Әміржан Қосанов: Қазақ тіліне қырын қарайтын билік өзгерген жоқ

Қазақстан мемлекеттік органдары шетел инвесторларына тек ағылшын тілінде қызмет көрсетеді. Ресми ақпарат бойынша, 2020 жылдан бастап, Қазақстан мемлекеттік органдары шетел инвесторларына тек ағылшын тілінде қызмет көрсетеді екен.

Бір нәрсе есіме түсіп кетті.

Осыдан біраз уақыт бұрын қызым шетел компаниясына аудитор боп жұмысқа тұруға талап жасап, ондағы басшылар оның конкурстан өтуінің қосымша бір себебі қазақ тілін жетік білгені деп айтып еді: "Біз Қазақстан халқын сыйлаймыз, тілін құрметтейміз, сондықтан бар қарым-қатынасты, хат байланысты тек мемлекеттік тілде жүргізуіміз керек!" деген сыңайда пікір айтып еді.

Сөйтіп, орыс және ағылшын тілін тәп-тәуір білетін балама қазақ мектебін бітіргені мықты септігін тигізіп еді.

Енді жағдай не болмақ?

Содан бері жағдай өзгеріп кеткен бе?

Әлде инвестор өзгерді ме?

Бір нәрсе анық - қазақ тіліне қырын қарайтын билік өзгерген жоқ!

PS. Айтпақшы, неміс, француз, қытай, жапон, кәріс инвесторларға да инглш тілінде қызмет көрсетпекшіміз бе?

Әміржан Қосанов,

Facebook парақшасынан