"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қостанай әкімдігі 16 желтоқсанда Жаңа жылдық шыршаны жақпақшы

Қостанайда биіктігі 22 метрлік шыршаның шамы 16 желтоқсанда жағылады

Қостанай қаласында биіктігі 22 метрлік шырша орнатылады, бұл туралы қаланың әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш МАДИЯРОВАНЫҢ айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі.

«16 желтоқсанда сағат 12:00-де облыстық әкімшілік алдында концерттік бағдарлама өтеді. Осы күні кешке басты шырша жағылады. Бұған қоса, Гашек көшесі мен КСК шағын ауданында тағы екі шырша орнатылады. Тобыл өзенінің жағалауында сырғанақ тұрғызылып, орталықта мұз қалашығы бой көтереді», – деді бөлім басшысы.

Жалпы, қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге 18 млн теңге бөлінді. Дайындық жұмыстары 1 желтоқсанда басталады.





12 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Алаш 30 Қараша, 2017, 14:13

    Архимед молодец чехал на 16 декабря

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 30 Қараша, 2017, 16:40

    17 желтоқсан 1986 жыл құрбандарын ұмытпау керек.Оларды ерекше құрмет тұту керек.

    Жауап жазу
  3. Айқын 30 Қараша, 2017, 17:29

    Бұл әкімшілік ке кім неге руқсат берген?.Еш қандай шара өтпейді 17 желтоқсан ды өткізбей..

    Жауап жазу
    • Гульнар 1 Желтоқсан, 2017, 09:26

      сұмдық қой.шырша жаққанша желтоқсандықтарды еске алып дуға оқымай ма?билік басы солай істесе балық басынан шіриді ғой.

      Жауап жазу
  4. Қазақ жері 30 Қараша, 2017, 21:09

    Бұл əкім елдің заңына бағынбайтын ресейдің губерниясы деп ойлап қалғао ба?-бір республика түрлі-түрлі іс қылады.бір жағында аруақтарға құран оқытып туды түсіріп жатса ,бір жағы шырша жағып ал маған не істейсің кесіп аласың ба деп шыршаны айланып жүре ме?-масқара!

    Жауап жазу
  5. Айдын 30 Қараша, 2017, 21:28

    25 күні бастаса да кеш болмайды

    Жауап жазу
  6. Оқырман 1 Желтоқсан, 2017, 02:09

    Гашек деген да көше бар екен ау елімізде

    Жауап жазу
  7. Bag'dat 1 Желтоқсан, 2017, 17:02

    Не деген адам ози аким жана жыл кай атаннан калган мереке оданда 16 Желтоксан курбардар куни кып тауелсиздик куни кып тойламайма

    Жауап жазу
  8. Руза 2 Желтоқсан, 2017, 16:09

    Тәуелсіздікті шыршамен басамыз деген сөзғой, бұл!

    Жауап жазу
  9. Мұстафа 4 Желтоқсан, 2017, 17:20

    Елде президент билігі емес пе.Айттым болды емес пе.16 .17 желтоқсан Намыс оянған күн .Егемендікке жол ашқан күн емес пе.Сайөрлеген əкімдерді тəубасына келтіретін уақыт жетті емес пе.Емес пе.ЕМЕС ПЕ.

    Жауап жазу
  10. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 16:21

    Қостанай қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярова мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімін басқаруға лайық емес.
    «16-желтоқсанда шырша жағылады» деп тілі бұралып қалмай қалай ғана айтып отыр екен.Егер қаны мен жаны қазақ басшы болса солай айтуға жүрегі дауламас еді. Бұл барып тұрған санасыздық! Өйткені, 16-желтоқсан – Қазақтардың желтоқсан көтерілісіндегі қасіретті ойлап қамығатын, батыр боздақтарға құран бағыштап сағынатын күні. Құдайдыңт басқа күні құрып қалғандай дәл 16-желтоқсан күні шырша жағу – Тәуелсіздіктің сәулесі түскен қасиетті күнді мазақ ету деп түсіну керек. Сондықтан Қостанай қаласының әкімдігі ШЫРША ЖАҒУ КҮНІ ӨЗГЕРТСІН.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*