Салтанат Бақаева: БҮГІНІМІЗ БЕН БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ БАҒАМДАҒАН БАҒДАР

Заманға сай болу, әлемдік сана қағидаларын қалыптастыр, дамыған елдермен Отанымыздың терезесі тең тұруды басты мақсат еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты қазақстандықтардың мүддесіне бағытталған, ұлттық тарих, бүгініміз бен болашағымыз арасындағы дәнекерлеуші көпір іспетті. Білім саласы, тәрбие, отбасы,әр адамның тұлғалық қалыптасуы, ұлтқа деген шексіз махаббат қашан да жүрегімізде сақталуы керек екені, Атамекен ауылымыздың қадір-қасиетін де ұмытпауға шақырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жан-жақты қамтылып, ұлттық мүддеде болуы қуантады!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы келешегімізге нық қадам жасауға, бағыт-бағдарымызды анықтап, нақты мақсат-міндет қоюмызға ықпал ететін жолдау болды. Ұлт көшбасшысы айтқан ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық кодты сақтау үшін әр сала мамандары өзінше ізденіп, жоспарлы еңбек етуі тиіс деген Елбасы мақаласындағы құнды ұсыныстарға Әуезов театрының ұжымы бір ауыздан қолдау танытатындарын жеткізді.