"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қуандық Бишімбаевтың зәулім коттеджі табылды

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жауап берген «Шымкентхиммонтаж» зауытының бұрынғы директоры Жақсылық Исабек экс-министрге лобби жасау үшін 2 миллион доллар пара бергенін айтты. Алайда бұрынғы Ұлттық экономика министрі тағылған айыптармен келіспей отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жақсылық Исабектің айтуынша, ол Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына қатысу үшін Бишімбаевқа ауызбастырық беруге мәжбүр болған.

– «Бәйтерек» холдингімен келісімге келіп, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына араласқымыз келген. Бірақ, ол оңай болмағандықтан, таныстардың көмегі арқылы  Бишімбаевпен мейрамханада кездесіп, сөйлескенбіз. Сол кезде ол жобаға қатысқың келсе, пара бер деп ашығын айтқан. Сұраған сомасы 2 миллион доллар, – деді Исабек.

Қыруар ақшаны Исабек 10 күн ішінде тауып беруге келісіпті. Сөйтіп, ақшаны досынан қарызға алып, кейін оны Бишімбаевтың бауыры Нұрлыбек Сұлтанға берген. Пара алмасу үшін «Ақсәуле» дейтін құпия сөзді айыпталушылар осы кезде қолданған екен.

Ал осыған дейін «Бәйтерек Девелопменттің» бұрынғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев Бишімбаевтың тапсырмасымен Астана іргесіндегі Қосшы ауылында зәулім коттедж салғанын айтқан болатын. Бірақ, экс-минитсрдің адвокаттары ешқандай коттедж жоқ деп отыр.

– Жылжымайтын мүлік тіркелмейінше оны үй деп санауға болмайды. Бишімбаевқа тиесілі делінген коттедж ешқайда тіркелмеген. Сондықтан, заң бойынша оны үй емес, тек құрылыс материалдары деп айтқан дұрыс, – деді Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин.

Бірақ, Қосшы ауылындағы мына ағаштан салынған хан сарайындай үйге қарап олай деп айту қиын. Министр бюджеттен ұрлаған ақшасына салды деген коттедждың құрылысы толығымен аяқталған, – деп хабарлайды КТК тілшісі.

Ұлттық бюроның мәліметінше бұл коттедждің құны 100 миллион теңгеден асатын қыруар қаржыға бағаланған.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Казакпай 24 Қараша, 2017, 14:08

    Биликте отырып 10 000 тенге жеседе жауапка Тарту керек. Жатырдан шыкпай жатып миллиардтап урлау деген нагыз жауыз Адам. Олим жазасын беру керек ,баскаларга сабак болады. Онбагандар байлыктын барин шетелге сатып калганын оздери тонап жатыр. Дени дурыс басшы керек. Енди он жылдан кейин ештене калмайды Казак Елинен.

    Жауап жазу
  2. аноним 24 Қараша, 2017, 15:33

    Күнде газетке басылып шығып жатыр пара беріп ұсталып жатыр деп. Қарақтарым-ау қалай осындай тірлікке барасындар. қойсандаршы енді

    Жауап жазу
  3. Мұстафа 26 Қараша, 2017, 16:28

    ТОЗАҚТА ҚАЗАҚ тозақтын шығуға ұмтылғанды аяғынан тартып жармасып қайтседе кесірің тигізуге дайын тұрады дейді ғой тозақпеннн қорқытып үркітетін молдалар.Жаптым жалаға анығына жетпей табалау тас лақтырып ит қосқан жараспайды қазағыма.

    Жауап жазу
  4. казхти 28 Қараша, 2017, 04:01

    кезинде акеси коп адамдарга азап берген деп естип едим ректор боп жургенинде сонын жемисин корип жатир екенда.

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 12 Желтоқсан, 2017, 13:35

    Быздын мемлекетте жемкорлыктан ешкым кутылмайды, себеп: Букыл шенеунычий легион солай тарбиеленген.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*