«Zhastar Innovation» байқауында 11 жоба үздік деп танылды 

Алматыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дәстүрлі «Zhastar Innovation» байқауының қортындысы жарияланды. Қалалық әкімшілік пен «Qadam intech» қоры бірлесе өткізген байқауға биыл 1085 үміткер қатысқан. Олардың арасында өнертапқыш жастармен қоса кәсіпкерлер де болды. Бұл жобаның негізгі мақсаты жастардың инновациялық жобаларына қолдау көрсетіп, ынталандыру. Және үздіктерін өндіріске енгізу. Барлық жұмыстарды саралай келе қазылар алқасы 11  адамды жеңімпаз деп таныды. Байқаудың жалпы ұтыс қоры – 7 миллион теңге.  Үздіктер қатарынан көрінген Дастан Рахатов «бозбала» роботын ойлап тауыпты. «Бұл жинақ барлық мектеп оқушылары үшін өте тиімді», – дейді жоба авторы.

Дастан Рахатов, байқау жеңімпазы:

– Біздің жинақты негізі 12 жастан бастап барлық балалар қолдана алады. Мектепте болса, физика және информатика сабақтарымен бірге қолданып, физикалық неше түрлі заңдарды және эксперименттер жасауға болады. Және осы біздің жинағымыздағы микроконтрельді сипласплас және си тілдерінде программалауға болады.

24.kz