"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды

 

 

 

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдаламасы дәстүрлі өнерге де дем беруде.  Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды.  24 қарашада «Шебер-2017» республикалық байқауының соңғы кезеңі өтті.

Байқауға Қазақстан бойынша 90 өтініш келіп түскен. Ақтық сайысқа 36 бұйым өтіпті. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша марапатталды. Жыл өткен сайын әділқазылар үздік шеберді анықтау қиынға түсіп жатыр, дейді.  Себебі, қолөнер бұйымдарының сапасы жылдан-жылға жоғарылап барады. 2017 жылдың ең үздік шеберіне Қазақстан қолөнершілер одағының арнайы марапаты – «Хас шебер» атағы берілді.

Шараға қатысқан қолөнершілер «Рухани жаңғыру» аясында өтіп жатқан бұл байқаудың берері мол дейді. Олардың айтуынша, бұл қазақ қолөнерінің дамуына серпіліс сыйлайтын шара болмақ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы  қанат бітіріп, шабыт сыйлаған қолөнер шеберлері  жаңа дүниелер тудыратыны анық.

qazaquni.kz

 


Ілмектер:
Алматықолөнер



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. жақсы жаңалықты жаман жасаудың жарқын үлгісі 4 Желтоқсан, 2017, 08:34

    Хас шебер, хас шебер демей, біреудің атын айтса қайтер еді?! Көргім келсе, алғым келсе қайдан нені іздестіремін?!
    Еш мағынасы жоқ ақпар, жылын өзгертіп, санын екі есе көбейтіп 2018 деп бере берсеңіздер болады, тек жүргізуші ң-ды айтып үйренгені дұрыс.
    Сөйлей алмайтын адам қалай ел елдында сөз айтады, адам деген өз кемшілігін бірінші байқауы тиіс емес пе?!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*