"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстан Кариб бассейні елдері мен Рохинджа мұсылмандарына 650 мың доллар жібереді

Қазақстан Антигуа және Барбуда мемлекеті мен Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек ретінде 650 мың доллар жібереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметі қаулысына сәйкес, Қазақстан Антигуа және Барбуда мемлекетінде орын алған  табиғи апатқа жәрдем ретінде  50 мың доллар, Кариб қауымдастығына 100 мың  доллар  гуманитарлық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына ресми гуманитарлық көмек ретінде 500 мың доллар бөлмек.

Осы мақсатты іске асыру бойынша ҚР қаржы министрлігіне  еліміздің СІМ және Үкіметтің төтенше жағдайларға байланысты қорына қаржы бөлу тапсырылды. Аталған қаржы 2017 жылға арналған табиғи және техногендік мінездегі төтенше жағдайларды болдырмауға арналған республикалық бюджеттен қарастырылған.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. айткыш 7 Қаңтар, 2018, 10:04

    50 мың доллар деген не ?Біздің байлардың артын бір сүртуіне де жарамайды ғой,берген соң дұрыстау етіп бермейді м е?

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 19 Қаңтар, 2018, 10:57

    Айтпаңыз

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*