"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Президент Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы еліміздің даңқты спортшысы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев танымал футболшы әрі спорт қайраткері Тимур Сегізбаевтың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Жеделхатта Қазақстан футболын дамытуға және балалар мен жастар арасында спорттық өмір салтын насихаттау ісіне Т.Сегізбаевтың сіңірген еңбегі айрықша атап өтілген.

«Ол жаттықтырушы әрі Қазақстан футбол қауымдастығы басшыларының бірі ретінде елімізде спорттың осы түрінің дамуына елеулі үлес қосты», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Т.Сегізбаевтың есімі халық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.





21 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 19 Желтоқсан, 2017, 11:25

    Осындай қарапайым азамат еліне, халқына адал қызмет етті, Осы ағамыз жайлы елімізде көп деректер мен бағдарламалар, ақпарат берілген де жоқ, сонда да Тимур Сегізбаевтың өмір жолы мен есімі, даңқы ел есінде мәңгілікке сақталады. Ағамыздың отбасына, туған–туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз, иманды болсын.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 19 Желтоқсан, 2017, 13:33

    Тимур аға,Құман ағалар,алаулатып-жалаулатпай,ақырын жүріп,анық басып,халқына адал еңбек сіңірген жандар.
    Осындай тарихта есімі қалатын елеулі еңбекқор жандар, кеудемсоқ, жарамсақтар алға шығып алып жол бермегенінің кесірінен назардан тыс қалып жатады.Есесіне қазіргі шам жарығына жиналып, шыр айналған жынды көбелек құсаған елтеңбай-селтеңбайларды жақсы жарнамалайды.Саналы ұрпақтары,өз биігінен түспеген,өмірлері өнеге болатын ардақты да аяулы ағаларын ұмытпайды.

    Жауап жазу
  3. Сабира 19 Желтоқсан, 2017, 14:51

    Тәуелсіз мемлекет болып аяққа тұрған сәтте өз еңбектерін қосқан азаматтар ешқашан ұмыт болмайды.

    Жауап жазу
  4. Жандос 19 Желтоқсан, 2017, 14:56

    Елбасы өзінің тығыз графигіне қарамастан әрбір азаматқа көңілін бөледі.

    Жауап жазу
  5. Даурен 19 Желтоқсан, 2017, 15:03

    Жатқан жері жайлы болсын, елімізге еңбек еткені үшін қадірлі болды.

    Жауап жазу
  6. Сапарбаев 19 Желтоқсан, 2017, 16:48

    Тоже соболезную его семье, это удар по республике Казахстан, он история нашего футбола

    Жауап жазу
  7. Арсен 19 Желтоқсан, 2017, 16:49

    Сегизбаев был патриотом своей страны, и это большая горечь для нашей страны

    Жауап жазу
    • Самала 20 Желтоқсан, 2017, 13:01

      Өз саласының, өз елінің нағыз патриоты десек артықтық болмас. Расымен де мықты адамдар өмірден озып жатқан өкінішті. Алла жанын жәннәтта етсін!

      Жауап жазу
  8. Смагулова 19 Желтоқсан, 2017, 16:49

    Соболезную всем родным и близким Сегизбаева, он был очень сильным человеком и хорошим футболистом

    Жауап жазу
  9. Жантаев 19 Желтоқсан, 2017, 16:49

    Мир покидают такие сильные личности, такие хорошие люди

    Жауап жазу
    • Меруерт 20 Желтоқсан, 2017, 12:56

      Өмір заңдылығы деп жатамыз ғой. Дегенмен, тарихта есімдері үлкен әріппен сақталатын тұлғалар бұл. Жақындарының қайғыларына ортақтасымыз.

      Жауап жазу
  10. Мусабеков 19 Желтоқсан, 2017, 16:50

    Лучше бы на его месте был бы кто-нибудь плохой, террорист какой-нибудь допустим

    Жауап жазу
  11. Марияша 19 Желтоқсан, 2017, 16:50

    Молодец наш президент, поддерживает семью Сегизбаева, им сейчас нужна поддержка

    Жауап жазу
  12. Ербол 19 Желтоқсан, 2017, 16:51

    Величайший футболист нашей страны, нашего футбола! Иманды болсын

    Жауап жазу
  13. Досмурзаев 19 Желтоқсан, 2017, 16:52

    Жалко его семью, родных и близких друзей, это большая для них потеря

    Жауап жазу
  14. Кахарман 19 Желтоқсан, 2017, 16:52

    Хорошо что наш президент откликнулся на это событие и сказал свои слова соболезнования

    Жауап жазу
    • Олжас 20 Желтоқсан, 2017, 12:57

      Қоғам да басшы да бағасын біледі бұл азаматтардың. Қайғы бөліссе азаяды дейді. Қайғыларыңызға ортақпыз.

      Жауап жазу
  15. Кутжан 19 Желтоқсан, 2017, 16:53

    Так и надо делать, в тяжелую минуту поддержать друга, брата

    Жауап жазу
  16. Қасым 20 Желтоқсан, 2017, 12:54

    Мұндай тума таланттарымыздың бақилық болып жатқаны барша елдің қабырғасын қайыстырды деп ойлаймын. Аңыз адам талай ұрпақтың жадында мәңгілік сақталары хақ.

    Жауап жазу
  17. Ерке 20 Желтоқсан, 2017, 15:38

    Елбасына өзінің көрегенділігін көрсетіп, көңіл айттыпты,иманды болсын! Әр қазақтың қазасы жанымызға батады.

    Жауап жазу
  18. Ш.З.Д. 16 Қаңтар, 2018, 09:48

    Тақырыпты неге дұрыс қоймайсыздар? Дұрысы, «Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты президент көңіл айтты» болуы керек. Ал сіздер Президент Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты деген мағынада жазып қойыпсыздар.
    Тимур Сегізбаевтың жаны жұмақта Алланың нұрына бөленсін!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*