Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы қалай жүзеге аспақ?

Астана қаласындағы №69 гимназия мектебінің базасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеушілер мен 6, 8, 10-сыныпқа арналған жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші авторлардың жұмыс бабындағы кездесуі өтті. Мұндағы мақсат: негізгі орта білім беруге арналған жаңар­­тылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының ерекше­ліктерін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер мазмұнының бағдарламаға сәйкестігін талқылау. Кездесуге 53 оқу бағдарла­масын әзірлеуші автор, 50 оқу­лық­тар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші автор, мұғалімдер мен әдіскерлер, білім беру басқармаларының өкілдері және «Арман-ПВ», «Атамұра», «Білім», «Көкжиек-Горизонт», «StudyInn», «Келешек-2030», «Географиядан Рес­пуб­ликалық атаулы мектеп», «Мacmillan», «Oxford», «Мектеп», «Алматыкітап» бас­па­ларының басшылары мен қызметкерлері, барлығы 200-ден астам адам қатысты. Жұмыс барысында кездесуге қатысушылар тарапынан үлгілік жұмыс бағдарламалары мен оқулық мазмұнына түзетулер енгізу және олардың мазмұнын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды. Сая ЕРМЕКОВА qazaquni.kz