"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Елбасы мәлімдемесі: Ағымдағы жылы қандай маңызды өзгерістер болмақ?

Sputnik Казахстан

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады. Елбасы өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті, – бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

Назарбаев квалификацияға байланысты мұғалімдер жалақысы 30-50 пайызға өсетінін айтты. Сонымен қатар, ол әлеуметтік қолдау саласына бөлінетін қаржы көлемі 12 пайызға артып, жалпы сомасы 4 трлн теңгеден асатынын мәлімдеді.

Елбасы экономикалық ахуалды одан ары жақсарту үшін бизнес саласына да айырықша көңіл бөлініп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі  ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны  жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру  бағыты бойынша  кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деді Н. Назарбаев өз мәлімдемесінде.

Телеарна эфиріндегі мәлімдемеде Елбасы заманауи жаңа технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.

«Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз. Ертең менің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауым жарияланады. Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», – деді Назарбаев.

– Қазақстанның жарқын болашағына жету үшін барлық мақсаттарға қол жеткізетінімге мен кәміл сенемін, – деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Атап өту керек, ҚР Президент Н. Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы ертең республикалық БАҚта жарияланады.

qazaquni.kz





29 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айжан 9 Қаңтар, 2018, 20:21

    Елбасының бастамаларын қолдаймыз! Цифрлік технологиялар біздің еліміздің дамуының ажырамыс бөлшегі!

    Жауап жазу
  2. Айганым 9 Қаңтар, 2018, 20:26

    Президент дело говорит, надеюсь все сказанное мы скоро воплотим в реальность!

    Жауап жазу
    • САМАТ QAZAQ 14 Қаңтар, 2018, 22:53

      Шала қазақ Айганым, қазақша жазбайсын ба. Орыс тілінде жазғаның дұрыс емес.

      Жауап жазу
      • Әйгерім 16 Қаңтар, 2018, 21:39

        Білмесеңіз, орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деген заң бар! Әрбір Қазақстандық өз пікірін қай тілде де жеткізе алады.

        Жауап жазу
  3. Танат 9 Қаңтар, 2018, 20:29

    Расындада жалакы осты, бырак адамдар оны умытып кетти

    Жауап жазу
  4. Сабит 9 Қаңтар, 2018, 20:31

    Спасибо Президенту за такой огромный вклад в развитие нашей страны

    Жауап жазу
  5. Аружан Раушанбекова 9 Қаңтар, 2018, 20:32

    Қолдаймын! Еліміздің өсіп-өркендеуіне Цифрлы Қазақстан бағдарламасының маңызы зор.Ал жалақыны көтеру өмір сүру қиындап жатқан заманда өте керемет қолдау! Оның ішінде мұғалімдердің жалақысын көтеру ол өте маңызды!Мұғалімдер жастардың тəрбиешісі.Ал жастар-болашақтың тұтқасы.

    Жауап жазу
  6. Раушан 9 Қаңтар, 2018, 20:34

    сәрсенбінің сәтінде шыққалы тұрған бұл жолдаудан күтеріміз мол!

    Жауап жазу
  7. Айгерим 9 Қаңтар, 2018, 20:48

    Елбасымыздын енгизип отырган Цифлы Казакстан багдарламасы казак елин биiк белестерден корсетерине сенемин.Осы орайда мемлекет басшысы устаздардын жалакысын котеретиндигин малимдеди. Менинше бул оте дурыс шешимдердин бири себеби,устаз болашак жастардын билим наримен сусындатар данасы,талим-тарбие берер анасы.

    Жауап жазу
  8. Бота 9 Қаңтар, 2018, 20:50

    Абсолютно солидарна с главой нашего государства, внедрение информационных ситем в различные отрасли нашей жизнедеятельности обеспечит развитие государства «в ногу со временем»

    Жауап жазу
    • САМАТ QAZAQ 14 Қаңтар, 2018, 22:56

      Қазақша сайтта қазақ боп сезинем ба десем шала қазақтар орысшасымен ойымды құртты ғой

      Жауап жазу
  9. Нуреке 9 Қаңтар, 2018, 20:56

    бізге басқа емес халықты қазіргі дағдарыстан алып шыға алатын білікті басшылар керек сияқты Халықтың жағдайы жылдан жылға нашарлап барады енді шындыққа тура қарамасак қытайға құл орыска ұл боламыз

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 9 Қаңтар, 2018, 21:14

      Нуреке дұрыс айтасың! Қазір Қазақ деген Ұлт ,оның ішінде Қазақтың Ұл мен Қыздары Иманды, Ақылды, Білімді , Мәдинетті болып жұмыс атқармаса болашағымыз өте қиын. Құл болмақты түгілі «мал, немесе маймыл» болып кету қаупі бар. Ал қазір жастар «Эгоист» болып өсіп жатыр -типа мен болсам болды дегендей. 26 жыл болды әлі орыс тілінде Мәлімдеме жасаймыз, басқа Ұлттар сөйлемек түгілі , Қазақша түсінбейді – бұл дегеніміз үлкен қайғы- орыфсқа құл деген сөз.

      Жауап жазу
  10. Рамазан 9 Қаңтар, 2018, 20:57

    Қолдаймын. Цифрлы Қазақстан жобасы еліміздің болашағына өте керемет нәтиже әкелетіні сөзсіз. Аяулы ұстаздарымыздың жалақысын көбейту орын шешім деп білемін.

    Жауап жазу
  11. Рамазан 9 Қаңтар, 2018, 20:58

    Қолдаймын. Цифрлы Қазақстан жобасы еліміздің болашағына өте керемет нәтиже әкелетіні сөзсіз. Аяулы ұстаздарымыздың жалақысын көбейту орынды шешім деп білемін.

    Жауап жазу
  12. Саят 9 Қаңтар, 2018, 21:22

    Ия, дұрыс дүниелер айтылыпты

    Жауап жазу
  13. Мадина 9 Қаңтар, 2018, 21:28

    Абсолютно согласна с Елбасы. Казахстан должен развиваться.

    Жауап жазу
  14. Ару 9 Қаңтар, 2018, 21:33

    Вместе с Елбасы мы достигнем высот!

    Жауап жазу
  15. Амантай 9 Қаңтар, 2018, 21:34

    Бұл бұрында айтылып келе жатқан дүниелер ғой.Бейне бір қиял-ғажайып ертегілер сияқты. Меніңше біз еліміздің бүгінгі саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік нақты, шынайы деңгейіне сәйкес мақсаттар қоюымыз керек сияқты. Солай болғанда қоғамды толғандырып отырған ең өзекті, көкейкесті мәселелер күн тәртібіне алынып, жүзеге асырылар еді. Алайда ондай мәселелер сол баяғыдай жылдар бойы кейінге ысырылып, қалыс қалып жатқаны өкінішті-ақ.

    Жауап жазу
  16. Гүлжанат 9 Қаңтар, 2018, 22:10

    Смарт Сити жобасына баса назар аударылғаны қуантады. Əр өңірдің қарқынды дамуына айтарлықтай септігін тигізері сөзсіз.

    Жауап жазу
  17. Арман 9 Қаңтар, 2018, 22:43

    Керемет, әсіресе мұғалімдердің жалақысы жайлы жақсы жаңалық болды!

    Жауап жазу
  18. Улпан 9 Қаңтар, 2018, 23:04

    Салеметсизбе неге аскери кызметкерге акша косылмайды оларды кун тун демей жумыс истейди жанеде сурайн дегеним бизге материалдык комек корсетилмеди не себепти уйленгенде жане бала туылганда акшалай материалдык комек беруши еди баска аскери кызметкерлер алган жане мецрам уакытында премия алады екен менин жолдасым Семей каласында улттык уланда кызмет етет биз ешкандай акшалай комек алмадык уйленгендеде бала туылганда да акша жок деп отырады ол калай сонда 16 желтоксанда баска аскери кызметкерлер акшалвй 30000мын премия алды биз ондай ештенке алмаймыз не себепти

    Жауап жазу
  19. Асель 10 Қаңтар, 2018, 00:43

    Алға қарай жылжу үшін осындай өзгерістер қажет. Елбасымызды қолдаймын.

    Жауап жазу
  20. Самал 10 Қаңтар, 2018, 23:04

    Өзгерістер əрқашан жақсы жағынан болады. Бұл жолғы жолдау елімізге тың өзгерістер əкеледі деген сенімдіміз.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 11 Қаңтар, 2018, 08:33

      Сендерды былменмын ал омырымнын 30 дай жылы, тарихи мен маныздыларга толып отып барады. Чё то коп озгерыс жок . Алла берген омырдын сонша жылын енсердым, талай жолдау багдарларын ыштык-сендык ендыгы козым жеткены, кудайдан баска ешкымге сенуге болмайды. Тыпты сс, Мююллерге де.

      Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 11 Қаңтар, 2018, 09:43

    Елбасы елдің қамын ойласа біз неге қолдамаққа.Елім аман болсын,ел қамын ойлаған елбасы Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев аман болсын.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.

    Жауап жазу
  22. баян 11 Қаңтар, 2018, 09:45

    Елбасы елдің қамын ойласа біз неге қолдамаққа.Елім аман болсын,ел қамын ойлаған елбасы Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев аман болсын.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.

    Жауап жазу
  23. Дилшат 13 Қаңтар, 2018, 12:24

    Елбасы көп дүниелер жасап жатыр оған ешкім көз жұма қарай алмайды
    Ал бірақ сол елдің қамы деп мемлекеттік қордан бөлінген ақшаның 60,70пайызы тек өз қамын ойлаған оңбағандарға қолды болып жатыр ал Елбасының соны түзетуге неге шамасы жетпейді мен соны түсінбеймін
    Күнде тв дан көретініміз анау жеп кетті мынау алып қашып кетті салған этаж үйлер құлап жатыр сол ғана
    ал сол үйлерді салып жатқанда неге тексермейді оған жауапты кім әрине сол жауапты өткізіп алғанда олда бөлінген ақшаның бір бөлігін жеді и өткізіп қол қоя салды недеген бассыздық яғни еліне адамдарға жасаған опасыздық
    Ондайларды Қытайдағы сияқты алып шығып ату керек сонда ғана е түзеледі соңғы 3 жылда ғана Қытайда жемқорлықпен ұсталған 7 миллиардер атылды ал быздешы коп болса 1,2 жыл ғана темір торға кіреді оның өзі показуха

    Жауап жазу
  24. Жебе 16 Қаңтар, 2018, 11:40

    Цифрлы Казахстан дурыс. Бiрак мемлекеттiн техникалык базасы дайын емес. Президенттi касындагы акылды кенесшiлерi оз афераларына тартып отыр. Арине ОГАН коп каражат болiнедi. Сол каражатка Жана технология келеме алде алдымен ескiсiн алып каражатты талан таражга салып кейiн болмай калды деп ауыздарын ку шоппен суртеме. Мiне сол жерi ойлануды талап етедi. Iске асса оте керемет болар едi.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*