Головкин-Альварес реваншы өтетіндігі ресми түрде хабарланды

Орта салмақ бойынша WBC, WBA, IBF нұсқаларының иегері Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес 5 мамырда қайта кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz BoxingScene сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жектің өткізілетіні туралы нақты ақпарат жақын арада жарияланатын болады. Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде өтті. Ол кездесу теңдей аяқталды деген қорытынды шығарылды. Сол уақыттан бастап боксшылардың командалары реванш өткізу жөнінде келіссөздер жүргізе бастаған еді.

Алда болатын кездесуде жеңімпаз атанған спортшы WBO нұсқасы бойынша чемпион Билли Джо Сондерспен кездеседі. Яғни орта салмақта абсолютті чемпион атануға мүмкіндік алады.