ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар »- деп көрсеткен болатын. Елбасымыздың алға қойған мақсатын іске асырудың бірден – бір жолы студенттердің кәсіби білімін жетілдіру сонымен бір қатары олардың мәдениетті де білімді азамат болып шығуына ықпал жасау. Бұл орайда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттерге академиялық білімді қалыптастыру, өзгермелі қоғамға оңай бейімделіп, табысты еңбек ете алатын мамандар даярлау ісін – білім берудің маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарап түрлі шаралардың ұйтқысы болуда. Бұл орайда үш тілде білім беру, латын әліпбиін қолдануға көшуге байланысты түрлі бағыттағы толымды шараларды айтуға болады.

Елбасымыз тұтас қоғамның және әрбір Қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті. Анығырақ атап көрсетсек олар алты бағыттан тұрды. Атап айтқанда,

1. Бәсекелік қабілет

2. Прагматизм

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

4. Білімнің салтанат құруы

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

6. Сананың ашықтығы

Елбасы осы алты бағыттың өзімен ғана ұлтымызға қайсар рух сыйлай алды. Әр бағыт өз тұжырымымен ерекшеленеді.

«Бәсекелестік қабілет» адам баласының қай тұрғыдан болсын дамуына үлесі зор, қажет нарсе. Кез келген адам бойында бәсекелестік қабілеті басым болса, онда ол жеңіске жетуге де дәмесі зор болмақ. Бәсекелестік қабілет жеке тұлғаға болсын, тұтас халыққа болсын даму барысында, табысқа жету жолында үлкен көмек көрсететін қасиет. Елбасымыздың мақаласындағы мына жолдары да бұған дәлел: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» - деді Елбасы өзінің тарихи мақаласында. Шынында да Бәсекелік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау дегендер ұлттық

отансүйгіштікпен, патриотизммен, ұлттық мемлекеттік санамен тығыз байланысты.

Біз тәуелсіздік жылдарында мемлекеттіліктің негізгі нышандарын қалыптастырдық. Бірақ мемлекеттіліктің ең басты ұйытқысы – ұлттың бойындағы мемлекетшілдік сана. Бізде қазіргіге қарағанда ежелгі дәуірлерде мемлекетшілдік сана, рух жоғары деңгейде болды. Өйткені көне түріктер мәңгілік ел идеясын негіздеп кетті. Мәңгілік ел - өз тізгінін өз қолына алған, іргелі ел болып өзін өзгелерге мойындата білген мемлекет. Біз - тәуелсіз мемлекетпіз. Біз тәуелсіздік алдық дегенмен қазақ өз еліне әлі ие бола алмай жүр. Елбасы осы мәселелрге айрықша мән береді. Осы орайда мемлекеттіліктің шынайы нышандары: тіл, дін, білім беру жүйесі, денсаулық, демография сынды маңызды мәселелер. Ал мемлекетшілдік сананы, прагматизмді, ұлттық бірегейлікті сақтауды, рухты ең алдымен тіл арқылы, ұлт тарихы арқылы қалыптастыруға болады. Осы орайда белгілі саясаттанушы Ерлан Карин «жалпы ұлттықты сақтап қалудың екі жолы бар: дін мен тіл. Біздің ұлттығымызды сақтап қалған ең соңғы фактор дін болды. Егер біз діннен айырылғанда он-ақ жылда жойылып кететін едік. Тілімізден айырылып бара жатсақ та діннен айырылмадық. Соның арқасында қазақ қазақ болып қалды» - деген пікір айтады.

Міржақып Дулатов «Жұрт болудағы мақсат осы күнгі тірі жүрген адам баласына ғана емес, нәсіл - нәсіп, ұрым-бұтақтың кем-қор болмауы үшін керек зат... Кейінгі жас буынның көрген күні не болады?! Біздің жұрт осыны ойлау керек» - деп өсиет еткендей, мемлекеттілікті тұғырлы ету қазіргі ұрпақтың отан алдындағы басты парызы.

Мемлекеттілікті дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтауды жұрт болып жұмыла атқаратын іс екендігін алаш зиялылары өткен ғасыр басында-ақ ұғындырып кеткен. Мемлекет ісін оңға бастыратын қазақ тілінде сөйлейтін мемлекетшіл рухы биік тұлғалар. Ана тілінде сөйлейтін, мемлекетшіл рухты қалыптастыру оны өскелең ұрпақ бойына сіңіру қазіргі зиялы қауым өкілдерінің, билік басындағылар мойнындағы басты міндет.

Мемлекеттік мақсат-мұраттарды айқын білетін, сол үшін жанымен күйетін отаншылдық рухы жоғары патриот адамды даярлау – басты мұрат.

Елiмiзде рухани мәселелердің ең бастысы – қазақ тілінің болашағы. Баршамызды біріктірудің жолы Елбасы сөзімен айтсақ: «Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз зор үлес қосуы керек! Елімізде 10 миллион қазақ болса, өздері түгел тілді білсе, байлықтың ең үлкені осы болар еді! Барлығымыз қазақ тілінде сөйлесек, қазақы қуатты орта пайда болады да, барлық мәселе өзінен-өзі шешіледі», – деп дұрыс піікір білдіреді президентіміз. Бұл жерде, «билік халықпен қазақша сөйлессін» деген талап болуы керек. Бүгінде бізге демографиялық өзгерiстер тіл болашағы дегенде үлкен сенiм туғызады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1959 жылы қазақтар ел халқының 30 пайызын құраса, 1970 жылы 32,6 пайызға артты. 1979 жылы қазақтар – 36 пайыз, 1989 жылы 40,1 пайыз болыпты. 1999 жылы 53,4 пайызды құрасақ, соңғы 2009 жылғы санақта 63 пайыздан асып жығылды деген мәлімет келтіреді Амантай Тойшыбайұлы. Қазақы тiлдiк орта да қалыптаса бастады.

Ендi, он жылда жағдай бүгiннен де жақсара түседi. Егер, қазақ өз жерінде сан жағынан басым болмаса, сапа жағынан басымдылық құрай алмайды.

Әрбір қазақ азаматы, әрбір қазақстандық азамат Қазақ елінің дербестігін нығайтуға мүдделі болуға тиіс. Ұлттық құндылықтарға көзқарастың бір қыры – ұлтсыздық. Қазақ жеріне шектеусіз басқа этнос өкілдерін қоныстандыру, байырғы халықты ұлттық азшылыққа айналдыру, қазақ мектептерінің азаюы, аралас некенің көбеюі, тілдік мәдени ортаның тарылуы салдарынан қазақтың этникалық келбетінің үлкен өзгерістерге ұшырауы отарлық саясаттың зардабы екенін бәріміз де жақсы білеміз.

Бірегей ұлт ең алдымен өз ана тілі, меншік тілін жетік білуі керек. 1948 жылы Үндістан тәуелсіздігін жариялаған кезде арнайы комиссия: «Ағылшын тілін қолдану халықты екі ұлтқа бөлді, билік жасайтын аз топ және оған бағынатын бөтен тілде сөйлемейтін көпшілік, бұл екі ұлт бір-бірін түсінбеді» деген тұжырым жасаған екен. Бұл бізге де байланысты ащы шындық. Егер қазақ тілі мен мәдениеті қалыпқа келмесе, онда қазақ ұлты да қалыпқа келмегені. Біздіңше, Қазақстанда қазақ тіліне көшіру процесі тоқтамауы керек және бұл шараны мемлекет қана емес әр қазақ азаматы белсенді қолға алуы шарт.

Қазақ ұлтының мүддесі, ол – қазақтың ғана мүддесі емес, ол – қоғамның және мемлекеттің мүддесі. Ал, саяси тұрғыда алып қарасақ та, біз мемлекеттік саяси мүддені ең жоғары орынға қоюымыз керек. Өйткені, мына мемлекет біздің бәрімізге ортақ. Ұлттық құндылық тұрғысынан ұлттық мүдде ең жоғары орында тұруы тиіс. Қоғам талқысында жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыру, оның түп қазығын қағу, іргетасын бекіту, қандай ілімге негізделіп, неге бағытталуы керек деген секілді мәселелер көп айтылды. Ендеше, барлық отандастарымыздың санасына отаншылдық рухты сіңіріп, болашақ буынның бойында отаншылдық сезім, мемлекетшілдік сана, ұлттық рух, патриотизм мен елсүйер, жерсүйер қасиет қалыптастырып, оны баянды етуді көздесек, ұлттық патриотизмнің, яғни, жаңа қазақстандық патриотизмнің түп қазығы қазақ тілінде деген қарапайым ғана қағиданы мойындауымыз қажет. Тіл бірлігі болмаса, не ұлт, не мемлекет тәуелсіздігі баянды болмайды. Нағыз тұлға мемлекетшілдікке шынайы жанашырлық таныта алады. Тұлғалық іс - әрекеттің негізінде мемлекет ісі алға басады. Тұлғалық істің тірегі түсінік. түсінік адамдық өлшемнің кепілі. адам бойында мемлекетшілдік рухты қалыптастыратын, адамды отаншыл рухта тәрбиелейтін тарих тағылымы. тарих тағылымымен тәрбиеленген ұрпақ бойында ұлттық мінез қалыптасып, ұлттық талым-тәрбиенің көзіне айналады. мұның қайнар көзі - зиялылық. зиялылықтың шынайы үлгісі, өзіндік, маны, талабы, бір созбен айтқанда теөриясі болады. бұл дегеніміз ұлт өмірінен шығатын феномен. әлемдік тарихқа көз жүгіртсек ар ұлттың зиялылары өзіндік дербес сипәтімен ерекшеленеді. бырақ олардың мақсаты бір. ол - ұлт мүддесі. адамды зиялылық деңгейіне жеткізу, ұдайы жетілдіру және зиялылықты практикалық өмірде оңды қолдану ысы бүгінгі таңда өзекті болып отыр. нағыз зиялының созы мен ысының үндесуіне орай, зиялылықтың қуаттылығы да күшті болмақ. осы мәселені қазақ даналығы ер мен ел жарастығы деп ұғындырады. ер мен ел бір-

бірінен ажырамайтын ұғымдар. тұлға мен мемлекет жарастығы нағыз зиялылар ісі арқылы қалыптаспақ. оқығанмен алған білімін ел пайдасына жарата алмаған жанды зиялыға жатқызуға болмайды.

Ахмет Байтұрсыновша айтқандай: не пайда өнерің мен біліміңнен, тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?. алаш зиялысы Міржақып Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында нағыз зиялы халықты құр тәтті созбен асырамай, түзу саясат, жемісті жұмыстармен соңына ертетіндігін айтып, одан ары «...адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық, бірақ біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз еді...» - деп, қазақ зиялысының қалыптасу ерекшелігін және рухани, практикалық қызметінің мәнін ұғындырған еді. Демек, нағыз зиялы тұлға жеке мүддесінен гөрі халық мүддесін басты орынға қояды. Оны тарих дәлелдеп отыр. Зиялылық деңгейін анықтайтын ұғым - адалдық. Адалдық ар қуатының көзі, Шәкәрім ойшылша айтқанда - ұждан дәлелі.

Сұлтанова Б.М.

филология ғылымдарының кандидаты

Қазақ үні