Назарбаев ұшақ апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты

[caption id="attachment_81367" align="aligncenter" width="640"] РИА Новости[/caption]

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.