"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Астанада төтенше жағдай жарияланды (ВИДЕО)

Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды. 

Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынамыз, – деп ресми хабар таратты елорда әкімдігі.

Мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет. Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өтулеріңізді сұраймыз. Төтенше жағдайлар департаменті кез-келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды. Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде, – делінген әкімдік сайтында.

 





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айжан 11 Қаңтар, 2018, 14:20

    Машинада отырып видеога тусиргенше, машинасынан тусип кыздарга комектеспей ме?!

    Жауап жазу
  2. РИ 11 Қаңтар, 2018, 14:21

    Мен бірінші болып осы пікір жаздым, жəне оны мақтан етемін. Бірінші болып пікір қалдыру ол ұмытылмас əсерін береді, бəрінен озғанымды еске қалдырып. Осы пікірді бірінші болып жазудан басқа арманым бар болса да, осынау орындалған білетін болсаңдар.

    Жауап жазу
  3. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 11 Қаңтар, 2018, 15:07

    Астана жұртына төзімділік, күш тілей отыра, сақ болыңыздар, аман есен үйлеріңе жетіңдер дегіміз келеді. Осындай кезде салынған ғимараттар мен тұрғын үйлердің сапасы анықталады, осы айтып келмейтін табиғаттың апатынан кейін билік тұжырымды қорытынды жасап, осы сапа жайлы сұраққа аса көңіл бөліп, жауапсыз да, ұқыпсыз мердігерлерді анықтаса жақсы болар еді. Себебі саналы, жауапты құрылыспен айналысатындарды осындай жағдайда да анықтауға болады.

    Жауап жазу
  4. отан 11 Қаңтар, 2018, 16:10

    мына боранға қарап қазақтың ашуы осындай болса билік баяғыда осы жарнамалардай жұлындай ұшар еді. бірақ қазақты қойға ұқсайтын жуассың деп миына құйып қойған не істесе де қозғалмайды.әбден ынжық болған ба.

    Жауап жазу
  5. Ел жерден 11 Қаңтар, 2018, 16:52

    Анау күні түтін нен көмір жаққаннан тұншығып жатырмыз деп дабылдаған едіңдер.Ал енді бір жағынан дұрыс, таза ауа жұтасыңдар..
    Ал жел соқпаса ше?.онда анау көп түтін шығаратын зауытты жою керек..

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*