"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Серік АҰҚСҰҢҚАРҰЛЫ: Түбіме сен жетіп жүрмеші, біреудің әйелі…

Біреудің әйелі…
Көзінде нұр тұнып,
Тұрады құлпырып,
Жүреді құлпырып!

Соларды көргелі көңілде хошым жоқ:
Фейсбукте тұрады «досың» боп!
Өтірік!
Ойнайды еркекпен ол әлі,
Әлемді әлеуметтік желімен шолады!
Дос деген болмайды сұлуда,
Болса– тек күйеуі болады…

Дидары– Күн,
Ай–өңі–
Біреудің әйелі!
Құдай-ау, не деген әдемі!
Қашан бұл бітеді, о, сұмдық,
Әдемі әйелдің әлегі?!.

Көзінде нұр тұнып,
Тұрады құлпырып,
Жүреді құлпырып!
Мен түгіл, қарайды,
Дүние ішінен бір тынып…
Ұмтылып!..

Әйеліңнен де–әдемі!
Дидары– Күн,
Ай–өңі!
Бір күні түбіме сен жетіп жүрмеші,
Біреудің әйелі…

Серік Ақсұңқарұлы





15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айназия 8 Ақпан, 2018, 17:51

    Күшті екен!!!

    Жауап жазу
  2. Құттыгүл Шарба 8 Ақпан, 2018, 20:47

    Керемет! Недегенәдемі,теңеулер! Пәлі! Әрқашан шығармашылық табыс тілеймін.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 8 Ақпан, 2018, 21:02

    Бipeyдiкi бipeyге кыздай корiнер деген.

    Жауап жазу
  4. шал 8 Ақпан, 2018, 21:49

    біреудің қаңсығы біреуге таңсық . жетіскен екенсің !

    Жауап жазу
  5. Ардақ 8 Ақпан, 2018, 23:54

    Өз жұбайы бола тұрып,реңі тəуір еркек көрсе қылмыңдап,майысып,көзін сүзіп қырық құбылатын балалы-шағалы əйелдерді көргенде сұмдық жиреніш сезімі туындайды.Бүкіл əлем сайқал көрінеді ондайда.Сөйте тұрып ері жоқ біздейлерді сан-саққа жүгіртіп өсек қылатынын қайтерсің.Мына алдамшы дүниенің бетіне былш еткізіп түкіргің келеді сол сəтте.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 08:39

      Онын беты адамнын озыгой, ягни сенын озынсын, оз бетыне озын тукыре алмайсын . Мен Ардак саган образды турде айттым. …

      Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 04:58

    иә, шал дұрыс айтасың. біреудің қаншығы біреуге таңсық. мынау кіммен әуейі болып жүр, мақтаған қышың мынау

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 07:51

    Ол – акын журектiн конiл перделерiнен сыр шерткенi!
    Табиги адемiлiктi коре бiлуi.
    Казiргi кыз-келiншек,айелдерде барi жасанды,табигатынан сулу жаратылган
    куралай коз,кигаш кас,кыпша бел,аршын тос,сумбiл шаш,сурша кыздарды айтканы да,аталарымыз жырлап откен.

    Жауап жазу
  8. Нурик 9 Ақпан, 2018, 09:26

    Біреудің әйеліне қарап өлең жазып жүргенде, өз әйеліне біреу қарап жүрген шығар))))))))

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 11:45

    Ей Казактар мынау, С ЕСЕНИН жане МАГЖАНгой буларын не сендердын ? Ай казактар ай.

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018, 22:59

    Керемет !

    Жауап жазу
  11. Ш.З.Д. 12 Ақпан, 2018, 10:38

    Жастарды азғындыққа үндейтін әстрада әндерінің небір салдақы мәтіндерінен құтыла алмай жүргенде енді ақындар шықты. Өзгенің әйеліне көз салып, ойнас болыңдар дегенге шақыратын бұл өлеңді неменеге жетісіп жариялар отырсыңдар!, Қазақ үні?
    Серік Ақсұңқарұлы, біреудің әйеліне көз салып, нәпсіні ойнату, көңілдес болуға үндеу сипатындағы мынау жазғаныңыз адамдарды азғындыққа шақыру. Оданша Отанды сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеге үрандайтын ұлағатты өлең неге жазбайсыз?
    Онсызда жаң-жағымызды ұятсыздық пен жәлептік жайлап бара жатқанда енді арлы ой айтар ақындар осындай былжырақ жазса жетіскен екенбіз.

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018, 21:10

    Осы ақын деген халық, оттай береді екен-ау.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*