"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Әуезов театрының директорына қатысты сот үкімі шықты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматының Алмалы аудандық сотында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шығарылды.

«Сот Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарады», – деп оқыды үкімді судья

Сондай-ақ, сот Біләлді мемлекеттік қызметтерге орналасу құқығынан өмір бойына айырды. Мұнымен қатар, судья сотталушының «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағынан айыру туралы ұсыныс жолданатынын мәлімдеді.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 2-бөлігі «Пара алуға оқталу» бойынша айып тағылды. Сотқа дейінгі тергеу органының мәліметі бойынша, Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының президенті Қайрат Баяновтан Әуезов театрының қабырғасында жаңажылдық қойылымдар қою үшін 1,5 миллион теңге пара алмақ болған. Сотта судья Қуаныш Әріпов төрелік етті. Мұның алдында Ерлан Біләл қылмысын мойындаған болатын.

«Сыйақы туралы келістік, сосын 2 қаңтарда кездесіп, ол маған 600 мың теңге берді. Екінші рет 4 қаңтарда 900 мың теңге берді де, мен сол күні ұсталдым. Кінәмді толық мойындаймын, өкініш білдіремін. Басында Баянов маған өзі ұсынған. Бізде жылда шыршалар, қойылымдар өтеді. Өзі келді. Қазақша айтқанда ризалығын білдіру үшін. Басында соманы да өзі айтқан болатын. 600 мыңды қайда жаратқаным есімде жоқ, қарыздарымды қайтарып жүргенмін. Ешкім қысым жасаған жоқ, кінәмді өзім мойындадым», – деген еді Ерлан Біләл сот отырысы кезінде.

Айта кетейік, Ерлан Біләлдің адвокаты істің БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтуін сұраған еді. Судья тараптар пікірін тыңдап, аудиожазбаға, суретке және видеоға түсіруге тыйым салды. Мұның алдында сот Ерлан Біләлді кепілмен босатқан еді. Ол 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепіл сомасын берді.





15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Амантай 7 Ақпан, 2018, 21:54

    Асып айтысқаннан кейін бұл шешім өзгеруі әбден мүмкін. Салынған айыппұл тым көп екен. Атақ осыған дейін істеген еңбегінің нәтижесі үшін берілді емес пе, сондықтан оны алып қою дұрыс емес. Пара берген неге құтылып кетті?!

    Жауап жазу
  2. Жулдыз 7 Ақпан, 2018, 21:55

    Кайрат Баянов деген палекет пара усынганы ушин жауапкершиликке тартылмаган ба? Ози усынып, ози устап берди. Сумдык.

    Жауап жазу
    • Қарлығаш 8 Ақпан, 2018, 00:32

      Қайда барасың?Не боп барасың,қайран қазағым?!Өзіңді -өзің қор қылып…..Ерлан Біләлдай халықтың Алтын асықтай ұлын Жер қылып…Осы оқиға көзіме түсіп,оқыған сайын жүрегім ауырады…Ерлан-бауырым,Ер-Азаматтың басынан не өтпейді?!МОЙЫМА!Басың аман,бауырың бүтін!Бастысы-Аман болІХалық Өзіңді бәрібір жақсы көреді! Атағың Маңдай Терімен алды ғой !Қалдыру керек!Айыппұлы тым ауыр екен!

      Жауап жазу
  3. Түңілген(биліктен) 8 Ақпан, 2018, 04:49

    Неге жалғыз Ерлан бауырымызға ғана кешірім береміз? Бір қой немесе елу мың теңге ұрлап, түрмеде екі көзі төрт болып отырған 50 мың қаракөз бауырларымыздың бәріне кешірім беріп, отбасына, ата-анасына қосылуына да мүмкіншілік беруіміз керек. Қазақстанға түрменің де, полицияның да, сот, прокурордың да қажеті жоқ. Не істесе де соттаудың қажеті жоқ.

    Жауап жазу
  4. Түңілген(биліктен) 8 Ақпан, 2018, 06:00

    Мұқтар Шахановтан кейінгі қазақ халқының бас ақыны болатын Ринат Зайтовтың мына өсиет-өлеңін оқыңыздар!

    Ал, жігіттер, айт дедің, не дейін?!

    Жалған мақтар емеспін ғой, өгейін.

    Дос жылатып айтатыны рас болса,

    Мен сендерді қайрау үшін сөгейін!

    Шеттеріңнен арқалысың, дауылсың!

    Бұл сөзі айтуға өзіме де, ауыр сын.

    Айтпасыма жібермей тұр, намысым,

    Себеп, маған барлығыңда бауырсың!

    Мен батырмын деп, кеудеңді қағасың!

    Өздеріңнің өлшеп білмей, шамасын.

    Сондықтан да, қиын емес қой,

    Бойыңдағы батырлықтың бағасын.

    «Бабам батыр болып ед», деп, шіренбе!

    Жетімде де жеті ата бар, бұл елде.

    Өткендердің ерлігіне тығылмай,

    Өзің қандай ерлік қылдың, түгенде!

    Батыр болған атаң, Берлин алғанда,

    Ағаларың барған кезде, Ауғанға,

    Ал, сен, бауырым!

    Туысыңды тепкілеп,

    Жақыныңды жеккөресің, жаудан да!

    Содан кейін батырмын деп, шығасың!

    Атаман боп, алақандай ауданға.

    Дұшпан емес, орыс, шешен, күртің де,

    Жалғыз жауың өз ұлтың, жұртың не?

    Туған жерді қорлау емес, батырлық,

    Туысқанды қорлау болды, бұл күнде.

    Шамаң келген жерде ғана шалқақтап,

    Арлы-берлі талтаңдайсың талтақтап!

    Қалталы бір мансаптыны көргенде,

    Жан-жағыңа жымиасың, жалтақтап!

    Ұры-қары, жемқор, сайқал туғаның,

    Боп кеткендей, бөлісесің думанын!

    Халқың үшін үн шығармай, мыңқ етпей,

    Шалқу үшін атқа қонып, туладың!

    Айыра алмай досыңменен қасыңды,

    Жөн көресің бос есіріп, тасуды!

    Ұлтың үшін ши сындырып көрмедің,

    Құлқын үшін бәске тіктің басыңды!

    Жұдырығыңа жеті жұртты қаратып,

    Мәз боласың, қазақ бетін қанатып!

    Желкеңді үзер жігіт шықса, алдыңнан,

    Арыз жазып, абақтыға қаматып!

    Ән салдырдың, би билеттің талайға,

    Бейшараны брәтишкеңе сабатып!

    Жетер енді, батырмын деп, сарнама,

    Өз өзіңді құр бекерге алдама!

    Батыр болсаң, «қазақтың қызын алам» деп,

    Берер ме еді, қара қытай, жарнама!

    Бүкпес едің, тексіздерге беліңді,

    Бейбіт күнде атқызбас едің, еліңді!

    Келімсектер тартып алып, келінді,

    Сүндетсіздер таптамас еді, жеріңді!

    Батыр бабаң қасқыр болған, абадан,

    Бүгінгілер ит, бірін бірі талаған!

    Әлі жеткен адамдарға, қабаған,

    Бай-мырзаның аяқтарын жалаған.

    Жоқ сендерде сабырлық та, кеңдік те,

    Алаш айтқан бір сөзге мән бердік пе?!

    Шын азамат сыналады, ерлікте,

    Ал, шын ерлік сыналады, елдікте.

    Солай, бауырым, доғарайық қыртуды,

    Сен ойламай, кім ойлайды ұлтыңды?!

    Жолыңызды жау кеспес үшін, біз,

    Қолымызбен бірге ұстайық бір туды!

    Келешектің садақасы кек болсын,

    Бәріңе де бірігетін күн туды!

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 8 Ақпан, 2018, 10:24

    Б аянов дегенді де жазалау керек! Қандай азаматты масқара қылды! Бір жарым миллион ды ақша деп ….

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 8 Ақпан, 2018, 11:29

      Балалардын корсетiлiмiнен пайда тауып жаландаган театр директоры адал деп кiм айтады,демек,бул бep жагы,бурыннан конвейер icтеп журган.жактаушы шал-шаукандар жарылып кетседе,бiрге болсада,жагдай солай боп тур гой.

      Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 8 Ақпан, 2018, 11:29

    Балалардын корсетiлiмiнен пайда тауып жаландаган театр директоры адал деп кiм айтады,демек,бул бep жагы,бурыннан конвейер icтеп журган.жактаушы шал-шаукандар жарылып кетседе,бiрге болсада,жагдай солай боп тур гой.

    Жауап жазу
  7. Нурсулу 8 Ақпан, 2018, 13:21

    Пара бергендер неге кутылып кетип жатады осы???

    Жауап жазу
  8. Мәке 8 Ақпан, 2018, 13:33

    Атағы қалғаны дұрыс шығар,еңбектенді ғой. Бірақ жас келгенсің бұл дүниеден былғанбай өткенге не жетсін….

    Жауап жазу
  9. Нұрлан 8 Ақпан, 2018, 13:47

    Өз еркімен ешкім пара бермейді.

    Жауап жазу
  10. адам 8 Ақпан, 2018, 22:40

    ол кінәлі емес оргн арқылы бердіғой ерекең қарны ашып қалғанғой ұйат болды жақсы көретін азаматеді

    Жауап жазу
  11. B.serik. 10 Ақпан, 2018, 12:45

    Баянов сияқтылар кезінде 37.38 жылдар қаншама ұлтжанды азаматтардың обалына қалған.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 13:13

      Сонымен…баррикаданын алган,сураган,жеген жагы дурыс,таза,кылмыскер емес боп тур гой,пайымдауынша.

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*