Алматыда Назарбаев даңғылында алғашқы нұсқаулықтар пайда болды

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында алғашқы жол нұсқаулықтары пайда болды. Жол нұсқаулықтары Фурманов көшесін ауыстырған күннің ертесінде бірден қойылып отыр.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Фурманов көшесі биылғы 30 қараша күні мәслихат депутаттарының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстырылған болатын.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жүзеге асырылып жатқан «Almaty Smart City» тұжырымдамасының жаңа нұсқаулықтарға қала бюджетінен бір теңге де жұмсалмағанын жеткізді.

Айта кетейік, тұжырымдама «Billboard Video Digital Broadcast» компаниясының интеллектуалды-ақпараттық навигациялық көлік жүйесі жобасына тиесілі. Жоба жоғары сапалы LED-дисплеймен, борт компьютерлермен, жол апатын білдіретін, ауа райын, курс бағамын хабарлайтын навигациялық хабарлағыштармен қамтылған жол бойындағы метталоқұрылғылардың ақпараттық-техникалық кешенінен тұрады.

Қазіргі уақытта Алматыда дәл осындай 44 медиаборд және жаңа алаңда бір «Jumbo» мегаборды жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «ақылды ХҚО» пилоттық жобасы іске қосылды.

qazaquni.kz