"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Көпен ӘМІРБЕК: ШЫН ӨНЕРДІ ҚОРЛАҒАН СЕРИАЛДЫ ҚОРҒАУҒА БОЛА МА?

«Баян Сұлу» сериалы – сенімсіз, жасанды, халыққа көрсететіндей деңгейде емес»

Қазақтың көрнекті сатира сардары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек Ұлттық арнадан көрсетіліп, үлкен дауға айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалына қатысты өз пікірін осылай жеткізді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі.

– Біздің қазақ киносы тарихында дәл осы «Баян Сұлу» сериалындай дау-дамай туғызған сериал болған жоқ. Неге? Бұл жанжал қайдан шықты? Негізгі сыншы халық емес пе? Халық – елек. Өнерді – бір қап ұн деп қарайтын болсақ, ұныңды илегенде керегі бір жақта, кебегі бір жақта қалмай ма? Осы сериалды електен өткізсек, бұның керегі шамалы, кебегі көп дүние. Сондықтан да, көпшілік көңілінен шықпағаннан кейін наразы.

«Халық ұйғарса, хан түйесін сояды» деген аталы сөз бар. Осы сериалдың айналасында тер төкпесе де, еңбектенгендерге, олардың шашбауын көтергендерге айтарым – шын өнерді қорлауға болмайды!

Қазақ халқы бағзыдан бері өзінің салт-санасын, әдет-ғұрпын сақтап келу арқылы қазақ болып келе жатқан жоқ па? Сериалды түсірушілер әдебиетіміздің алтын қорына айналған ұлы дастанымызды алып шыға алмаған. Жібектей дүниемізді жұлмалап жүн-жырғасын шығарған. Әрқайсысының рөліне жеке-жеке тоқталуға болар еді, оны артық санап отырмын. Себебі, жалпы алғанда сериал жасанды, сенімсіз, халыққа көрсететіндей деңгейде емес.

Ал, енді біреулер шығып «ойбай, ол жырдың бәленбай нұсқасы бар» деп жатыр. Мейлі, қанша нұсқасы болса да, халықтың жүрегінде, көкірегінде «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» жыры шолпан жұлдыздай бір ғана нұсқада жарқырап тұр. Бұлар соны жарқырата алмады. Оның несін қорғайды? Өмірде екі нәрсе бар: бірі – қорғау, екіншісі – қорлау. Жарты ғасыр бұрын түсірілген «Тақиялы періште» мен «Қыз Жібекті» қараңызшы. Қандай көркем дүние! Ал, Баян Есентаеваның мына сериалын өзінің жақтастары мен жақындарынан басқа жақтап, қолпаштап отырған адамды көрмедім.

Біз продюсердің мүддесін емес, елдің, көзі ашық көрерменнің мүддесін ойлауымыз керек. Елдің мүддесі – мемлекеттің мүддесі. Мемлекет мүддесі мен Менмендік мүдде деген екеуі екі түрлі. Бізді құртатын осы менмендік мүдде. Атым шыққан деп, осылай жасауға бола ма?   Осындай дүбара дүниені эфирден алдыруға ықпал еткен, шынайы өнердің мұңын мұңдап, ұлттың мүддесі үшін шырылдаған Ашық хат жазушыларға біз рахмет айтуымыз керек.

Ел аузында мынандай әфсана бар: «Қотыр ешкі айтқан екен: «Мені кім сойса да, қасапшы сойса екен» деген. Бұлар қазақ киносының қасапшысы да бола алмады.

Қазақта «тұщымды» деген ұғым бар. Шеген құдықтың суынан артық су жоқ. Ал, қазір «Кока-кола» секілді бер жағы жылтырап тұрған, ар жағы мейіріңді қандырмайтын құр тәтті су көп. Онымен халықтың мейірін қандыра алмайсың. Бұлар сол «Кока-кола» секілділер ғой.

qazaquni.kz

Баянның «БАЯН СҰЛУЫ» енді қайтып КӨРСЕТІЛМЕЙДІ!..

БАЯНҒА БАЯН СҰЛУДЫ ҚОРЛАТУҒА БОЛМАЙДЫ!





128 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Тілектес Сұрап 7 Қаңтар, 2018, 01:49

    Баян рөлін ойнайтын қыздың түрі мүлдем ұқсамайды

    Жауап жазу
  2. Ару Алима 7 Қаңтар, 2018, 01:50

    Акша кайтарылсын деп еди, акесинин жаны ышкынып кетти го))) сонда миллион халыкпен соттаспакшы ма

    Жауап жазу
  3. Ару Алима 7 Қаңтар, 2018, 01:50

    Акша кайтарылсын деп еди, акесинин жаны ышкынып кетти го))) сонда миллион халыкпен соттаспакшы ма?

    Жауап жазу
  4. Нұржамал Реметова 7 Қаңтар, 2018, 01:51

    Сол əкесі былтыр Баян күйеуі бола тұра,өзге еркекпен көңілдес болып,жұртты шулатқанда үнсіз қалып,бүгін ара тұсе қалғаны қызық екен.

    Жауап жазу
  5. Aliya Kasymhanova 7 Қаңтар, 2018, 01:51

    Сериалдың көрсетілмеуін талап етемін

    Жауап жазу
  6. Айгуль Шорабекова 7 Қаңтар, 2018, 01:53

    шулап шулап қоя салмай аяғына дейін апарайық.Баянның тайраңдағанына шектеу қоятын кез келді ғой.Ұлттық арнаның жұмысы атына сай болуын талап ету керек.

    Жауап жазу
  7. Жансая Аманбекқызы 7 Қаңтар, 2018, 01:53

    Қолдаймын, көрдік қандай екенін, қарапайым, ылғи түсіретін көп сериалдарының сарынымен түсірілген, киімі болмаса, басқа айырмашылық жоқ, сөздері төбеден түскендей,

    Жауап жазу
  8. Жасулан Кембилов 7 Қаңтар, 2018, 01:54

    Маселе тв корсетпей коюда емес, маселе желге ушкан акшада болып турган жокпа. Осындай тарихи фильмдерге келгенде неге биликти мамандарга табыстамайды екен? Кайдагы шала казактарга бередиде унеми елди артынан улатып-шулатып жатады. Ел шулайдыда калады, бирак сизбен бизден жиналган салыктын акшаларына обал аркимнин калтасында кетип жаткан

    Жауап жазу
  9. Orynsha Abdrakhmanova 7 Қаңтар, 2018, 01:57

    Өзінің,əйелінің пəленбай жаста екені,отасқанына түгенбай жыл болғаны,олардың руларының халыққа не қажеті бар.Пəленбай жастағы ақсақалдың жеке кітапхансында пəленбай кітаптары болса да өз ойын түсінікті жеткізе алмағаны өкінішті☹

    Жауап жазу
  10. Гульшат Сакенова 7 Қаңтар, 2018, 01:59

    Баян сұлу өмірін Баян өзінің өмірідей деп ойлап түсірген ғой

    Жауап жазу
  11. Aqmaral Rahmetova 7 Қаңтар, 2018, 02:01

    Баян вечно озим билем, унамайма карамандар деп отыратын кокбет кой, сатжанда сондай екен.

    Жауап жазу
  12. Каламан Биболатова 7 Қаңтар, 2018, 02:02

    Ақша үшін шырылддап отыр ғой əкесі.

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 7 Қаңтар, 2018, 07:48

    Ане қарамайсыңба мазақ қылып күліп тұр.

    Жауап жазу
  14. 123 7 Қаңтар, 2018, 11:56

    Ұлттық тарихи кинолар түсіргісі келгендер орысша оқығандар болса жетіскен екенбіз.ау айналайындар деңгей деген нəрсе бар-болмаса ұлт ақсақалдары əйдік жазушы-ақындар бар Д.Исабеков сияқты.солардан бір сұрақ қойып мына түсірілімді келіп көрсеңіз десе арты осындай халықты шулатқандай болмас еді-өзім білемдік қайда апарарын көрдіңдер.əй бірақ сөзге тоқтаған қазақ дейтін сөзді бұл обрус-ларға айтқан не айтпаған не?

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 7 Қаңтар, 2018, 18:51

    Халықтың ақшаны қайтарылсын! Енді бұдан былай мазақ етіп сериал түсіру ін қойсын!!!!!

    Жауап жазу
  16. А сылан Айдарбеков 7 Қаңтар, 2018, 18:52

    Халықтың ақшаны қайтарылсын! Енді бұдан былай мазақ етіп сериал түсіру ін қойсын!!!!!

    Жауап жазу
  17. Ақжарқын Қалағанова 7 Қаңтар, 2018, 18:56

    Халықтың бюджетімен мазақ сериал түсіріп кімді таңғалдырмақшы! Байының түрмеге қаратып таңғалдырып болды ғой! Ендігі жерге ақшаны қайтарып, жоқ болсыншы ашынасымен қоса қазақ елінен, олардан не үлгі соттатума?

    Жауап жазу
  18. Альзира Аман 7 Қаңтар, 2018, 19:06

    Казак ели алга жургенди аягынан тартатын халыкпыз гой.сондыктанда айтарым сол акшаларын калталарыннан да тусип жатр бр кино тусргенде турган ештене жох.

    Жауап жазу
  19. Мико 8 Қаңтар, 2018, 16:57

    Мынаны білгіміз келеді, осы киноға бюджеттен қанша ақша бөлінді екен. Сол құпия емес шығар, «Қазақ үні» осыған бір журналистік зерттеу жүргізетін адам бар ма. Болмаса сіздер жарияласаңыздар екен. Дегенмен халықтың ақшасы, халықтың ақшасы.

    Жауап жазу
  20. Нагима 8 Қаңтар, 2018, 22:00

    Озимнин пикиримди айтуга имею права деп, бари сол акшага жапысып алды. Осы жакынжагана жаналыктардан корсеттигой, экспода стройка жасаган жумысшылар енбек акыларын али алалмай жур. Сол жердеде неге праваларыны колданбайдылар? Ондай жаналыктардын туртурин куниге жаналыктардан корсетип жатыргой. Неге именно Баян? Ол сериалды унатып корип жаткандарда копкой.

    Жауап жазу
  21. Жексенбек 9 Қаңтар, 2018, 11:38

    Мына Баян деген продюссер сымақ келіншектің түрі де ой-санасыда орыс қой. Орысша сөйлейді, яки орысша ойлайды. Орыстарша түсірілім жасайды. Бұл продюсердің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – да несі бар еді. Она же даже на любительский уровень не тянет. Өзбетінше түсірген болса керек. Халтурщица. Мүмкін, тезкам деген призактармен алған болар. Қалай болғанда да бұл адамға ұлттық қазына дәрежесіндегі дүниелерге жақындатпайтын бір нәрсе ойлап табу керек. Лайлап бітіреді әйтпесе. Сериалдағы баян рольіндегі қыздың образы бандитский!!!!! Вестерндегі бандит қыздың образы!!!!!

    Жауап жазу
  22. Жексенбек 9 Қаңтар, 2018, 11:38

    Мына Баян деген продюссер сымақ келіншектің түрі де ой-санасыда орыс қой. Орысша сөйлейді, яки орысша ойлайды. Орыстарша түсірілім жасайды. Бұл продюсердің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – да несі бар еді. Она же даже на любительский уровень не тянет. Өзбетінше түсірген болса керек. Халтурщица. Мүмкін, тезкам деген призактармен алған болар. Қалай болғанда да бұл адамға ұлттық қазына дәрежесіндегі дүниелерге жақындатпайтын бір нәрсе ойлап табу керек. Лайлап бітіреді әйтпесе. Сериалдағы баян рольіндегі қыздың образы бандитский!!!!! Вестерндегі бандит қыздың образы!!!!!

    Жауап жазу
  23. Әбусаят 10 Қаңтар, 2018, 15:51

    Ұлттық арнаның бас редакторы Қайнар Олжай сериалдың быт-шытын шығарыпты. Енді қайтер екен әкесі? Аман болсын әйтеуір.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*