ИСЛАМ ӘБІШЕВ  «ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ»  АТАНДЫ

  15 қаңтарда  Қоғамдық марапаттар мен атақтар  жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы, белгілі  қаламгер-қайраткер  Марат Тоқашбаев  Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің  төрағасы,   руханиятқа қамқор рухы биік қайраткер  Ислам Әбішті  «Ұлт қайраткері»  құрметті атағымен марапаттады.   «Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға қосқан үлесі үшін» марапатталған  әйгілі  ұлт зиялылары,  қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер  арасында  Ислам Әбіштің де  құрметті атаққа ие болуын  Марат Байділдаұлы: -Ислам Әбішевтың  қазақ руханиятын қолдаудағы еңбегі  зор екенін бәріміз жақсы білеміз. Сонымен қатар ұлттық  мүддені қорғауда да, халық қамы үшін экономикалық тиімділікті арттыруда да Ислам Әлмаханұлының үлесі көп.  Тек  су саласындағы мемлекеттік  бағдарламадан триллион теңгеден астам қаржыны үнемдегенінің өзі  ерекше айтуға тұрарлық   ерлік іс!-деп  бағалады. Ислам Әбіш  өз сөзінде  Марат Байділдаұлына  ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Ислам Әлмаханұлын біз де халықтың ықыласына ие болған марапатымен  құттықтап, еңбекте табысқа жете беруін тілейміз. Qazaquni.kz