Алматыда Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына музыкалық қойылым өтті

Картинки по запросу алатау театры

2017 жылғы 17 қарашада, сағ. 19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғимаратында «Рухани жаңғыру» аясында Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай музыкалық қойылым өтті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Шара барысында – Әсет Найманбайұлының дүниетанымы, ой тереңдігі, әсіресе, айтыс жанрында кеңінен танылғаны баяндалды. Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжан, Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмбет ақындармен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұғман – Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса-дастандары, «Жас жігіт надандықпен алданады», «Өсиетнамада», «Сеніспей уағдалы серттен қайтпа», «Жақсы әйел», «Жасболат кісі-ақ едің алшақтаған», «Қарақұрсақ Күшік болысқа» және «Төртқұл Ақболаттың биі Кәріпке айтқаны», «Ақырғы сөз», «Жас шама» т.б. шығармалары бар.

Сонымен қатар А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударып (еркін аударған), оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны – оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде («Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қарагөз», «Мақпал») психологиялық тереңдік пен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалық Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл – оның қалыптасу, өзіне тән мәнер-нақыш табу кезеңі еді. Ақан сері әндеріндегі құбылмалы қайырымдар, ән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерешеліктері Әсет әндеріне де тән. Сондай-ақ, Әсет «Ырғақты», «Аққарагер», «Майда қоңыр», «Жалған-ай», «Сырмақ үйкер» т.б. әндері мен қисса-дастандары шырқалып, өмірінің соңына дейін өнер жолында аянбай тер төгіп, жан-жақтылығы және еңбекқорлығымен өзін көрсете білді. Қойылым театр әртістерінің қатысуымен өтеді.