Серік АҰҚСҰҢҚАРҰЛЫ: Түбіме сен жетіп жүрмеші, біреудің әйелі...

Біреудің әйелі... Көзінде нұр тұнып, Тұрады құлпырып, Жүреді құлпырып!
Соларды көргелі көңілде хошым жоқ: Фейсбукте тұрады "досың" боп! Өтірік! Ойнайды еркекпен ол әлі, Әлемді әлеуметтік желімен шолады! Дос деген болмайды сұлуда, Болса- тек күйеуі болады... Дидары- Күн, Ай-өңі- Біреудің әйелі! Құдай-ау, не деген әдемі! Қашан бұл бітеді, о, сұмдық, Әдемі әйелдің әлегі?!. Көзінде нұр тұнып, Тұрады құлпырып, Жүреді құлпырып! Мен түгіл, қарайды, Дүние ішінен бір тынып... Ұмтылып!.. Әйеліңнен де-әдемі! Дидары- Күн, Ай-өңі! Бір күні түбіме сен жетіп жүрмеші, Біреудің әйелі... Серік Ақсұңқарұлы