Атбасарда кәріз құбырынан 1 айлық сәбидің мәйіті табылды

Ақмола облысында Атбасар қаласында канализациялық құдықтан сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстанға" аудандық әкімшілігінен хабарлаған.

"Сәбидің денесін сәрсенбіде "Атбасар су" қызметкері құдықты жабатын тетікті тексеру кезінде тапқан", - деп жазады агенттік.

Мәлімет берушінің айтуынша, қыз баланың үстінде күртеше, жаялық және комбинезон болған. Баланың жасы - шамамен 1-3 ай. Салмағы - 5 келі.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ауданда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, олар жергілікті аурухананы тексеріп, соңғы айларда босанған барлық әйелді анықтауда.