"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Астанада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап халықты таңғалдырды

Астана қаласында ұлттық академиялық кітапханада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап халық назарына ұсынылды. Кітап 1532 жылы шығарылған, “Таңғажайып кітаптар мен қолжазбалар” көрмесіне қойылды.

“Қолжазба латын тілінде жазылған. Оны ешкім оқымапты, не туралы екенін ешкім білмейді. Бұл өлі тіл. Біреудің күнделігі болса керек, мұқабасы ақ нәсілді адамның терісінен жасалғаны көрініп тұр”, — деп жауап берді кітапхана баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бес ғасыр бұрын шыққанына қарамастан, кітап жақсы сақталған. Ұлттық кітапханада арнайы температурада сақталады.

“Кітаптың Қазақстанға қайдан келгенін айта алмаймын, оны нақты білмейміз. Біздің сирек кездесетін кітаптар қорында болған. Бес ғасыр ішінде адамның терісі біраз жиырылып қалыпты”, — деп жазды баспасөз қызметі.

Көрме 28 ақпанға дейін созылады.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Тарихшы 2 Ақпан, 2018, 21:44

    Кәпірлер мен пұтқа табынушылардан бәрі шығады…

    Жауап жазу
    • Мен қазақ 4 Ақпан, 2018, 17:58

      Сол мақтаныш па? Жиіркенішті нәрсе!! Қажеті жоқ. Ұстап көруге шақыра ма? Жар салғаны қалай? Уаассалам!!

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 4 Ақпан, 2018, 18:10

        Кай гасырда,кай соры кайнаганнан
        скальп алды екен,терiciн сыдырып,тогыз кабатпа,канша едi?

        Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*