"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

Әнші Меруерт Түсіпбаева пәктігінен айырылып қалған қызға оны жасатып алуға кеңес берді.  Жігіттер мұндай шындықты ұнатпайды әрі жылдар өткеннен кейін бетіңе басуы мүмкін деген Түсіпбаева көпшіліктен ақыл сұраған бойжеткенге өз ойын осылай жеткізді,-деп жазды Stan.kz.

«Еуразия Бірінші» арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасына  пәктігінен айырылып қалып, тұрмысқа шығуға қорқып жүрген қыз бетін жауып келді. Ол психологтан, имамнан тағы да бағдарлама қатысушыларына басындағы жағдайды айтып, кеңес сұраған еді.

«Мені мектеп кезінде бір жігіт қатты сүйді. Оны ұнатпай, басқа жігітпен көңіл қостым. Бірнеше жыл жүріп аяғым ауыр болды. Оны жігітіме сүйіншілеп жеткізген кезімде «Қандай бала? Негізі менің отбасым бар» деп айтты. Баланы алдырдым. Енді сол мектепте маған ғашық болған жігіт үйленуге ұсыныс жасап отыр. Ол мені өте тәрбиелі деп таниды. Енді жақын күндері ата-анамызға айтып, үйленудің қамына кіріспекші. Не істерімді білмей отырмын»,-деді бойжеткен.

Бағдарламаға қатысып отырған имам және психолог,  үш қыз тәрбиелеген ана бойжеткенге жігітті алдамау керектігін айтты. Ал әнші Меруерт Түсіпбаева болса тура осы жерде шындықтың ғашықтар қарым-қатынасын құртатынын айтты.

«Неге бәріңіз шындықты айт дейсіздер? Ертең ол жігіттің көңілі суып кетеді. Оданда кешірімді Алладан сұрап, жігітті алдаған дұрыс. Себебі сен шындықты айтқаныңмен ол кешірмей қалса қалай болады? Кешіргеннің өзінде бірнеше жылдан кейін бетіңе басса ше?. Біз тең жаратушыдан ғана кешірім сұрауымыз керек.

Жаңа имам кісі де солай айтты ғой. Жігіттен кешірім сұрау міндетті емес. Қазақтың жігіттері пәктікке қарап қалған. Мысалы мен келінім пәк болмаса да жақсы қабылдаймын. Балам екеуі бақытты болса болды. Екеуі қырылысып жүрсе мен оның пәктігін қайтемін?»,-деді әнші.





23 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мұстафа 1 Қараша, 2017, 17:27

    МЕРУЕРТТЕР ҚАЗАҚЫ ТƏРБИЕДЕН АДА ОРЫС ПОРЫС МОДЕЛІ.Қаптап кеткен əншіден садақа кеткірлер қазаққа жөн айтпаса екен.Пəктіктен жұрдай қыздар ана боп жарытпайды елді.Абыройыңды сақта қазақ .

    Жауап жазу
  2. орынбасар 1 Қараша, 2017, 22:54

    тусипбаева меруерт қандай жиіркенішті адамсың қандай тарбиелік ақыл айтып отырсың дүрыс айтады сенен қандай ана шыгады меруерт баян бәрі бір қалыптан шыққан

    Жауап жазу
  3. Жан 2 Қараша, 2017, 10:19

    Меруерт ақыл айтуға лайық емес адам. Ұят, намыс дегеннен жұрдай. естерінізде ме пәтер сыйлады маған 3 бөлмелі деп мақтанған едиғой, соны қалай алды, жаңартқан шығар жыртығын

    Жауап жазу
  4. Қазақ 2 Қараша, 2017, 12:41

    СОЛ КЫЗДАР ДА ҰЛДАРДА АКЫМАКТЫК ЖАСАП ӨМІРДЕ КИНАЛЫП ЖҮР. ИМАНЫ БОЛСА ТЫНЫШ ЖҮРЕТІН ЕДІ…..

    Жауап жазу
  5. Bekbol 2 Қараша, 2017, 12:49

    Basqalary endi quana-quana tesile beredig’oi’. Es’ten’e etpes, jamai’ qoi’amyz dep.

    Жауап жазу
  6. Bekbol 2 Қараша, 2017, 12:50

    Pa’ktik – s’ulyqqa ten’ zaman bul. Jyrtylyp qaldy ma? Jamap alasyn’

    Жауап жазу
  7. Тарбагатай 2 Қараша, 2017, 13:22

    Латын алы енген жок саммитгулдер, латынша жазуда! …? Неге? …Сол откенымызге тукыргышпызгой! …

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 2 Қараша, 2017, 14:42

    Алла сақтасын,дегенмен әркімнің өзіндік пікірі болады? Яғни жігітті алдамау қажет ол ертеңгі күні біліп қалатын болса оданда бетер қиын болады? Егер шын сүйсе оны түсінеді ғой.Бірақ алдамау қажет.

    Жауап жазу
  9. Айка 2 Қараша, 2017, 14:42

    Алла сақтасын,дегенмен әркімнің өзіндік пікірі болады? Яғни жігітті алдамау қажет ол ертеңгі күні біліп қалатын болса оданда бетер қиын болады? Егер шын сүйсе оны түсінеді ғой.Бірақ алдамау қажет.

    Жауап жазу
  10. жан ашыр 2 Қараша, 2017, 21:37

    Осындай шоу бағдарламалар көбейген сайын дау дамай да өршіп барады. қажеті жоқ. Адам тағдыры ойыншық емес. Ашық ТВ алдында өз халқымызды қорламайық та ағайындар ау. Бұрын ақыл айтса оңаша жасырын жерде айтып тәрбие беруші еді ата бабаларымыз сол дәстүрімізді неге сақтамаймыз. «Қалаулым» , «Кеш қалмаңыз» , керек емес бағдарламалар

    Жауап жазу
  11. асыл 4 Қараша, 2017, 11:34

    турмыска шыкпастан бурын бар шындыкты айту керек есесине озин ар азабынан таза боласын егер сени шын унататын адам болса оган сенин откен омирин кызыктырмау керек шындык бир биринизге сенимдилик осыдан басталады ештене жасырын болмауы керек нагыз отбасы осыдан басталады

    Жауап жазу
  12. лаура 5 Қараша, 2017, 04:10

    иә,қазір менің де есіме «қалаулым» түсіп күлкім кеп отыр. қазаққа берер ешқандай пайдасы жоқ. анау аша матай дегенде мүлде ұят жоқ. мен бұл бағдарламаны дейді, өзі сол жерде 25 қатысушыны жинап алған, соларды үйлендіруім керек дейді, сол үшін аштым дейді. әй, айналайын-ау әр адам өзі шешпей ме кімге күйеуге тиеді, кімді әйел ғып алатынын?!! және ол қатысушылар апта сайын есеп беріп отыруы керек…

    Жауап жазу
  13. Гулайым 5 Қараша, 2017, 05:27

    мың жерден жігіт сүйседе қыз бала ұстамды болғаны дұрыс ер жігіттің несі кетеді

    Жауап жазу
  14. Қолқоюсыз 5 Қараша, 2017, 05:30

    Жігіттер осы қыз баланы кінəлі ете бермей өздеріңдіде тəрбиеге келтіріп алыңыздаршы қыз бала табиғатында нəзік сөзге сенгіш болады соны пайдаланып бəрін бүлдіріп аласыңдарда жүресіңдер

    Жауап жазу
  15. Гулайым 5 Қараша, 2017, 05:47

    мың жерден жігіт сүйседе қыз бала ұстамды болғаны дұрыс ер жігіттің несі кетеді Жəне жігіт қауымы қазақтың салт – дəстүрін біле тұра қыздарды жаман етуге құмарсыздарғой

    Жауап жазу
  16. Нұрмұхан 5 Қараша, 2017, 23:33

    Сендер Түсіпбаеваны кінəлəйсіңдер немене телевизор көрмейсіңдер ме газет оқымайсындар ма əлде бəрін пəк болып шығып жатырсындар ма қаладағы жезөкшелердің көбісінің қазақтар екенін тоқалдардың қазақтар екенін сендер білмейсіңдер ме.Түсіпбаева ащы да болса өмірдегі шындықты айтып отыр.Əйелдеріннің қайда жүргенін біліп алыңдар бірінші еркек болып көрінгілерін келгендерін

    Жауап жазу
  17. Нұрмұхан 5 Қараша, 2017, 23:39

    Қазақтың қыздарын алдап кететін сонан кейін өсектеп мақтанатын да қазақтың жігіті ал тəртіпсіз қыздар да көп мысалы астанада дəулет дүкенінің жанында шулап жүр өздері қазақша сөйлейді ресми тілді білмейді.Орыс дейсіңдер осыған да Түсіпбаева кінəлі ма?

    Жауап жазу
  18. арман 7 Қараша, 2017, 13:36

    рас мойындау керек меруерт беделді жақсы даусы бар уақтында әндерін іздеп жүріп тыңдадық тойларда сол әнге биледік бірақ бұл осындай ұлттық намысқа тірелетін бүкіл елге әсер ететін тақырыпқа пікір айту дегенді білдірмейді ал сұрадың айтты осыма керегі бір сақау қатын айтқан екен дейді әркім байын сойады деп ренжуге болмайды ойының санасының ақылының жеткенше айттыренжісек осыны қажетсініп отырған қоғамға тікелей эфирге жіберіп отырған арнаға және өзімізге ренжиік осы күні күліп отырып неге күліп отырғанын ұмытып қалатын жағдайдамыз әйтеуір бір күні күлкімізді тия алмасақ болмаса болғаны ойлаудың өзі қорқынышты

    Жауап жазу
  19. арман 7 Қараша, 2017, 13:51

    және талқылауға қатысып пікірін білдірген дін өкіліойын екіұштылауқылып жасқаншақтап айтқандай болды саясатқа барғаны көрініп тұр дұрысты дұрыс деп кесіп бетке айтатын заман кеткенбе деген ойға қалбым керісінше осыны меруерт тиімді пайдаланып кетті өкінішті әрине

    Жауап жазу
  20. Қайырхан 10 Қараша, 2017, 23:47

    Адам баласын ешқашан алдауға болмайды,Әсіресе қыз балалар алдағы уақытта жұрттың бәрі өтірік айтатын болады,Ойнас жасап қыздығынан айырылса өзі кінәлі бәріне,кім болса соған дос болдым сүиіп қалдым деп қимасыңды бере салуға бола ма,Атының өзі айтып тұрған жоқпа,қимасым деп,Енді соны қалай ғана қиып бересің,таса жерге барып,Қимасынан айырылған қыз өзінен басқа ешкім кінәлі емес оған,Ақ босағаны аттап,ақ төсекте ғана көрсету керек қимасыңды,Одан бұрын берген, тек ойнасқа ғана жатады,

    Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 10:14

    Меруерт, бықсымашы.

    Жауап жазу
  22. Айжан 21 Қараша, 2017, 15:40

    Меруерткі дұрыс деп ойлаймын, куйеме пәктігімді сыйладым, 7 жыл тұрдық 2 бала бар, қазір ажырасып екі балалы қатынға кетті. Қыз кезімде қанша жігіт сөз салды,қарамай ол жігіттерге, жігіттімді күтіп текқана соныкы болам деп жүргенім бекер болғанын түсініп отырмын. Өз балдарын тастап біреудін баласын бағыотырғой қазір.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*