"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бауыржан БАЙБЕК: Ұлттық спорт дамыту – басты мақсатымыз

Алматы төріндегі «Алматы Арена»» спорт кешенінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық «Еуразия Барысы – 2017» турнирі өтті.

Елбасымыздың өзі ұлттық спортты дамыту бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі екендігін үнемі тілге тиек етіп отыратыны белгілі. Осынау мақсатты жүзеге асыру бағытында өткізілген шара мәреге жетті. Халықаралық турнирді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ашты.

Жиылғандарды ұлттық мейрам – Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып көк Туымыздың көгімізге желбірей берсін деген өзінің ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар қала әкімі Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлттық жаңғыру» бағдарламасы әрбіріміз өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтағанда ғана орындалатындығын да атап өтті.

«Ұлттық спортты дамыту арқылы «Саламатты Қазақстанды» қалыптастыра отырып, өзіміздің ұлттық ойындарымызды заман талабына сай жаңғыртуға жол ашамыз. Әрі өскелең ұрпақты ұлттық спортқа баулу арқылы батыр әрі ержүрек етіп тәрбиелейміз. Ең бастысы – ұлттық спорты дамыту арқылы біз әлемдік өркениетке өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтай отырып ене алапмыз» – деді.

Осы тұста біз Алматының қазақ спортының алтын бесігі екендігін айрықша атап өтуге тиіспіз. Өйткені күні бүгінге дейін әле көз тікн қаншама халықаралық дода осы әсем Алматыда өтті. Оңтүстік Астана ұлттық спортқа еркше назар аударатындығымен де ерекшеленеді.

Халықаралық «Еуразия барысы» турнирі қаламызда осымен 2-ші рет өткізілуде. Халықаралық додаға Бразилия, Камерун, Грузия, Моңғолия, Жапония, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан сынды әлемнің 8 елінің 70-ке жуық палуаны қатысып, бақ сынасты. Финалдық сайыста Қазақстан командасы бірінші орынды жеңіп алды. Әлем Кубогінің жалпы жүлделік қоры – 20 млн. теңге болса, бірінші орын жүлдесі – 10 млн. теңге. Осынау дүбірлі додада Алматы қаласының командасы екінші орынды иеленіп, 6 млн. теңгені қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды місе тұтқан Өзбекстан командасы 4 млн.теңгені ұтып алды. Әлем көз тіккен бұл шарада есімі елге белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Сондай-ақ бұл жарысты 120 млн. көрермен тікелей трансляция арқылы тамашалауға мүмкінлдік алды.

Атап өтуге тиісті басты нәрсе – Алматы әкімі Бауыржан Байбек бірінші орынды жеңіп алған Қазақстан командасына 10 млн. теңгені салтанатты түрде тапсырды.

Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

qazaquni.kz


Осыған ұқсас:

    

    2 пікір жазылған

    Пікір жазу
    1. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 19 Желтоқсан, 2017, 16:31

      Қазақ жігіттерін жеңістерімен құттықтаймыз,бұл жеңіс еңбек пен тердің арқасында келген табыс. Осы орайда, Арман Шораевтың да үлесі барын атап өту керек, Арман қазақ жігіттерінің арасынан дараланып тұратын тұлға, өз азаматтық позициясы бар және қазақтың болмысы мен келешегіне өз септігін тигізіп жүр деп толық айтуға болады деген ойдамын. Мен ер адам емеспін, бірақ күрес, футбол, хоккей, бокс, тағы басқа спорт түрлерін қарап, қазақ спортшыларынаның жанкүйері болып отырамын. Менің ойымша, қазақ күресіндегі қазақ жігіттеріне әлі де болса қайсарлық, батылдық, шапшаңдық, жеңіске деген сенімділік жетпейді. Бұл осы жақында болған Еуразия Барысын қарап отырып келген тұжырымым, ойым. Жігіттер, артық айтсам, кешіріңіздер. Сендерге сенеміз, болашақта да талай жарыстарда сіздердің жанкүйеріңіз болуға дайынбыз. Тәуелсіздікке орай, қазақ жігіттерінің жеңісі керемет болды.

      Жауап жазу
    2. Қолқоюсыз 25 Желтоқсан, 2017, 13:33

      жаңалық ескірді

      Жауап жазу

    Пікір жазу

    Сіз не дейсіз?
    *