"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қарағанды тас жолында 45 жолаушы мінген автобус аударылды

Қарағанды облысында «Егіндібұлақ-Қарағанды» бағытындағы жолаушылар автобусы аударылып, салдарынан 3 адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты Бұқаржырау ауданындағы «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 103-шақырымында, Шешенқара кентінен 15 шақырым қашықтықта болған. «45 адам құтқарылды. Жолаушылар Шешенқарадағы мектеп ғимаратына орналастырылды. Үш адам ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы 8 сағаттың ішінде қарағандылық құтқарушылар қар құрсауында қалған 20 адамға көмек көрсеткен. Сағат 10:32-де Абай ауданында құтқарушылар Вольный және Агрогородок кенттерінің арасында жолда қалып қойған үш көліктегі 10 адамға көмектесті. 12:34-те Алматы-Екатеринбург тас жолының 986-шақырымындағы Жұмабек ауылының маңында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы  соқтығысып қалды. ТЖ қызметкерлері бір адамды құтқарып, тағы 15-ін Қарағандыға жеткізді. Оларға медициналық көмектің қажеті болған жоқ.

Сондай-ақ Жаңаарқа ауданындағы Ақтүбек ауылына жақын жерде қар құрсауында қалған жеңіл көліктерден 11 адам құтқарылды. Алматы-Екатеринбург тас жолының 1045-шақырымында сынып қалған   «Шымкент-Астана» автобусының жолаушыларын құтқаруға жергілікті 52859 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. 37 адам Теміртауға жеткізілді.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 13 Қаңтар, 2018, 21:05

    Біріңғай электричка мен поез жүргізетін аймақ екенін біле тұрып автобус қана жүргізеді.бəрібір халықтан қызғанған ақшаларды тышқандар кеміріп жатыр.зейнетақы қоры кетті айдалаға,ал адамдар 21ғасырда пазикпен 39км жерге қатынайды.

    Жауап жазу
  2. Қарлы аймақтан 13 Қаңтар, 2018, 21:09

    Ақсу-Аюлы,бүкіл қарағанды айналасы электричка мен поезды .21-ші ғасырда қыста сол көлік қана халықты құтқарады.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*