"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Өскеменде қазақша көшелердің аздығын жазған тілшіні орыс басшысы қудалап жатыр – БАҚ

Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде шу шықты. Өңірге танымал журналист Мұратхан Кенжеханұлының «Өскемен қашан рухани жаңғырады» деген мақаласынан кейін оның соңына басшысы шам алып түскен көрінеді. Ақыры сөгіс беріп тыныпты. Бұл туралы журналистің өзі Facebook әлеуметтік желісіне жазды, – деп хабарлайды sn.kz.

Аталмыш мақала «Қазақ үні» ұлттық порталында «Өскемендегі 706 көшенің 12 пайызығы ғана қазақша» деген атаумен жарық көріп, үлкен резонанс тудырған болатын.

М.Кенжеханұлының айтуынша, Ирина Якунина есімді басшысына оның ұлттық рух жайында мақала жазғаны, жазып қана қоймай оны облыстық газетке жариялағаны жақпай қалған көрінеді.

«Шығыстағы мүйізі қарағайдай қаламгерлер осы мақалам үшін оң бағасын беріп, ұялы байланысқа шыққанда қуанып едім, қуанышым көпке созылмады. Қаңтардың 18 күнгі нөмірге шыққан сол жазбам басыма пәле болып жабысты. Оқырмандарға ұнаған дүние, басшымызға ұнамай жатыр. Ирина Якунина деген «Шығыс-Ақпарат» ЖШС-нің директоры осы мақаладан кейін ізіме шам алып түсті. Мақаланы анда апарып, мұнда апарып саралатты, ішінен кемшілік іздеді. «Ақыры ешкімнен пікір келтірмегенсің» деп шүйлікті. Мен Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен алғызған, қала әкімі орынбасарының қолы қойылған жазбаша жауабымды көрсетсем, «бұл ономастиканың басшысы емес» деп теріс қарады. Түсініктеме жазудан мен де бас тарттым. Ұлттық рух жайында жазған дүнием мемлекеттік тілді білмейтін басшыға ұнамағанына күйіндім. Біраз әріптестерім араға түсті, бірақ, қолында билігі бар кісі күштірек болады екен. Бүгін осы мақалам үшін сөгіс беріп тынды», – дейді танымал журналист.

Мұратхан Кенжеханұлы қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қынжылдым дейді. Қазақтың жерінде отырып, ұлтымыздың рухани құндылықтары туралы жазғаны үшін қудаланған журналист енді сотқа жүгінгісі келеді.

Орыстілді басшы былай тұрсын, аталған мақаланы әлеуметтік желіге орналастырған кезде Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасының басшылары да тіс көрсетіпті. Араға адам салып жүріп мақаланы ақыры өшіртіп тастаған. Енді артынша Якунина тісімен қоса тырнағын да батырып отқан көрінеді.

Қазір Мұратхан Кенжеханұлының осы жазбасынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Өскеменде мұндай «былықтың» бұрыннан бар екенін жаза бастады. Мәселен, Мейіржан Темірбек есімді азамат: «Бұл өтірік емес. Тіпті желтоқсанда құрбан болған қызымыздың Өскемен педагогикалық колледжінің бір бұрышына орнатылған 60х20 тасын да артық көріп алып тастады. «Дивандар мен жиғандардың» атынан аяғыңды алып жүре алмайсың. Ондай сынды көтере алмайтын, шындық ішіне жақпайтын баспахананың баспаларына жазылудан бас тарту керек», – деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Ал, өскемендік Әділ Қаратай болса «Шығыс-Ақпараттағы» басқа да жағдайларды тізіп берді.

«Елім дейтін ерлер бар арамызда. Басталған шу аяқсыз қалмауы тиіс. Мұратханның көтерген мәселесі бір басына ғана емес, ұлтқа қатысты. Ал соңғы жылы Шығыс Ақпараттың шаңырағы шайқалғанын сырт көз мен де байқадым. Тізейін: Бұрыннан алаңсыз қызмет етіп жүрген фототілші Ғылымбек Сабитов жұмыстан кетті. Орнынан Иванов па, Франчук пе біреу келді. «Құдай» бір айналдырғанды шыр айналдырды ма білмедім. Айдың күннің аманында Есімхан ағамыздан айырылып қалдық. Естуімше тағы біраз қаракөздер жұмыстан шығарылған көрінеді. Шығыстағы қаймағы бұзылмаған, ұлт мүддесі үшін қызмет қылатын қаламгерлерге шүйліккен «аспанкөзді» басшының бұл тірлігіне көз жұмып қарамайық. «Қолдаймыз» деп экранның бер жағында отыра бергеніміз жарамас, жиналып редакцияға барып тұрып қолдау көрсетейік. Қазақ тілін білетін басшы керектігін талап етейік. Халықтың жыртысын жыртып жүрген журналистерге қолдау сырттан керек», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, кейбір желі қолданушылары аталған басылым басшыларын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына қасақана кедергі келтіріп отыр дейді.

Дереккөз: sn.kz

Түпнұсқадағы тақырып: Өскеменді рухани жаңғыртқысы келген тілшіні орыстілді басшысы қудалап жатыр





57 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Құттыгул Шардара. 9 Ақпан, 2018, 15:36

    Көп болып жұмылып, бұл жағдайға заң шеңберінде тойтарыс берілуі керек!; Бұға берсен сұға береді; деген бар емес пе?!

    Жауап жазу
    • Жамал 10 Ақпан, 2018, 14:06

      Дұрыс айтасыз, өз жерімізде қашанғы өгейдің күнін кешпекпіз

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 20:33

      Қазақ өз жерінде ,жетім баланың күйін.кешуде бұл деген сұмдыққой
      Қазақ емес орыс деген нағыз ұлтшылдар.

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 15:53

    Заңды түрде шешу керек. Жазушының құқығы бұзылмау керек.

    Жауап жазу
    • Ержан 9 Ақпан, 2018, 16:54

      Жаман үйді қонағы билейді деген осы ұлтшыл азаматтар қайда қарап отыр

      Жауап жазу
      • Қанипа 11 Ақпан, 2018, 22:44

        Қонақ болса бір сəрі. Бастығымыз, төбемізден төнген тажалымыз болып басынып тұр ғой!

        Жауап жазу
  3. Меңсұлу 9 Ақпан, 2018, 15:55

    Бұл не деген басқындық? Бұндай ға жол бермеу керек.

    Жауап жазу
  4. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 9 Ақпан, 2018, 15:59

    Өз қазақ Жерінде қазақша көшелердің аздығын жазған қазақ тілшіні қудалау дұрыс емес қой, бұқаралық ақпараттың құралдарының бірі болып табылатын газеттерге сұранып тұрған, елге ой салар аясында мақалалар басылмаса, онда ондай газеттер керек пе, құны бола ма? Газет – халықтың ойы, көзі, құлағы мен тілі екенін ұмытпау керек, сондықтан Мұратханға қолдау білдіремін.

    Жауап жазу
  5. Ереке 9 Ақпан, 2018, 16:38

    Басшысын орнынан алып қазақты отырғызу қерек басынған несі қазақтың суын ішіп ен масқа бұл!!!

    Жауап жазу
  6. Дүйсеке, Жезқазған 9 Ақпан, 2018, 18:20

    Дұрыс, сотқа беріңіз. Шешімі міндетті түрде жариялансын БАҚ-да.

    Жауап жазу
  7. Еділ -жайық 9 Ақпан, 2018, 18:28

    Момын қазағым ай ..

    Жауап жазу
  8. Қалеке 9 Ақпан, 2018, 19:03

    Өскеменнің әңгімесі көп…бұл жерде бірнеше бағытта сабырмен жұмыс жүргізілуі керек еді, өткен 25 жылда, көп болып қолға алып, жоғарғы жақтан қолдау көкөрсетілсе әлі де кеш емес, әйтпесе бір екі журналистің мақаласы не болсын…

    Жауап жазу
  9. 12345 9 Ақпан, 2018, 19:18

    Бұ жерде сотпен ештеңе өнбейді.жəне біз қазақ тілі деп шырылдап жүргендер-қай қайсымыз болса да мəңгүрт пен «аспан түсті «көздердің тілдеріне қарсы болып Ана тілімізді қорғап бозторғайдай шырылдап жүрсек те ештеңе шықпайды ау деп бүгін қатты қауіптендім.сондай жағдайға бүгін бетпе-бет келдім, қазақша талап еткеніме мəңгүрт жігіт тағы сол заңды алдыма тартып өзімді дура мамбетка деп тілдеп тастады.оныың тілдегеніне де емес айналадағы адамдардың бойкүйездігіне немқұрайлылығына мізбақпайтындарына тіпті жақтап бір ауыз сөз айтпай өзіңді жынды көріп далаға шығып ұрысыңдар деп ұлы тілде айтулары бəрі осындай ойға келтірді.бас эшелон дұрыс тілді қалыптастырмай бəрі бос дүние екеніне көзің жетеді екен де бір елсіз жерге барып қатты айқайлағың да келеді екен.қайтеміз осындай тілдік орта қалыптастырып екі тілдік ортаны қырылыстырып отырған үкімет қана кінəлі.

    Жауап жазу
    • Аноним 9 Ақпан, 2018, 19:32

      Орынды айтылған ой. Естір құлақ болса

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 17:01

      Жергілікті əкімдіктегілердің немқұрайлығы бұл. Облыс əкімі бір газеттің редакторының аузвн жабуға шамасы келетін шығар. Өзімізді өзіміз қолдамаймыз, көккөздер неғылсын сосын…

      Жауап жазу
  10. тасқын жұмақан ұлы 9 Ақпан, 2018, 20:32

    қазақстанда тұрып қазақтың құқығы тапталады. недеген аянышты һәл, осылай езіліп жүреміз бе? халқым елім! өре түрегелетін өр мінезіміз қаида ағаиын? серпілеиік!

    Жауап жазу
  11. Бек 9 Ақпан, 2018, 21:43

    Өз елңде жүріп қорлық көргеннен жаманы жоқ. Біз сорлы ұлт болып барамыз. Өкімет оңбайды.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 23:12

    Даниал Ахметовы кайда карап отыр,алде олда казакша бiлмейме.
    Ундесе коркатын коркактарга толып кеткен.

    Жауап жазу
  13. Мұстафа Ыбырайхан 9 Ақпан, 2018, 23:53

    Топас шовинистерді құтыртып қойғасын не істей алады қазақ.Артын күтуден өзге амал жоқ.Бір жақсылық боларын сезеді ішім .

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 00:24

    Бұл əйелдікі дұрыс емес.бір жағдай болса су тасыса не сел болса бүкіл облыстардағы қазақтар көмектеседі (былтыр көрдік)сондай кезде қазақ керек бола қалады ал тілі керек жоқ бола қалады,екіжүзділік пен оңбағандық..сондай кезде көмек керек ал тіл туралы айтса басқа т….ды.

    Жауап жазу
  15. Нақ 10 Ақпан, 2018, 01:38

    Заң өзгермей бәрі бос сөз

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 11:11

      бул жерде Казах мемлекетi,бip тутас казах халкы деп аталуы керек.
      кiм корiнгеннiн атын атап,тусiн тустемей.
      Мелекеттiк тiлi бар,бip тутас кауым ел.

      Жауап жазу
  16. Бақытбек 10 Ақпан, 2018, 10:08

    «Шығыс-ақпарат»ЖШС-мемлекеттік кәсіпорын, оның басшылығына неге мемлекеттік тіл білмейтін адам тағайындалады. Оны кім тағайындады. Нағыз рухани жаңғыру осыдан басталу керек қой. Масқара!!!

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 10:32

      Екi колга бip курек таппай,сенделiп журген окыганы бар,окитын-окымаганы бар,жастарымызды уймен,жумыспен камтамасыз етiп,колдау корсетсе,казагымыздын жастары барады.
      кайдагы бip кангыгандарды жарылкамай,халыкка,жастарга бет буратын мезгiл жеткен жокпа?!.

      Жауап жазу
  17. Мәке 10 Ақпан, 2018, 10:43

    тыныштық..тұрақтылық… деп қазақ қана үндемеуі керек пе, елімізде тұрып жатқан басқа ұлттар ше…ол қатынды құтыртпау керек..

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 10:59

      ия,десеншi,бул дуйiм казактын аузын буып,толерант дейме,ур токпак кылып алган, оз казагынын гана аузын жабуга шамалары жетiп.
      горбач келген кезде плюрализм дейме,бipдемелердi шаптап алганы сиякты.

      Жауап жазу
  18. Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 10:59

    ия,десеншi,бул дуйiм казактын аузын буып,толерант дейме,ур токпак кылып алган, оз казагынын гана аузын жабуга шамалары жетiп.
    горбач келген кезде плюрализм дейме,бipдемелердi шаптап алганы сиякты.

    Жауап жазу
  19. НУРЛАН 10 Ақпан, 2018, 11:02

    Эии көкелер қайда қарап отырсңдар? Ештен кеш жаман бұл масқарағои, қасқырды қанша бақсаңда орманға қарай улиді соны ұмытпаңдар. Өзімізге берік болмасқа бізге ешкім берік болмайды Қазағым.

    Жауап жазу
  20. Ерғали 10 Ақпан, 2018, 11:13

    Назекең айтыма істеу керек! Рухани жаңарту дегенсоң болды ғой. Өзбектерден үиреніңдер рухани жаңарту қандай екенін, Орыс атауларын түбімен жоқ қылып тастаған марқұм Каримов мырза ол қауіпті сезген.

    Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 11:35

    Көшелер қазақ атауларына ие болуы қажет. -ск, -ка , ов деген сияқты суффикстерден айырылып.

    Жауап жазу
  22. Айбек Кіші жүз ұрпағы 10 Ақпан, 2018, 12:24

    Бұларды тек іштей ірітіп қана құрту керек бір біріне айдап салып.Тіпті болмаса Ресейге көшкен Орыстарды жергілікті орыстар күн бермей үйлерін өртеп күн көрсетпей жатады.Дəл солай иттерін шығарса тамырымен жер аударылып қашады.Кавказда орыстар қалай қашса солай көттерінайыру керек.Бұндай іріткіні бастар алдын Наймандарға айтар кеңесім тупильникті қатты қосып өз ара ғана ұйымшылдықты таныту керек.Енді қалғаны Орыс үріп тұрсын анассс…
    Наймандықтарыңды көрсетіңдер.Бізді қанша жықсада өлтіріседе Қазақ азат атына саймыз тіпті өліп кетейік Кіші жүздер жерін ешкімге билетпейді

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 11 Ақпан, 2018, 18:54

      Букыл АРГЫН НАЙМАН журтына ундеу, АТА КОНЫС туган елге кайтайык, проценттык басымдылыкка озымыз ак ие боламыз.

      Жауап жазу
  23. утегул 10 Ақпан, 2018, 15:12

    казакша атауларды кобейту керек сонда барй орнына келеди корыкпау керек айту жазу керек

    Жауап жазу
  24. Ерген 10 Ақпан, 2018, 20:33

    Казакстанда тургасын казакы атымыз га саи болу керек гои недеген маскара ондаи башылар жумыстан ку керек казактарды мазак кылмау керек аттка мунер азамат агаларымыз каида депутаттар каида карап отыр

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 11 Ақпан, 2018, 16:25

      Тура биде туган жок, туганды биде иман жок. Экиматтагы отырган шеи саясат болиминин басшысы не битирип отыр, отандык тил казах тили екендигин моиындаима екен ози, болмаса ас ишип аяк босатар биреугой , кай кезденде казах халкы осы озге халыктардын басына кара кун туганда кушагын кенашып оз баласынын аузындагы жарты нарды болип Берген казагымды бугинде сол адамдардын урпактары емеспе осы арамызда Осип онип енди минекеи тамагынды ишейн табагына тышайын деген осы шыгар Жалпы айналып келгенде озимиздеде кемшиликтер баршылык он казах турсах ортамыздагы турган бит орыска бола баримиз билеик билмеик орсша мынгырлайтынымызга нежорык, эуели оз басымызды улттык санамызды жондеуимиз кажется.сабыр туби сар алтын туби муратка жетенимиз анык

      Жауап жазу
  25. Майра 10 Ақпан, 2018, 23:44

    Оскеменде ауылдардын аты бари орысша Глубоковский ауданында, енди олар кутырмаганда ким кутырады, басшысы неге баска улт окили казак болу керек, али коккоздер билеп отыр Казакстанды. Акими кайда карап отыр, не бассыздык бул?

    Жауап жазу
    • Солай сияқты 11 Ақпан, 2018, 03:54

      Федарация тараганда аламыз нағыз тәуелсіздікті енді

      Жауап жазу
      • қамбар 11 Ақпан, 2018, 07:37

        Ел басқарып отырған адамдардың көзі көрмей ме сонда,елде не болып жатқанын білмесе,заңды аяқ асты таптатса,мемлекеттік тілімізді қорласа,сонда не бітіріп отырмыз.Балық басынан шіриді.

        Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 10:01

        Сазайынды, федерация тараганда кытай мен акш тарткызады.

        Жауап жазу
  26. тоқболат 11 Ақпан, 2018, 13:24

    Осындай кезде бұғып қалмай ел болып еңсе көтеріп,азаматымызға араша түсіп ағайын.

    Жауап жазу
  27. тоқболат 11 Ақпан, 2018, 13:25

    Осындай кезде бұғып қалмай ел болып еңсе көтеріп,азаматымызға араша түсейік ағайын.

    Жауап жазу
  28. Қолқоюсыз 11 Ақпан, 2018, 17:51

    Басшылардын катындары бари орыс сондыктан орыс тилин коргап казак тилин кемиткен басшыларга байланысты.

    Жауап жазу
  29. Кіші жүз, Адай, Жаңаөзен 11 Ақпан, 2018, 19:53

    Батыспен, оңтүстік қазақтарын тек солтүстікке емес, шығысқада көшіру керек. Облыс орталығы Өскеменге

    Жауап жазу
  30. Серік 11 Ақпан, 2018, 22:56

    Нұржан кеткелі шығыс ақпараттан шырай кетті ау Ғылымбектен соң кезек Мұратхандікі шығар. Келесі кім жігіттер

    Жауап жазу
  31. Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 10:29

    Не сендер халайык, тылге отырык жыланкы болып отырсындар, офшордагы мынбаевтарга неге жылап шуйлыкпейсындер.
    Дымдамай дымдарынды калдырмай, сыпырып жургой алы сыгарга битын калмайды, сол кезде де Оскеменге кошемыз казакша сойлеймыз деп журесындерме ол жакка кошу ушын ондырыстык техника тылын былу керек техника тылы олекалсанда орыс тылынде, Оскеменге мал коранын кажеты жок . Оскемендегы мал кора мына быздын казак Мемлекетыне де керек емес. Казакша сойлегын келсе Ана тылымыз техника тылын уршыкша уйыретын дарежеде болуы керек.
    Ал ол КЫЛТИМАГА ТУРЫП САРЫ КИСЫК жеу емес. Казакшыл болсандар осы сиякты казак тылынын елынын уры жауларымен айкасындар, * пАТРИОТТАР * . …

    Жауап жазу
  32. Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 10:30

    Сазайынды, федерация тараганда кытай мен акш тарткызады.

    Жауап жазу
  33. Ш.З.Д. 12 Ақпан, 2018, 10:49

    Шығыс-Ақпараттың басшысы етіп орыс келіншекті облыс әкімі Ахметов тағайындаған. Ахметовты әкім етіп Назарбаев тағайындады. Орыс келіншектің кімге сүйеніп отырғанын енді түсіндіңдер ме? Қазаққа! Нағыз масқара осы.

    Жауап жазу
  34. Назар 12 Ақпан, 2018, 13:25

    Бұл облыс әкімінің атқарып отырған ісінің нәтижесі ғой. Ш.З.Д дұрыс айтады.

    Жауап жазу
  35. Бану 12 Ақпан, 2018, 16:56

    мынандай жарық көрген проблема сол күйінде шешілмей қалмау керек!
    Өскеменді қазақыландыруды қол алу керек!!!

    Жауап жазу
  36. Руза 12 Ақпан, 2018, 22:59

    Масқарасын! сотқа берсеңіздер, мен де қолдауға барып қалармын. ертең ішкі саясатына збандайын….

    Жауап жазу
  37. Елден 13 Ақпан, 2018, 09:38

    Дұрыс пікірі үшін қудалау барып тұрған әділетсіздік. Әкімшілік ай қарап отыр ма? Ау айдың күнің аманында бұл барып тұрған бассыздық!

    Жауап жазу
  38. Қолқоюсыз 14 Ақпан, 2018, 11:00

    Бұл жерде үнсіз қалуға болмайды қазақ бауырлар,қолдау көрсету керек. Сөгіс беретиндей не жасап койыпты. Айтса шындық айтылды. Қашанғы бұға береміз.

    Жауап жазу
  39. Ш.З.Д. 16 Ақпан, 2018, 11:51

    Бұл арада Якунина ешқандай ұлтшылдық мінез көрсетіп отырған жоқ. Былай түсінуге болатын сияқты:
    Журналист қаланың келбеті рухани жаңғыратын түрі көрінбейді деп сынады. Ал бұл сын тікелей облыс әкіміне тиіп тұр. Яғни, облыс әкімі рухани жаңғыру бойынша түк істеп жатқан жоқ деген түсінік туып тұр. Ал өз кезегінде облыс әкімі ондай мақаланы неге жарияладың деп өзі басшылыққа тағайындаған Якунинаға шүйліккен. Якунина амал жоқ журналистке тиіскен. Бар болғаны осы. Әйтпесе ұлтшыл болу ол әйелге түсіп қалып па! Әрі облыстық газет облыстық әкімдіктің газеті ғой.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 16 Ақпан, 2018, 12:40

      Е,сол маселеден кейiн шыгар,анау алгi алыс-жакын шет елдiк артic пе,баска ма,жиып-терiп акелiп,жиын-той,рухани жангыртуды бастап кеткенi.

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*