"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ерке Есмаханның ісі сотқа берілді

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген шоу-бизнес жұлдыздарын сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында көлік салығын төлемегендер бар.

Жұлдыздар 400 мың теңгеден аса салық төлемеген. Атап айтқанда, әнші Ернар Айдар – 205,1 мың теңге, Рано Умарова – 88,8 мың теңге, Жеңіс Ысқақова – 73,2 мың теңге,Ерке Есмахан 41,1 мың теңге берешек.

«Бұл азаматтарға қатысты іс материалдары жинақталып, сот органдарына берілді. Сот органдары қарызды өндіру туралы үкім шығарды», – деді баспасөз қызметінен.

Салық қарызы туралы ақпаратты электронды сервис арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады.

Қалалық департамент 31 желтоқсанда 2017 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды.

Айта кету керек, 2016 жылдан бастап көлік салығы төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы мәлімет  бойынша  90 мың Алматы тұрғыны 4,2 млрд теңге қарыз.

Оның ішінде 19213 борышкердің ісі сотқа жіберілді. 3 653 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. 2849 адамның мүлкіне тыйым салынды.





12 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 15:44

    Во дурище !

    Жауап жазу
  2. сугирбай сымбат 7 Желтоқсан, 2017, 20:01

    сумдык кой .

    Жауап жазу
  3. Мақашқара 8 Желтоқсан, 2017, 13:28

    Төлейді ғой. Сол да сөз болып па…

    Жауап жазу
  4. Түңілген 9 Желтоқсан, 2017, 21:38

    Адамның денесіне шәйтан ұяласа әртіс болады.

    Жауап жазу
  5. Мұстафа 10 Желтоқсан, 2017, 14:07

    Əншісымақтардан напақа алғанша халыққа тигізер өңесі бар ма сол жағын тексеріп айып пұл салып болмаса көпшілікке шығармау керек .Сайтан сапалақтан ақша жинау налог инс.тердің жұмысы.О несі Ейй.

    Жауап жазу
  6. Есімі 11 Желтоқсан, 2017, 00:45

    Вот жадный лар.ашкөздер..

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 11 Желтоқсан, 2017, 11:58

    менин ойымша маселе акшада емес уакыт таппай журген шыгар сосын деп

    Жауап жазу
  8. Молдир 11 Желтоқсан, 2017, 11:58

    менин ойымша маселе акшада емес уакыт таппай журген шыгар сосынга калдырып

    Жауап жазу
  9. Палымбет Қосжанов 11 Желтоқсан, 2017, 17:53

    Беттері аса жылтыр осындай қыздарды көрсем, көрден шыққан «пірекеңдер»- ді көргендей шошймын.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 11 Желтоқсан, 2017, 18:28

      осыдан он-он бес жыл бұрын осындай пері сияқтылардың көзінің астының терісін,қабағының астының терісін созып,тартып кестіріп,қидырып,әжім басқан тұстарын,көруші едім.неге сонша жаныңды қинайсың,ауырмайма дегенде,красота жертв требует деген сол апам қазір жетпіске таяп қалды.әдемі қәртаю деген болушы еді,қазіргі еркек те,әйел де жылтырап қәртаймайды,сайтан құсап.заманның өзгергені ме.

      Жауап жазу
  10. Дина 21 Желтоқсан, 2017, 14:27

    Налог төлемесе сахнаға шығарасын

    Жауап жазу
  11. Қолқоюсыз 21 Желтоқсан, 2017, 14:28

    Позорищелер ғой әсіресе Жеңіске не жоқ сол сорайған

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*