Алматыда «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті

Алматыда «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті
Коалицияның бас қосуына себеп болған жайт – Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясы. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған жиын Алматыдағы Философия, саясаттану және дінтану институтында өтті. Жиында көтерілген басты тақырып – Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың орны.

Қатысушылар жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен «Нұр Отан» партиясының атқарған қыруар жұмысын ерекше атап өт­ті.

Коалиция жұмысына Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясының, «Ауыл» ХДПП, Қа­зақстан Коммунистік халық партиясы, «Ақ­жол» ҚДП қалалық филиалдарының бас­шылары, жергілікті мемлекеттік орган­дар жетекшілері, Қазақстан халқы ас­сам­блея­сының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, ғалымдар, ғылым саласының қайраткерлері қатысты.

Жиынды ашқан партияның Алматы қа­лалық филиалы төрағасының орын­ба­сары Қайым-Мұнар Тәбеев Елбасының қол­ға алған реформаларын демократиялық күш­тер әрдайым қолдап келе жатқандығын ерек­ше атап өтті. – Биылғы барлық кез­десу­лерде күн тәртібіндегі өзекті мәселе­лерді жан-жақты талқылап, өз ойларымыз­ды тиісті орындарға жеткіздік деп ой­­­­лаймын. Биылғы жылымыздың та­қы­ры­бы да ерекше. Сол себепті, аға буын өкілі, қоғам қайраткері, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдар докторы Ахан Бижанов мырзаға сөз берейік, – деді Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы.

Ахан Құсайынұлы өз сөзінде 1991 жыл­дың желтоқсан айында Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниеде алғаш рет қазақ ұлтымен аталатын жаңа мемле­кет пайда болғанын, әлемде халқының са­ны әлдеқайда көп, бірақ жеке мемлекет­тігі жоқ елдер де барына тоқталды. «Ен­де­ше, егемен елдігіміз бүгінгі және келер ұр­­пақтар алдындағы жауапкершілік, осы­ған орай жаһандық тарихқа сүйене оты­рып ай­татын бір ұғым бар» деген спикер тәуел­­­сіздікті сақтау бір белес, оны ны­ғайту мың белес екендігін баса атап өтіп, болашақта бізді ұланғайыр жаңа­лық­­тармен бірге зор жауап­кершілік күтіп тұр­ғанын жеткізді.

– Президенттіміз барлық жауап­кер­шілікті мойнына алып, бүкіл Қазақстан хал­қын өз соңына ерте білді. Нәтижесінде, қол жеткізген жетістіктеріміз көз алды­мызда. Қазақстан тұрақтылық пен бейбіт­шілікті сақтауда әлемде өнеге көрсетті. Ха­лықаралық қауымдастықтардың елі­міз­ге деген көзқарасы өзгеріп, дүниенің төрт бұрышында беделіміз нығайды. Ас­танада өткен EXPO халықаралық көрмесі – осы­ның жарқын нәтижесі, – деді инс­ти­тут ди­ректоры.

Тарих ғылымдарының докторы Хан­гел­ді Әбжанов баяндамасында «Қа­зақ­стан­дық жолды» өнеге етіп көрсетті. Ол ғалымдарға артылар жүктің ауыр екендігін, халық жаһандану тұсында олардан көп үміт күтетіндігін құлаққағыс жасап, ой до­да­сынан ұтқырлықты күтетіндігін айт­ты.

Елбасы рухани жаңғыру жайлы ма­қала­сында хал­қымыздың алдында не күтіп отырғанын біршама айқындап берді. Осы­ны үлгі ре­тінде жеткізген ғалым алар асу­ды ақыл­мен бағындыруды құлаққағыс жа­сады.

– «Жұт – жеті ағайынды» дейді хал­қымыз. Сонау 90-жылдары жеті ағайынды емес, жүз ағайынды жұт шықпап па еді ал­дымыздан. Соның біріне тоқталайықшы. Кеңестік халық шаруашылығының күй­реуі Қазақстанның да жағдайын шие­ле­ністіре түсті, баға шарықтап өсті. Сол ке­зең­дерде Нұрсұлтан Назарбаев кәдімгі өрт сөндірушідей ана отқа бір, мына отқа бір жүгіріп, нәтижесінде шаруамыз шашылған жоқ. Елбасымыздың арқасында жүз жұтты еңсеріп, болашаққа нық қадам бастық, – деді Хангелді Махмұтұлы.

Бұдан соң сөз алған «Ақ жол» ҚДП Ал­маты қалалық филиалының төрағасы Дмит­рий Васильев, Қазақстан Комму­нис­тік халықтық партиясының Алматы қа­ласы бойыншы бірінші хатшысы Әлібек Шәпенов және басқа да ұйымдардың өкіл­дері Елбасының адал еңбегі мен маң­дай терінің қаншалықты жеміс бергеніне ерекше тоқталды. Олар алдағы уақытта да ел ішінде бірлік пен ынтымақты сақтай оты­рып, қазақстандық өнегелі жолды на­си­хаттауға атсалысатындықтарын жет­кіз­ді.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсы­ныстар жасалатын болады. Соның бірі де бірегейі Алматыдағы орталықта әрі аса маңыз­ды жолдың біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге қатысты бол­ды. Жиналған қауым қалалық мәслихат де­путаттарының шешімін қызу қолдай­тынын айтты.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бас қосқан басалқалы жиын маңыздылығымен ерекшеленді.