Әуезов ауданында күзгі бал өтті

2017 жылдың 24 қарашасы күні, Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышевтың қатысуымен, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында, «Халықаралық студенттер күні» мерекесі аясында, жоғарғы оқу орындары және арнайы орта оқу орындары арасында «Күзгі бал» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ауданның мәдени өміріне белсенді қатысатын, өздігінен қызмет етуге қабілетті ұжым қалыптастыру. Байқаудың міндеттері: студенттерді «Күзгі бал» байқауына қатыстыру арқылы патриотизмдік, азаматтық, мәдениеттілік қасиеттерге тәрбиелеу; студентер қауымының шығармашылық қабілеттерін дамыту және айқындау; студенттердің бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу; сахналық шеберлік дағдыларын дамыту. «Күзгі бал» аудандық байқауы 4 кезеңнен тұрды: таныстыру; «Өнерің өрге жүзсін» (ән, би, сахналық қойылым); «Сән үлгісі» және «шаш үлгісі»; көрме, үздік сурет және икебана. Байқаудың шарты бойынша әр жоғарғы немесе арнайы орта оқу орындары Нархоз Университетінің фойесінде көрме ұйымдастырды. Байқаудың қазылар алқасы құрамына Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, стилист-модельер, «Ерке-нұр» компаниясының президенті Фарида Мерхамидқызы, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қазақ сәндік қолданбалы өнер орталығының аға ғылыми қызметкері, өнертанушы Гүлнәр Жұбаниязова, әйгілі шоумен Данияр Хихметов енді. Байқаудың жеңімпаздарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.