Алматылық курсант рекорд жаңартты

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанты Ермек Еркінұлы академия тарихында болмаған рекорд орнатты. Ол белтемірде 1033 рет ішпен айналу жаттығуын жасады. «Спорт десе ішкен асын жерге қоятын 1-оқу дивизионының курсанты, сержант Ермек Бекжанов оқу дивизиондары арасында өткізілген жарыстардың бірінде, бұрын соңды академия тарихында болмаған оқиғаның себепкері атанды. Ол белтемірге төңкеріліп ішпен айналу жаттығуын тоқтаусыз 1033 рет жасап, қарулас достарын таңқалдырды. Осындағы шекарашылардың айтуынша, аталған жаттығуды осыдан он жыл бұрын бір жылдық оқуға келген курсант 333 рет істеген», – дейді Жанат Жабырбеков. «Белтемірге ұршықша айналу оңай емес. Жаттығуды орындау барысында екі білегім талып, алақанымның ішкі терісі сылынып қан сорғалай бастады. Соның өзінде жоқ дегенде мың рет жасауға тырыстым. Кейіннен тағы да намысқа тырысып, отыз үш рет жасауға әлім жетті. Сөйтсем курсанттардың арасында ең көп жасаған мен екенмін», – дейді Ермек Бекжанов. Жанат Жабырбековтың айтуынша, Ермек Бекжанов Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданына қарасты Қоран ауылында дүниеге келген. qazaguni.kz