Путинге хат жазған Қазақстан азаматы Мемлекеттік тілдің жағдайын сөз етті

Қазақстан азаматы Александр Яковлев Ресей Президентіне үндеу жолдады. Владимир Путиннің атына жазылған хатта ол еліміздегі мемлекеттік тілдің жағдайына қатысты ойларымен бөлісті.

- Мен Қазақстанда туып-өскенімді мақтан етемін. Мұнда ешкім орыс тілін шектемейді, керісінше - қазақ тілі екінші орында. Осы елдің азаматы ретінде мен мемлекеттік тілдің бұл жағдайына қатты күйінемін. Сондықтан, мен мемлекеттік тілді үйреніп алуды мақсат еттім. Мені және өзгелерді бұған ешкім мәжбүрлемеді. Ұлы Мемлекеттіміздің өзге де азаматтары бұны үлгі тұтады деп ойлаймын, - деп жазған ол.

Атап өту керек, аталмыш жазба әлеуметтік желі мен ватсап арқылы таралуда.