"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Эйр Астана» бортсеріктерінің біреуі де қазақша сөйлемейді ғой» – сот төрешісі

Қазақстандық компания бола тұрып, қазақ азаматтарына Ресей тілінде сөйлеп, заңды бұзумен аты шыққан «Эйр Астанаға» қарсы сот жалғасын табуда.

Төртінші желтоқсан күнгі «Эйр Астана» борт серіктерімен Оғыз Доған мырзаның арасында болған соттың төртінші  отырысында төрт борт серіктерінің біреуі де, тіпті қазақ қызы Мәдина да, қазақша сөйлемеді…

Олардың бәрі   аудармашы жалдап келіпті. Ал соттың өткен отырысында «Эйр Астана» бортсеріктерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін осы отырысқа шақыртқан сот төрешісі  Айгүл Тұрсынқызы Тұрсағұлованың   өзі де: «Мына «Эйр Астана» борт серіктерінің біреуі де қазақша сөйлемейді ғой» деп таң қалды.

Сотқа қатысушы тіл жанашырлары мен т.б. сотқа қатысушылар куә болғандай,  төртеуі де біреу үйретіп қойғандай, бірінің сөзін бірі қайталаумен болды. Олар Оғыз Доғанның адвокаты, белгілі тіл жанашыры  Абзал Құспанның нақты қойған тура  сұрағының біреуіне де   жауап бере алмай, жалтарып, айнала қашты.  Екатерина мен анасының мемлекеттік тілді қорғау үшін, яғни мемлекеттік мүддені қорғау үшін  өтіп жатқан сотты менсінбей тұрғаны сөздерінен анық байқалып тұрды. Сот төрешісі сұрағандай,  бейбіт келісімге келуден  олар бас тартты.

Бізді («Эйр Астана» компаниясымен ұшатын жолаушылар деп ұғыңыз) мына заңсыз жағдай таңғалдырады:

1. Сотқа  аудармашы жалдап келіп отырған «Эйр Астана» бортсеріктері сонда ұшақта қазақ жолаушылармен, яғни бізбен аудармашы арқылы сөйлеседі ме?

2. Заң бойынша да, талап бойыншада борт серіктері мемлекеттік тілді білуі тиіс  «Эйр Астанаға»  мынадай  мемлекеттік тілді білмейтін борт серіктері қажет пе? Сонда компания осындай заңды бұзғыш бортсеріктер арқылы өз атына кір келтіре бере ме?

3. Қазақ тілінде сөйлемегенін «Эйр Астана» бортсеріктері өздері мойындап отыр, ендеше, Оғыз Доған талап еткендей, қазақ халқынан кешірім сұрауы тиіс.

Біз сот отырысын  тура жүргізіп келе жатқан құрметті сот төрешісі Айгүл Тұрсынғызынан мемлекеттік мүддені қорғаған  әділ шешім күтеміз!

Жанат МЫРЗА

Qazaquni.kz

 

 





20 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Казакпай. 7 Желтоқсан, 2017, 02:15

    Тук озгермейди. Бари президентке байланысты. Блесиздер жогарыда отыргандар рессейге жалтактай беретинин. Латынга кошсекте казак тили екинши сорт болып кала береди. Жогарыда отыргандармен олардын туыстары биликтен кетпей,осылай болабереди.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 8 Желтоқсан, 2017, 17:51

      Бұл тым масқара жағдай.Мемлекеттің кадір қасиетін кетіріп тұр.Қазақша сөйлейтін уақыт болды.Үкімет адамдары шет елдік қауымнан ұялуы керек.Құл атанғанша,өлгендері артық .Абыройлы болар еді

      Жауап жазу
  2. Аир Аэрофлот 2 7 Желтоқсан, 2017, 03:29

    Қырғыз басшысы мықты екен өткенде қырғыз тілін білу міндетті деп заң шығарыпты. Ал біздің бас әуе компаниямыз ресейдің әуе компаниясының филиалы сияқты болып отырғаны ұят екен.

    Жауап жазу
  3. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 7 Желтоқсан, 2017, 07:50

    Не деген сұмдық, масқара, Қазақтың Ана тілін білмей олар не істеп жүр, неге білу жайлы талап қойылмаған, сонда 30 жыл ішінде тіліміз жетімнің күйін кешкен жағдайы өзгермеген ғой. Ең сорақысы, олар Қазақстанда қазақтың тілін білуге міндетті емес деген шешім сотпен қабылданса, қазақтың құрығаны да, құлдыраған кезі сол болады. Содан қорқамын, неге тіліміз соншама қайғы-қасірет көріп жатыр. Қашанғы басқа мемлекеттің филиалы ретінде күн кешеміз, басқа елдің тілінде сайраған билік тілдің жағдайын өзгертуге мүдделі емес. Оғыз мырза қазақ көтеретін мәселені өз мойнына алып, қазақ билігіндегі қазақпын дейтіндерге ой салып, қазақ тілінің жанашыры болуға мұрындық болып отыр. Қазақ Елінің тәуелсіздігін ең бірінші болып мойындаған Түркия мемлекеті болатын, енді сол бірінші болған мемлекеттің азаматы Тілімнің қорғаны мен ұяты, намысы мен ары болып отырғаны Оғыз мырзаға мың алғыс.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 08:14

    Қазақ тілін білуге міндетті,талап орындалмаса заң жүзінде талап ете алмай сансырап отырғандарға қандай тәртіп,жаза бар,көрші мемлекеттер құрлы жұмыс істей алмаса неғып отыр,орындарында.жұмыстары бір-бірін не мақтап,не даттап,соттап,не жоғарыға қарап жалтақтаудан аспайтын отырып қалғандарға толып кеткенін көрсетпейме.

    Жауап жазу
  5. Мұстафа 7 Желтоқсан, 2017, 12:04

    Бір қызымнан бір қызым сорақы.Дүзу пікір жаза алмайтын шалалалардан жөнді ой шықпайды.Өзіңді өзің қорлап не болдың қазақ.Не айтсаң да босқа айтқан заманда өтер.Қызыңды ҰЛЫҢДЫ БЕСІКТЕН БЕЛІ ШЫҚПАЙ ТҮЗЕ

    Жауап жазу
  6. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 12:11

    Сот төрешісі Айгүл Тұрсынқызынан үміт күтеміз!
    Биліктен » Тіл туралы заң орындамағандар жазаға тартылады, екі тілді меңгерген адам ғана қызметке алынсын» деген төте бұйырық болмай оңбаймыз. Дегенмен, «жеңеді» деген үмітіміз үкілі!

    Жауап жазу
  7. Арыстае 7 Желтоқсан, 2017, 13:58

    Калбит аузыңды жап сатқын

    Жауап жазу
  8. Майра 7 Желтоқсан, 2017, 16:07

    Борт серіктерінің біреуі де қазақша сөйлемесе,тіліміздің тапталғанының нақты айғағы емес пе. Созбалақтаудың керегі не?

    Жауап жазу
  9. 987654321 7 Желтоқсан, 2017, 16:12

    Бұл біздің елдің слрақы-көрінісі,шын бет бейнесі.Дүниеде біздің елден басқа кім өз тілін білмегенін ,қолданбағаны үшін ақталудың қажеті жоқ деп есептейтін?шен-шекпенді мемлекет тілінде сөйлемейтіндігіне ақталмақ түгіл ұялмайт та.,қажет санамайт та.сорлылық.чуркалық.

    Жауап жазу
  10. Руза 7 Желтоқсан, 2017, 21:33

    Ананың суретіне де қарай алмаймын! айтар сөзім де жоқ, сонша жүйкеме қатты тиіп отыр. Бір отырыста мемлекет тіліне шешіле салу керек қой! Қай мемлекет өзінің бірінші рәмізін қорлатып-қорлап қояды екен, осылай?

    Жауап жазу
  11. Анони 7 Желтоқсан, 2017, 22:39

    ІШ ҚАЗАНДАЙ ҚАЙНАЙДЫ КҰРЕСУГЕ ДӘРМЕН ЖОҚ. ДЕГЕН ЕКЕН. ОСЫЛАРҒА ЖАҚСЫЛАП АЙЫП ПҰЛ САЛСА ҒОЙ ШІРКІН.БАСҚАЛАРҒА САБАҚ БОЛАР ЕДІ.ӨКІНІШКЕ ОРАЙ ОЛАЙ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ. СЕБЕБІ БЕЛГІЛІ.

    Жауап жазу
  12. әсен 7 Желтоқсан, 2017, 23:16

    Орысша суйлейтындер санасы ашылмаган кшкентай бала тайаз ондайдарды мемлекет жумыстарына алмау қажет заң шығару қажет қазақша сөйлемегендерды жумыстан қу қажет қазақша блмегендер қазақ емес орысша суйлегсы келетіндер россияга кетсын

    Жауап жазу
    • Оқушы 8 Желтоқсан, 2017, 02:56

      Аир Астана атауын қор қылмай әуе компаниясы атауын өзнертсін Эир Якутия 2 деп!

      Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 8 Желтоқсан, 2017, 07:47

    Айтатын сөз жоқ,қазақтар өз ана тіліне аудармашыға сүйенетін болса, неге қазақ болып жүр.

    Жауап жазу
  14. ШЕТ ЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАР! 8 Желтоқсан, 2017, 07:57

    Біз айыр астанамен ұшпаймыз!!! ТОЙДЫҚ!!! ҚАЗАҚ-АНА ТІЛІМІЗДІ менсінбейді, ҚҰРМЕТТЕмейді, НАМЫСЫМЫЗҒА ТИІП, ҚАНЫМЫЗДЫ ҚАЙНАТАДЫ ТЕЗ ҚҰРЫСЫН ДЕП ТІЛЕЙМІЗ АЛЛАДАН айыр астананы!!!!!!! Америкада, Еуропада ең бірінші тек өз ана тілдерінде сөйлейді ұшақтарда, егер басқа мемлекеттің адамы болса ағылшынша құрметтейді! айыр астананың 49 пайызын акциясын ағылшындар меңгерген, ал 51 пайызы САМРЫҚ ҚАЗЫНАҒА тиесілі!!!!
    ҚАЗАҚТАР! ҚАЗАҚ ҰШАҒЫМЫЗБЕН ҰШАЙЫҚ ҚАЗАҚ-АНА ТІЛІМІЗДЕ БҰЛБҰЛДАЙ САЙРАҒАН ҚАЗАҚ-АНА ТІЛІ ДЕП ҚАНЫ ҚАЙНАҒАН НАМЫСЫ БАР ҚАЗАҚ ҰШАҚТАРЫМЕН!!!! айыр астана өзі сонда құриды шіріп, ҰШПАҢДАР ОНЫМЕН!!! ЖЕТЕДІ! ТОЙДЫҚ!!! БІЗ БАСҚА ЕУРОПА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҰШАҒЫМЕН ҰШАМЫЗ, ҚАЗАҚ ҰШАҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАЗАҚ АНА ТІЛІМІЗДЕ СӨЙЛЕП, ТЕК ҰШАҚТЫ КӨРГЕНДЕ ҚАЗАҚ ДЕГЕН ИІСІ МҮҢКІП ТҰРҒАН ҚАЗАҚ-АНА ТІЛІМІЗБЕН, АЛ ҰШАҚТЫҢ ІШІНЕ КІРГЕНДЕ ТҰҒАН ҚАЗАҚ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАНДАЙ ҚАЗАҚТЫҢ АСПАПТАРЫ КҮМБІРЛЕГЕН ДОМБЫРАМЕН БІРГЕ, ҚАЗАҚТЫҢ ТАҒАМДАРЫ, ҚЫМЫЗЫ МЕН ШҰБАТЫ МҮҢКІП ТҰРҒАН!!! ПАХ ШІРКІН ҚАЗАҚ ЕЛІ-АЙ ДЕП ӘР МЕМЛЕКЕТТІҢ АЗАМАТТАРЫН БАС ИГІЗЕТІН ҚҰРМЕТТЕП ҚАЗАҚ ЕЛІН ҰШАТЫН ҰШАҚПЕН ҰШЫҢДАР!!! ҚАЗАҚ АЙР!!!ҚАЗАҚ АЙР ТЕЗ КӨТЕРІЛСІН ДҮНИЕЖҮЗІНЕ АТЫДА QAZAQ AIR ДЕГЕН БАЛДАЙ ТАТТИ ЕКЕН!!!

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 21 Желтоқсан, 2017, 12:09

    «Эйр Астана» бортсеріктерінің біреуі де қазақша сөйлемейді ғой» – сот төрешісі

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*