Елбасының ауқымды жобаларын одан әрі жүзеге асыру – жастардың міндеті 

Алматыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен жастар форумында Елбасының мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарында көрінуі үшін сіңірген өлшеусіз еңбегі, әлемдік саясаттағы орны, өскелең ұрпаққа үлгі болар ерекше тұлға екені атап өтілді.

Президенттің елді өркендету мақсатындағы бағдарламаларын ілгерілету, қазіргі кезде қолға алынған ауқымды жобаларды одан әрі жүзеге асыру – жастардың міндеті. Сондықтан Мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығы мен болашағы жастар форумының басты тақырыбына айналды.

Бауыржан Рақышев, кардиохирург:

– Өмір жасының ұзақтығы қанша жылда осындай нәтижеге келіп отырмыз. Жиырма, жиырма бес жылдан кейін. Бұл да әрине аз күш жұмсалған жоқ. Сексен жасқа жету үшін оған да үлкен тер төгу керек. Менің айтқым келетіні, әрбір Қазақстанның азаматы осы Қазақстан гүлденсін, жақсы болсын деп еңбек ететін болса, сексен жас деген меже де алыс емес.

Сонымен қатар, форумға қатысқан жастар Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қатысты ілкімді ойларын да ортаға салды. Жастардың дені аталмыш бағдарламаның елімізге берері мол деп санайды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында әр салада жүрген алматылық жастар бас қосып,  ел үшін аса маңызды тақырыпты талқылап жатқаны құптарлық шара.