Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Алматы обылысының Қапшағай қалалық соты Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға шешім қабылдады.

Қазақстан Журналистер Одағының басшысы Сейітқазы Матаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп мәлімдеді қорғаушысы Андрей Петров Sputnik агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сот үкімі 15 күн ішінде күшіне енеді. Алайда прокурор бұл шешімге шағым айта алады.

«Прокурор түбегейлі қарсы болды. Бірақ сот өтінішімізді қанағаттандырды. Егер қарсы наразылық болмайтын болса, біз Матаевты үйге әкетеміз», – дейді адвокаты.

Айта кетейік, 2016 жылы Астана соты салықтан жалтарып, алаяқтыққа барды деген айыппен Журналистер одағының бұрынғы төрағасының мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры болған ұлы Әсет Матаев та әкесінің артынан 5 жылға сотталды. Ал, 2017 жылдың сәуірінде Сейітқазы Матаевтың жазасын өтеу уақыты 2 жыл 8 айға қысқарған.