Алматыда «Тіл – парасат» аудандық байқауы өткізілді

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары (өзге ұлт өкілдері) арасында, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, 2017 жылдың 14 қарашасы күні «Тіл – парасат» атты аудандық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Байқауға қатысушылары ұсынылған тақырып бойынша, дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау, берілген тақырып бойынша эссе жазу, таңдап алынған билеті бойынша, жұппен ауызша диалог құру, «Шабыт жұлдызы» қазақша ән орындау, би, күй, немесе көркем шығармадан үзінді оқу бойынша сайысқа түсті. Байқаудың қазылар алқасы құрамына аудан мектептерінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушылары шақырылды. Сайыскерлерді қорытындылай келе, бірінші орынды Нархоз Университетінің студенті Те Милена иеленді, екінші орынды Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің студенті Ким Камила иеленді және үшінші орынды Алматы көпсалалы колледжінің студенті Василенко Анастасия Максимовна иеленіп, тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.