Ұлттық этнографиялық төрт томдық кітап жарыққа шықты 

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты төрт томдық еңбек жарық көрді. Бұл жаңа туындыны көпшілікке таныстыру Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті. Этнографиялық сыр-сұхбатқа негізделген төрт томдықты жинап, құрастырған ақын – Қасымхан Бегманов.

Кітап авторы белгілі қоғам қайраткерлері тарихшы, ақын-жазушы, ғалымдармен болған сұхбаттарында қазақ халқының болмыс-бітімі, тарихи, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті туралы әңгіме қозғап, терең талдау жасайды.

Әр томында көтерілген тақырыптар да сан алуан. Ауқымы кең еңбек этнография, қазақ шежіресі, әліпбиі кешегі және бүгінгі отбасылық құндылықтар дүниетаным, қазақтың тегі мен дініне қатысты ұлттық ерекшеліктері жайлы деректерге толы.

Қасымхан Бегманов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Егер қазақтың салт дәстүрі мықты болатын болса, онда біздің барлық жоғымыз түгенделеді. Ел мен жер мәселесі, адами құндылықтардың барлығы. Мені ойландырған ең басты мәселе бұл жерде жастарымыздың мемлекетшіл болуын армандадым. Елбасымыз армандаған, басқарған қазіргі таңдағы рухани жаңғыруымызды осылай іске асыра береміз деп ойлаймын.