып отырамыз деген. Нәтижесінде, балам оларға 15 000 теңге беру керек болған. Мафияның атаманы осы сенбіде ақша болмаса, атып өліремін деген»,-дейді Ерсұлтанның анасы.





9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мейрамбек. 13 Ақпан, 2018, 16:41

    Өкінішке орай көп жерде бар. Және кейбір жас балала осындай жағдайда мүсәпір болып өседі. Бұл үрдісті өзгертпече болмайды. Өз бауырларын жауындай көреді. Тәрбиенің кесірі. Мектептің бұл жағдайды шеше алмайтыныда бар.

    Жауап жазу
  2. шүкір 13 Ақпан, 2018, 17:31

    кей мектепте әр сыныпта қыз немесе ұлдардан шыққан атаман деген бәле бар дейді, олар жаңадан келген немесе әлсіз қараусыз балаларға мүиіздерін көрсетіп ұрып соғу,бопсалау сыйақты желкесі қыйылғыр жексұрын әрекеттермен қарсы алатын көрінеді.
    мектеп өміріндегі оқушылар арасындағы көп келеңсіздік осындай өркеуде көрсоқырлықтан туындап жатады. мұны мектептер қатаң қадағалап ешкімді ешкім басынуға болмайтын тәрбие жүргізіп жақсы орта жаратуға шексіз міндетті…мектеп саналы сапалы адам жетілдіруге міндетті. жуан жұдырық зорекерлер керек емес,ол болашақ қоғамның соры. ендеше бала тәрбиесін мықты ұстау керек.

    Жауап жазу
  3. Мағжан 13 Ақпан, 2018, 18:11

    Сарапшылар не дер екен?

    Жауап жазу
  4. максат 13 Ақпан, 2018, 18:53

    осындай жагдайлардын алдын алса жаксы болар еди

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018, 21:38

    Мектептерде осындай жағдайлардың орын алмауы үшін арнайы маман керек.

    Жауап жазу
  6. Жадыра 13 Ақпан, 2018, 23:14

    Əуелі мектепке жасөспірімдерге қарацтын Инспектор емес,мұғалімдерге қарайтын,солардын жұмысын тергейтін инспектор керек болар! Себебі кəзіргі заманнын мұғалімдеріне бəрібір балдарңа не болып жатқанын,Мұғалім деген психолог болу керек балдар мен оқушылармен тіл табысып сырласатын,сол балдардын сеніміне жететін,көп бала ата-аналарымен сырласалмайды,болып жатырған жағдайды айтаомайды əр түрлі себептермен! Ақша жинау дегенбі доғару керек! Əлі күнге шейін ақша жиналыр келеді!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 09:33

      Қалай-қалай жазасыз? Өзіңіз қандай ұстаздан дәріс алғансыз?
      қазіргі ұстаз үйіндегі балаларынан көрі мектептегі балаларын көп ойлайды. Мұғалімнің жарты күні оқушыларымен бірге өтеді. Сіздің жазғаныңыз ақылға сыйымсыз екен!

      Жауап жазу
    • Майра 16 Ақпан, 2018, 20:30

      Өте дұрыс айтасыз, мұғалімге екі айналып барсаң балаңды басқа сыныпқа ауыстырып жібер деп шығады.

      Жауап жазу
  7. Рустем 13 Ақпан, 2018, 23:49

    Қазіргі балалар өте әлсіз!Кезінде барлығымыз осындайдан өттік ғой.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*