"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Атбасарда кәріз құбырынан 1 айлық сәбидің мәйіті табылды

Ақмола облысында Атбасар қаласында канализациялық құдықтан сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстанға» аудандық әкімшілігінен хабарлаған.

«Сәбидің денесін сәрсенбіде «Атбасар су» қызметкері құдықты жабатын тетікті тексеру кезінде тапқан», – деп жазады агенттік.

Мәлімет берушінің айтуынша, қыз баланың үстінде күртеше, жаялық және комбинезон болған. Баланың жасы – шамамен 1-3 ай. Салмағы – 5 келі.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ауданда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, олар жергілікті аурухананы тексеріп, соңғы айларда босанған барлық әйелді анықтауда.





1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Түңілген(биліктен) 11 Ақпан, 2018, 15:01

    Азғын басқарған елде сәбилер кезкелген жерден табыла береді.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*