"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтiмiне қатысты жәрдемақының мөлшері белгілі болды

2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте36,8 млрд теңге қарастырылады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 теңге – екінші балаға,  18 880 теңге – үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады», делінген хабарламада.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. 2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерге 106,5 млрд теңге бөлінді. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден  (бірінші балаға, 15 452 теңге – екінші балаға,  17 812 теңге – үшінші балаға) 20 195 теңге шамасында (төртінші және одан көп балаға) берілді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 74,1 млрд теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Осы әлеуметтік төлемді бір жылда орташа есеппен 230,9 мың адам алды.

Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады. Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд теңге жұмсалды.





22 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Жанна 25 Қаңтар, 2018, 16:11

    Балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері төмен, қазір балалардың киімі қымбат, тамақ тың да құны өсуде

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 25 Қаңтар, 2018, 17:22

    төмен болатын себебі белгілі емес пе, қарындасым. агрохолдинге салды шөке…

    Жауап жазу
  3. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 25 Қаңтар, 2018, 20:31

    Халықтың қаражаты оңды-солды шашылып жатыр, бірақ балаларға төленетін жәрдемақы ешқандай сын көтермейді, өте төмен, оны ойлайтындар жоқ, өздерінің қамын ойлағандар біреудің бала-шағасын қайтсын, себебі сол балалар ертең Қазақ Елінің болашағы екені олардың миына кіріп те шықпайды. Өздерін отырғызсса ғой осындай қаражатқа, мүмкін сонда ұрлауларын да қоямар ма еді………….

    Жауап жазу
  4. әже 25 Қаңтар, 2018, 21:43

    Осының өзін мақтанып қайта-қайта айта беретіндерғн қайтерсің. Байлар бұны алмайт та шығар.

    Жауап жазу
  5. АҚТАУ МАРАТ 25 Қаңтар, 2018, 22:45

    ұят намыс қайда ай үкімете отыраған жігітер және қыздарға қай бетерің менен қайта қайта айтып мақтана бересіңдер оның орнына үнсіз болғандарың жақсы ,сорлы халықтың ызасына тіиберген үнсіз , өздерің үшін туыңдар деп айтқаның жөн сияқты халық онсызда Назарбайдың немересіне ренжіулі себебі құртай баланың несебесі былай тұрсын жұмысыздық жетіспеушілік күнен күн қысып бара жатыр ұят сендерге ҮКІМЕТЕ отырған жігіт қыздарға қашан елді оилайсыңдар ҚҰДАЙДАН қорқыңдаршы өтініш

    Жауап жазу
  6. шал 25 Қаңтар, 2018, 23:09

    олардың жергөк пұлы салықтан ұлттық қорға түседі екен ғой. депутаттар кеше қарсы шықпаса оны білмей қалады екенбіз.

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 26 Қаңтар, 2018, 07:21

    2017 ж туылган балалар сол калпы 13070 тг

    Жауап жазу
  8. Аи 26 Қаңтар, 2018, 07:21

    2017 ж туылган балалар сол калпы 13070 тг ма

    Жауап жазу
  9. ЖАНҒАЗЫ 26 Қаңтар, 2018, 08:39

    ЕЙ СОРЛЫ ЖЕМҚОРЛАР ҰЙАЛСАҢДАР ҚАЙТЕДІ ХАЛЫҚТАН КҮНЕН-КҮНГЕ ҚЫМАТШЫЛЫҚ ЖҰМСЫЗДЫҚ ҚЫСЫП БАРАТЫР ХАЛЫҚТЫ ЕЙ БИЛІКТЕГІЛЕР БІР КҮНДІК ҚАЛТАНЫ ОИЛАП ЖҮРГЕНДЕ ЕЛІҢ ТОЗ-ТОЗ БОЛМАСЫН

    Жауап жазу
  10. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 26 Қаңтар, 2018, 09:10

    Қалай айтсақ та, жазсақ та енді ештеңе өзгермейді, қымбатшылық, жұмыссыздық, балалар мен аналардың төмен жәрдемақысы, тағы басқа проблеманы Кешеден бері билікте отырғандар естігісі де, білгісі де, көргісі де келмейді, ал оны өзгерту миларына кіріп шықпайды. Олар өздері басқа әлемнің жоспарын орындап жатқан сияқты. Қазақ билігі, Біз Халық Қазақ Жеріндеміз, бізге қарай бет бұрыңыздар, Әлемді шарлап қайтесіңдер,қарапайым халықтың жағдайы мәз емес……………………………..

    Жауап жазу
    • Гулайым 26 Қаңтар, 2018, 19:28

      2018 жылдан бастап 3 жаска толганша жардемакы бериледи деген сиякты еди жаналыктарда ол маселе каралмадыма сонда

      Жауап жазу
  11. Гулай 26 Қаңтар, 2018, 19:27

    2018 жылдан бастап 3 жаска толганша жардемакы бериледи деген сиякты еди жаналыктарда ол маселе каралмадыма сонда

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 27 Қаңтар, 2018, 14:01

    Ұятсыздар

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 27 Қаңтар, 2018, 14:14

    бұға берсен сұға береді демекші Алланы алдында аламыз есебімізді иншааллаh

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 27 Қаңтар, 2018, 21:35

    я нипонил первомум 16379 а второму 18880 обши 35259 или18888
    давышто хлееб сколько

    Жауап жазу
  15. Жеңіс 27 Қаңтар, 2018, 23:36

    Жардемақы өте аз екені айдан анық, бұл бала үшін 1 ден денсаулығна, 2 ден балаға жұмсалатын шығынға да жетпейді. мыс.: 150 тг 1памперс дейік 1 күнде орташа 5 памперс. 10 күнде 50. 1 айда 150 памперс кетеді. Сонда 1 айда 22500 тг. тек памперске кетеді. Ал бала ембесе жасанды сүтке 1 айда 5 есе көп шығын кетеді яғни 112500 дәрі-дәрмекті есептмесек… . Болашағымыз баянды болсын десек… Ана мен балаға дұрыс қарау керек қой. Милярдтап жазып 13000, 20000 дегендері өте ұят!

    Жауап жазу
  16. Мен 30 Қаңтар, 2018, 01:21

    Өздері жегенде баледей. Кому не лень жеп кашып кетип жатыр елден. Ондайларга бари козин жумады. Сыбайлас жемкорлыкка карсы курес департаментиндегилерден бастау керек курести. Ал, пособиени олместин кунимен журсин деп береди. Ауғанстан мен Африканы жарылкаганша, оз казагын жарылкайтын ешким жок сиякты үкіметте. Казакта өз бауырынды сосын өзгені жарылка деген.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 30 Қаңтар, 2018, 09:17

      Карап отырсын, бiздiн казак оз казагына,оз елiне келгенде тарылып калады,ботенге,айдалага,дойдалага шашылуга мактанып,алдына жан салмайды.терic туган дерсiн.алдымен озiндi,оз казагынды жарылкап алсаншы,кок соккырлар-ау.

      Жауап жазу
  17. әже 31 Қаңтар, 2018, 20:31

    Памперс кигізбей-ақ қойыңдаршы.Зиян дейді ғой. Құдайға шүкір қазір ползунки жаялық деген көп, кір жуатын машина бар.

    Жауап жазу
  18. Мареке 5 Ақпан, 2018, 18:33

    Онбгандар, сол ак па толеп отыргандары?

    Жауап жазу
  19. Мареке 5 Ақпан, 2018, 18:34

    Ал, бала туган бетте биринши айда канша тенге береди?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*