"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Жас ақын Сара Назарбаеваны бар қазақтың анасына теңеді

Жас ақын Балтабек НҰРҒАЛИЕВ Қазақстанның бірінші ханымы Сара НАЗАРБАЕВАҒА арнап өлең жазды. Бүгін Сара Алпысқызының туған күні. Соған орай ақын жырдан шашу шашып, Facebook.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына өз туындысын жариялаған, – деп хабарлайды ratel.kz.

Керемет пайымыңыз – дара пайым,
Керемет пайымыңыз – дана пайым.
Туған күн құтты болсын деймін Сізге,
Анасы бар қазақтың – Сара Апайым!

Өлең осылай басталып Сара Алпысқызының жас кезінде инабатты келін болғандығыда айтылады.

Ұғынып Әлжан Әже өсиетін,
Ұғынып Әбіш Баба өсиетін.
Келін боп, көргенділік көрсеттіңіз,
Сіңіріп Тектіліктің қасиетін!!!

Сонымен қатар, Сара Алпысқызының «Бөбек қорындағы» жұмысыда жырға арқау болған.

Апатай, жүзіңізде – иманыңыз,
Көбіне кемел өмір сыйладыңыз.
Жазылсын сауап болып мәңгілікке,
Көз жасын жетімдердің тыйғаныңыз.

Автор енді бір шумақтарында тілектерін де білдіріп, өлеңіндегі алғашқы жолдағы ойын түрленте түседі.

Болмайды ешкімнің де бір таласы,
Шынайы шабытымның шырқамасы.
Ардақты, асыл тұлға – Сара Апайым –
ӨЗІҢІЗ – ЕЛ АНАСЫ, ҰЛТ АНАСЫ!

Еске сала кетейік, Балтабек Нұрғалиевтің бір сұхбатында  «Бізді Назарбаевтар династиясы ғана билеу керек» деген еді. Аталмыш сұхбаттан үзінді «Қазақ үні» ұлттық порталында жарияланып, оқырмандар тарапынан сынға ұшыраған болатын.





29 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 20:14

    Одайтта

    Жауап жазу
  2. Қанат. Жезқазған. 12 Ақпан, 2018, 20:19

    Ойб-бо-ой!

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 20:32

    сірә жағымпаздықтың шыңырау шегі осы болар

    Жауап жазу
    • Аділдік 14 Ақпан, 2018, 11:29

      Апогейіне жетті.енді төмен құлдырайды.Бала кезде садақты атып шыңырау кетеді,сосын біраз тұрадыда төмен құлдыраушы еді.басымвзға түспесін деп қашушы едік.Сол сияқты мына мақтау жағымпаздық шыңына жеткен болар..

      Жауап жазу
  4. Құпия 12 Ақпан, 2018, 20:39

    Жəдігөй жалпылдақ сарай ақыны.Осындайлар бір күні сатып кетпесін.

    Жауап жазу
  5. Қазақ 12 Ақпан, 2018, 20:55

    Ооо.. табан жалағыш сорлы,кімсің сен жалпақ жұрттың атынан сөйлеп,қайдағы бір қатынды ұлт анасына теңейтін? Жаласаң өз атыңнан жала есалаң.

    Жауап жазу
  6. Ораз 12 Ақпан, 2018, 20:59

    жас ақын мас ақын. Бос ақын

    Жауап жазу
  7. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 12 Ақпан, 2018, 21:47

    Бар ҚАЗАҚТЫҢ атынан сөйлегені дұрыс болмады. Бұл балаға ақыл, жөн айтар ақын ағалары қайда екен. Қазақ үні, бұл ақынның шығармасын не үшін жариялап отырсыздар?

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 22:35

    Осиндаи адамдар бар енди.не деисин

    Жауап жазу
  9. ақтау марат 12 Ақпан, 2018, 23:50

    ХА-ХА-ХА БҰЛ ӘЛІ АЛДЫ ЕРТЕҢ ТҮГЕЛ ҚАЗАҚТЫҢ 7 ЖАСТАН 70 ЖАСҚА ДЕИІНГІ ШАЛДАРЫ ЖАТАРДА ЕЙ САРА АПАМ ӨЗІҢ ЖАР БОЛ ДЕП ЖАТАРДА ТІЛЕК ТІЛЕП ЖҮРМЕСІН ЖАЙЛАП ӘЛІ ОЛДА БОЛАТЫН СИЯҚТЫ ДАЙЫН БОЛА БЕРІҢДЕР АҒАЙЫНДАР СОСЫН ҚҰЛДЫҚ САНАҒА АЙНАЛЫП ЖОҚ БОЛЫП БІТЕСІҢДЕР ЕСТЕРІҢДІ ЖЫЙМАСАҢДАР ҚАЗАҚТАР

    Жауап жазу
    • Зергер 13 Ақпан, 2018, 03:01

      Ит-үреді,Керуен -көшеді.Коғамда болатын жәйт.Мән бермең.Шәуілдеп шәуілдеп қояды.

      Жауап жазу
  10. Зергер 13 Ақпан, 2018, 03:04

    Сайра сарай бұлбұлы.

    Жауап жазу
  11. казакулы 13 Ақпан, 2018, 10:14

    кайтсинай сорлы….патша олсе булда олермекен..аман болсак буны сол кезде коремиз калай калай сайрайтынын

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018, 15:07

    Бүкіл отбасы əсіресе қыздары мен күйеу балалары туралы керемет туындылар шығару керек қой! Жастарға үлгі болсын!

    Жауап жазу
  13. камкоршы 13 Ақпан, 2018, 15:29

    жас акын екен өсетин халык берипти багасын енди патшамыз кандай сый -сияпат берер екен акынга

    Жауап жазу
  14. Қара қазақ 14 Ақпан, 2018, 08:47

    Квартира дəметкен шығар бəлкім

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 09:11

    Саранын АНА екены раской, чё вы разбээкались. Долбаные писаки.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 23:20

      Слава украйне героям слава. Кто не скачет тот москаль. Москалей на ножи

      Жауап жазу
  16. Бөрте 14 Ақпан, 2018, 15:38

    Не ғо, жер анадан кейінге анамыз болса, жерді сатқанша осы кісіні неғылмады ма жер сатқыштар? Шамалы болса да шығын өтелер еді.

    Жауап жазу
  17. Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 23:19

    Слава украйне героям слава. Кто не скачет тот москаль. Москалей на ножи

    Жауап жазу
  18. Қазақ 15 Ақпан, 2018, 21:23

    Тебя на ножи

    Жауап жазу
  19. Аша Матай 15 Ақпан, 2018, 21:31

    Балтабек НҰРҒАЛИЕВ Сара апайымызға шын жүрек өлең арнап шығарған! Оның несі жағымпаздық! Өте дұрыс!

    Жауап жазу
  20. адил 16 Ақпан, 2018, 00:33

    ОСЫНЫҢ ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС

    Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 16 Ақпан, 2018, 22:53

    Айтқан сөзі Ашаның,
    Ызыңындай масаның…

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*