"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Саят Медеуов: Амалсыздан депутат болып жүрмін

Өткен жылдың сәуір айында жұртшылыққа танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді. 9 айдан бері депутаттық қызметте жүрген әнші тындырымды істері туралы жария еткісі келмеді. Себебі, халықтың сынына қалғысы келмейтін көрінеді.

Бұл туралы “Қазақ радиосы” хабарлады.

Сұхбат барысында Саят Медеуов депутаттық мансапқа лайық еместігін тілге тиек етті.

«Бұл менің орным емес, бірақ амалдың жоқтығынан жүрген жайым бар», – дейді әнші.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері өзі Қарасай ауданының тұрғыны. Сондықтан, әншіні ел ішіндегі өзекті мәселелерді білетін болғандықтан, осы орынға ұсынған екен.

Алайда, халықтың қаңқу сөзі Саяттың сағын сындырғандай.

«Мен сайланған кезде неше түрлі сөздер болды. “Ақшасы таусылған ғой. Халықты қанайын деген ғой. Халықты жейін деген ғой” – деген сияқты небір әңгімелер болды. Сол кезде мені тағайындаған Махаббат ағаға да хабарласып: «Аға, мені бекер ұсындыңыз ғой», дедім. Сонда ол, досымсың ғой, досым болсаң шыда деп, қысқа қайырды. Амал жоқ, енді шыдап жүрмін. Өзінің қиындықтары бар. Оңай дүние жоқ. Келе салып мынаны қопарып жіберемін деген, ағысқа қарсы жүзгенмен бірдей», – дейді депутат.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ақбота 13 Қаңтар, 2018, 11:15

    Ұйлма, қысылма бауырым, Мәжілісте, Сенатта жылдар бойы миллиондап жалақы алып түк бітірмей отырғандардың қасында сенің еңбегің адал. Ұялса солар неге ұялмайды?

    Жауап жазу
  2. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 13 Қаңтар, 2018, 11:57

    Саят, елдің алдында жүрген танымал да, абыройлы азаматсыз, сондықтан жігерлі, қайратты болыңыз. Иә, барлық шаруаны бірден тындырып тастау мүмкін емес шығар, дегенмен, елдің мұңы мен алаңдаушылығын көріп, біліп жүрген адамсыз ғой. Қолыңыздан келсе, қарапайым халықтың жағдайын жақсаруға ат салысыңыз, бүгін халықтың шешілмеген проблемелары толып жатыр ғой…………………………..

    Жауап жазу
  3. Несібелі 16 Қаңтар, 2018, 11:38

    Саяттың қандай азамат екендігі бетінде жазылып тұр!Иманды ,жауапты ,ел азаматы!Тек алға!Қолдаймыз!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*