Рамзан Қадыров: Лениннің мүрдесіне қашанғы қарай беруге болады

Картинки по запросу рамзан кадыров ленин

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram желісіндегі каналында Октябрь революциясының көсемі Владимир Ленинді жерлеу керектігі туралы мәлімдеді.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өз басым Лениннің мүрдесін жерлеу керек деп санаймын. Оның мүрдесіне қашанғы қарай бересіңдер. Бұл ақылға қонымды, адами қадам болар еді», — деп жазды ол.

Қадыровтың сөзінше, Ленинді жерлеу "тарихи көзқарас жағынан ең дұрыс шешім болады".

«Тек Ленинді ғана емес, сонымен қатар, наиб имам Шәміл Қажы-Мұратты да жерлеу керек, оның бас сүйегі әлі күнге дейін Санкт-Петербургтегі музейде сақтаулы тұр», — деді Шешенстан басшысы.