Алматының Әуезов ауданында "Рухани жаңғыру" бойынша 10 жоба мақұлданған

Алматы қаласының Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифинг барысында Алтай Рахымбетов Әуезов ауданындағы өнеркәсіп секторы жалпы қалалық өнеркәсіп өнімдерін шығару деңгейінің 11,1 % қамтитындығын және ірі және орта дәрежесіне 18 өнеркәсіп кәсіпорыны кіретінін мәлімдеді.

2017 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп кәсіпорындары 72 млрд. теңге көлемінде өнім өндірген, яғни 2016 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы нақты көлем көрсеткіші 102,7%-ды, бөлшек тауар айналымың нақты көлемі 307,6 млрд.тенгені құрады, - деп хабарлады аудан басшысы.

Ірі және орта кәсіпорындарда жалданбалы жұмысшылардың нақты саны 35 966 мың адам. Аталған сектордағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 133 607 тенге.

2017 жылдың басынан "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясындағы жобалар бойынша ауданда 10 жоба мақұлданды. Жобалардың сомасы 263,9 млн. теңгені құрайтынын, 57 жұмыс орны құралғаны туралы да мәлімет берді.

Қыркүйекте қолданысқа берілген екінші ОСК «MOSKVA Metropolіtan» халықты 500 жұмыс орнымен қам­тамасыз етті. Сонымен қатар, осы желтоқсан айында жалпы алаңы 60 000 шаршы метр болатын «Grand Park Almaty» сауда орталығының екінші кешенінің құрылысы аяқталады. – Бұлардан бөлек, биыл Әуезов ауданында қызмет көрсету саласында мейрамхана, кафе, көлік жөндеу ор­талығы сияқты 10 нысан пайда­лануға берілді, – дейді Алтай Рахимбетов. Басқосу соңында тілшілер тара­пынан Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына байла­нысты тағы да бірнеше сұрақтар қойылып, жауап берілді.