Түрксіб ауданында «Үздік Тәлімгер - 2018» байқауы өтті

Желтоқсанның 7-күні Алматы қаласы  Білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында  «Жас Ұлан» Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілеріне арналған  «Үздік Тәлімгер - 2018»  атты ІІ аудандық байқау өткізілді.  «Жас Ұлан» Республикалық біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушыларына жаңа бағыт беріп, биік мәдениетке тәрбиелеу үздік тәлімгерлердің үздіксіз ізденуінің нәтижесі екендігін насихаттау,тәлімгерлердің кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгер мамандығының беделін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау , оларды мадақтау және қоғамда тәлімгер мамандығы туралы оң көзкарас қалыптастыру мақсатындағы байқауға  Алматы қаласы Түрксіб ауданының жалпы білім беретін мектептерінің тәлімгерлері қатысты. Байқау 3 кезеңнен өткізілді:1. «Біргеміз, берік іргеміз» балалар ұйымының креативті таныстыруы. Бұл айналымда үміткер – тәлімгер өзін қызықты етіп , шығармашылық шеберліктерін таныта отырып таныстыру . 2. «Мен – өз ісімнің шеберімін» яғни,  «Жеті бағыт»  бойынша жұмыстарын көрсету.Бұл бөлімде қатысушы өз жұмысын, яғни, тәлімгерлік қызметті таныстыру. 3. «Мен – болашақ ұрпақ тәлімгерімін»яғни,«Үй тапсырмасы» музыкалық – шығармашылық өнер көрсету. Тәлімгерлердің бұл  байқауға үлкен дайындықпен келгендігі байқалды. Байқау қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті: Бас жүлдені  ЖББ №195 мектептің тәлімгері Бажикова Айгүл, І орынды  №44 мектеп – гимназиясынан Абдрахманова Бибигуль, ІІ орынды ЖББ №20 мектептен Сәрсенбай Әсел, ІІІ орынды ЖББ №49 мектептен Амиргожаева Ақбота, №32 мектептен Биназарова Айгүл, №31 мектептен Акбержанова Айдана  иеленді.