Мәйітхана қызметкерлері марқұмның туыстарына басқа адамның мүрдесін беріп жіберген

Журналистік зерттеу жасауға ортаға бір тақырып тастасам деп отырмын: "Мәйіт сататын мәйітхана"... Жақында бауырымыздан айырылдық... Әлі өз-өзімізге келе алмай, есеңгіреп жүрміз... Айтайын дегенім, Алматыдағы орталық мәйітханадағы (Байтұрсынұлы - Қазбек би көшелерінің қиылысында) бассыздық...

1. Мәйіттің қалтасында жеке куәлігі, тұрақты мекен-жайы бола тұра, бірнеше күн бойы туыстарына (бізге) хабарламаған. "Хабарлау полицияның міндеті, біз хабар беруге міндетті емеспіз" дер. Ендеше мәйіттің кім екені белгілі жағдайда, дәл бүгінгідей ақпарат секундта жер-жаһанға тарайтын заманда максимум 3 сағаттың ішінде туыстарына хабарлауға полициямен қатар, мәйітхана қызметкерлерін де міндеттейтін заң қабылдануы тиіс!

2. Мәйітхананың көрінісі: өлі денелер тас еденде бірінің үстінде бірі үйме-жүйме жатады екен. "Өлі риза болмай тірі байымайды" деген қазақ емес пе едік??? Мәйітханадағы мәйіттерді шетелдік кинолардағыдай цивилизованный суырма-жәшіктерге жатқызуға болмай ма??? Жалпы, сол "орталық" деген аты бар мәйітхана 20 ғасырдағы тозған малханаға ұқсайды... Аз-маз медициналық мекеме сияқты сипат беруге болмас па еді?

3. Мәйітті сататын саудагерлер ол жерді көлеңкелі бизнес көзіне айналдырғанын бәріңіз білесіздер... Жарайды, мәйітхананың шығындары бар делік. Ол шығындар мемлекет тарапынан қаржыландырыла ма? Әрине. Егер мемлекеттен бөлінетін қаржы жетпейтін болса, онда сол мемлекет (үкімет) нақты жағдайларға (мәйітті жуу, бальзамдау т.б қызметтер, мәйіттің сақталу күні, сойылу-сойылмау жайы, марқұмның әлеуметтік-материалдық жағдайы, артында қалған бала-шағасының саны мен жай-күйі т.б.) байланысты нақты тарифтерді бекітсін. Сол бойынша кассаға төлеп, төленгені туралы чек берілсін... Әйтпесе, мәйітхана қызметкерлерінің тірлігі қорқынышты.... Кешкі 6-дан кейін мәйітті көру үшін жалынасың, қалтасын "майлайсың"... Аузына келген бағаға бағалайды да, қалтасына сүңгітеді...

4. Кешке, түнде мәйітті неге бермейді? "Бастықтың рұқсаты керек, қол қою керек, таңертең келіңдер..." Мәйітті жерлеуге асығу Ислам тұрғысынан ғана емес, қай жағынан алып қарасақ та дұрыс. Сондықтан мәйітханада түнде де алып кетуге рұқсат бере алатын кезекші (жауапты) қызметкер отыруы тиіс.

5. Бір жездеміз айтып беріп еді: туысқан қарындасы қайтыс болып, мәйітханадан алып кетуге барады. Сұрағандарын береді... Олар орап, көлікке салады... "Неге екенін білмеймін, ішімнен бірдеңе түртпектеп, көлікте жатқан марқұмның бетін ашып қарадым..." дейді. Қараса, мүлде басқа қыздың мәйітін салып жіберген... Міне, ол жерде осындай да сорақылықтар болады... Ең бастысы, мәйітті көрсету үшін (опознание) ақша алғанды, мәйітті сатқанды тоқтату керек... Осы "жабық" мекеменің жабық былықтарын ашып, әшкерелейтін журналист болса, бар халық алғыс айтар еді... Бәріміздің басымызға түсетін жағдай... Ерте ме, кеш пе, бәріміз баратын жер... Өліні құрметтейтін халықпыз... Мәйітхана мәселесін көп болып көтерейік, бөлісіңіздер... Сонда бір нәтиже шығар...

Сәуле Әбілдаханқызы,

Фейсбук парақшасынан