Алматыда жаппай сырғанауға арналған екі мұз айдыны ашылды 

Біреуі әл-Фараби даңғылы бойындағы Елбасы саябағының қасында. Мұнда кез келген уақытта келіп, тегін коньки тебуге болады. Тек коньки жалға беріледі. Жалпы ауданы 840 шаршы метрді алып жатқан мұз айдынының ашылу рәсіміне қала басшылығы мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты шара барысында Қазыбек Байболов атындағы спорт мектебінің өрендері мен «Olympic ice» тобының жеткіншектері өнер көрсетті. Қала әкімдігі желтоқсан айының соңына дейін шаһар бойынша 6 тегін сырғанау алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.

Әбіл Донбай, Алматы қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:

– Жалпы қалада 20  мұз айдыны болады. Оның төртеуі – жеке  кәсіпкерлердің қаражатымен құйылатын мұз айдындары. Әлеуметтік тапсырыстар 9 мұз айдыны болады. Сол әр әр ауданда бір-бірден осындай мұз айдыны толық 24 сағат жұмыс істейтін болады. Техникалық үзілістерді қосқанда. Оның үстіне бұл жерде конькиді жалға алу сауда нүктелері болады.

24.kz