"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Атышулы шенеуніктің түрмеден шығу үшін төлеген ақшасына 158 пәтер сатып алуға болады

Қанат Сұлтанбеков айыппұлды миллиардтап төлеуге мәжбүр! Бүгін сот «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы басшысының бұрынғы орынбасарын 2 млрд теңге айыппұлмен бостандыққа шығарды. Онымен сыбайлас болған Израиль азаматы Гиль Смоленский де түрмеден құтылғанымен, айыппұлын 3 еселеп өтемек. Ал осы іс бойынша сотталған Қорғаныс министрлігінің офицері Мұхтар Қарабековтің туыстары үкіммен келіспей жатыр.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Айта кетсек, Сұлтанбеков төлейтін 2 миллиардқа 2 мектеп немесе Астанадан 158 пәтер сатып алуға болады екен.

Апелляциялық сот Сұлтанбековтің адамгершілік мінездемесі мен отбасылық жағдайын және тағы басқа жақтарын ескере келе осындай үкім кескен екен.Қанат Сұлтанбеков Қазақстан сотында әзірге ең ірі айыппұл арқалап, бостандыққа шығып отыр. Ол мемлекет қазынасына 2 миллиард 139 миллион 500 мың теңге төлеуді мойнына алды. Былтыр қараша айында топ-менеджер сот үкімімен 10 жылға қамалған болатын.

Ол Астана қаласы әкімінің орынбасары болған тұста, израилдік кәсіпкермен ауыз жаласқан. Сөйтіп, мемлекеттік тендерді ұтып бергені үшін бизнесменнен 178 миллион теңге пара алыпты. Ал «Қазақстан инжинирингке» қызмет ауыстырған соң, оралдық зауыттың басшысымен жымдасып, 286 милионға кенелген. Кейін қарсы шағым түсіріп, 1 миллиард теңге айыппұл төлеп беретінін мәлімдепті. Апелляциялық сот оның дәйектерін ескере келе, айыппұлын екі еселеп, өзін босату туралы үкім шығарған.

-Қылмыстық құқық бұзушылықты ашу мен тергеу шараларына, қылмыстық әрекеттің басқа да қатысушыларын анықтауға, бұрын тергеуге белгісіз болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы деректерді тауып беруге белсенді атсалысқан.

ҚР Әскери соты

Жалпы, жазаны айыппұлмен өтеу тәжірибесі біздің сот жүйесінде бұрыннан бар. Үкіметті басқарған Серік Ахметов 17 миллион теңге өтесе, 3 жыл бұрын  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов 1 миллиард 101 миллион теңгені өз қалтасынан шығарды. Сұлтанбековпен бірге сотталған Әскери өкілдіктер орталығының бастығы Мұхтар Қарабековтің әйелі үкіммен тіпті келіспейді. Айтуынша, күйеуінің еш кінәсі жоқ. Тергеушілер оны мойындатпақ болыпты. Өйткені, қылмыс болды деген аралықта ол Ресейде жүрген екен. Ал қылмысын тергеушілер қолдан жасаған дейді.

Фарида Қарабекова, сотталған М. Қарабековтің әйелі:

-Үш ай  тергеу абақтысында отырды. Айып ойдан құрастырылған. Заңсыздық көп. Қолдан жасалған дүние көп.

Жалпы, Сұлтанбеков ісі бойынша экс-шенеуніктің өзінен бөлек 8 адам сотталған. Оның бірі Израиль азаматы. Қалған 7 адам 3 жылдан 7 жылға дейін жаза арқалаған.Ал Алматы мен Астанадан таңдап тұрып 158 пәтер алуға болатын ақшаны Қанат Сұлтанбеков өз қалтасынан шығаратын болды. Қазірдің өзінде ол 100 миллион теңгеден астам қаражатты Қаржы министрлігінің есепшотына аударып қойыпты. Қалған қарызын тез арада жабуы тиіс. Осындай айыппұлмен құтылу жолын туыстарының айтуынша, Қарабековке де ұсынған екен.Үкімге келіспеген олар енді кассациялық сотқа жүгінбекші.





20 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Едіге 5 Ақпан, 2018, 23:50

    Иттің баласын чёрный зонаға тықпай ма апарып

    Жауап жазу
    • Жанқылыш 7 Ақпан, 2018, 11:10

      Красныйға десеңші, черныйға кірсе по-черному отырып кетеді ғой)))

      Жауап жазу
  2. Мейрамбек 6 Ақпан, 2018, 00:18

    Түрмеде шірімейтіне Рахмет айтсын. Жемқорларға осындай мүмкіндік бергеніне риза боулары керек.

    Жауап жазу
  3. Қанат​. Жезқазған. 6 Ақпан, 2018, 01:00

    Жемқорлықпен, парақорлықпен ұсталған қылмыскерді қатаң жазалап, өмірінің соңына дейін түрмеге қамау керек! Болды!

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 6 Ақпан, 2018, 06:52

    кедендегi бip миллион $ кайда,соган не icтедi,тым-тырыс боп калды гой.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 6 Ақпан, 2018, 08:50

      Сенын халкыннын сенымыне кыргысы келып журген алемдегы ен гумманный сот актап жыберген, ал алгы млн долларынды былмеймын озыне калдырдыгой деймын. Не деседе онын табысыгой.

      Жауап жазу
  5. Бектас 6 Ақпан, 2018, 10:01

    Соншама ақшаны қайдан алады? Көп ақша табуға мүмкіндігі бар болса, онда ол бұл уақытқа дейін де ақшамен пара алып, не басқаша жымқырып келген ғой. Парақорлар спекткалі бұл.

    Жауап жазу
  6. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 6 Ақпан, 2018, 11:23

    Не деген сұмдық, млртарды иеленетіндер тізімінің шегі бар ма екен, ол ақшаны табу үшін қандай қызмет атқару керек, қандай жалақы болу керек, осыншама төлейді деп шешім шығарғандар, ол ақшаның қалай келген тарихы жайлы сұрамай ма, не болып бара жатыр, мына көрініс нені білдіреді, қадір қасиеттің жоғалып, парақорлық пен ұрылардың ДӘУІРІ шексіз, жазасыз, сұмдық екені білдіреді, бүгінгі биліктегілердің арасынан БЕТКЕ ҰСТАР ЕСІМНІҢ жоқтығы шошытады, не істейміз, не боламыз, қайда бара жатырмыз, жолды таңдап, халыққа не керек екенін біз білеміз дейтіндер, бізді адастырып, ендігі қалған барымыздан айырмаса екен.

    Жауап жазу
  7. Нұрбол 6 Ақпан, 2018, 12:01

    Алладан ешкім қашып құтала алмайды Құранда былай дейді Ей мүміндер сендердің іштеріңдегі бүгіп қалаған ойларыңды біліп тұрамын дейді міні құдірет біз Алланың алдында бір тамшы суға татымаймыз! ақыретте есеп береміз сонда милрд ақша ұрладым деп қалай жауап береді өте қорқынышты аш болсаңда адал қара су ішсеңде адал болуға жететін ештеңе жетпейді бауырлар сауапты іс жасап қалу керек шамаң жеткенше көмектес жақсы сөз айт, ниетің түзу болсын басың сәждеде болсын, Алла сені шүбәсіз жарылқайды ! ал енді осылай милрд-тап ақшаны жесең тозақ отынан өртеп жібереді қорқынышты

    Жауап жазу
    • Қанат. Жезқазған. 6 Ақпан, 2018, 16:07

      Дұрыс айтасыз Нұрбол, АЛЛАҺ ТАҒАЛА бәрін көріп, біліп тұр! Қазіргі таңда парақорлық пен жемқорлық көбейіп кетті. Күнделікті жаңалықтардан «пәлен адам пәленше теңге парамен ұсталып, қамауға алынды» деген күнде естіп жатырмыз! Пара алатындардың көбі банктерден табылып жатыр, олар халықтың қазынасын, миллиондап, тіпті, миллиардтап тонап жатыр, қолға түскендерін үкімет 5-6 жылға түрмеге қамайды, 5-6 жылдан кейін түрмеден шыққаннан кейін олар баяғы әдетіне басып – тағы да жемқорлықпен, парақорлықпен айналысады! Сондықтан, халықтың қазынасын тонап парақорлықпен, жемқорлықпен айналысқандарды қатаң жазалап, өмірінің соңына дейін түрмеге қамау керек!

      Жауап жазу
  8. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 6 Ақпан, 2018, 12:44

    Нұрбол, бұлар неге ештеңеден қорықпайтын болған, осындай билегендер заман немен аяқталады, млрды ұрлап, талтаңдап, ақыл айтқандар қашан құриды екен.

    Жауап жазу
  9. камкоршы 6 Ақпан, 2018, 13:34

    158патер астанадан алатын акшаны кайдан алады екен сол патерди алып айлыгы шайлыгына жетпей журген биздин жастарга берсе гой ширкин

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 6 Ақпан, 2018, 13:43

    Шетелден неше түрлі керемет үй алып , халықтың ақшасын тамақтарынан өткізіп жатқан жоғарғы жақтағыларға неге тиіспейді екен?

    Жауап жазу
  11. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 6 Ақпан, 2018, 16:07

    Америка Ресейде халықтың ақшасын ұрлағандардың ашық тізімін шығарып жатыр, сонда Америка Қазақстанда халықтың ақшасын ұрлағандар бар екенін білмей ме екен, бұл бассыздық пен жөнсіздікті тоқтатар кім бар екен?

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 6 Ақпан, 2018, 16:32

      Амырканга сене бермендер олар бызге еш жаксы жасамайды, укр-ды жасайды Орыссия бызды бермейды, соны быт-шыт согыс болады согыс сенын жерынде журеды, кашып пысып журесын арабтар кусап, саткын халык аталасын донбасс кусап саган ол керекпе лично маган керегы жок.

      Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018, 11:44

    Байларга зан жок па сонда

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 13:18

      Орыссияда тартып орнайды, оларга карап бызде сондай тартып келтыремыз. Тыпты олардыкынен ары, Халыкка жакын жасаймыз.

      Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 12 Ақпан, 2018, 13:18

    Орыссияда тартып орнайды, оларга карап бызде сондай тартып келтыремыз. Тыпты олардыкынен ары, Халыкка жакын жасаймыз.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*