"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

АТАМА ТІЛ ТИГІЗБЕ, АТАМБАЕВ, АТАУСЫЗ ҚАЛАСЫҢ!

Ежелден туыс  екі елдің арасына от тастап сөйлеу – ел басшысының емес,  есердің сөзі

 

 

Туысқан Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың  өз еліндегі президент сайлауы жақындаған сайын жаны қысылып, жанталасып келе жатқан сияқты.  Оны кейінгі сөзінен,  Қазақ еліне ағайынбыз деп сөйлеп тұрып, Алатаудан асыра тас лақтыруынан анық байқадық.

Бұның алдындағы Қазақстан Президентіне  тиіскен сөзін  екі ел басшыларының әдеттегі сөз қағысуы деп қабылдадық. Енді мынау, әскерлерін жинап алып, шекараға қазақ әскері келіп тұрғандай  екі елдің арасына от тастап сөйлегені саяси сауатты адамның сөзі емес, көше айқайшысының көсемсігенінен артпады.

Атамбаев бұл сөзінде басқасын айтпағанда, ел басшысына лайық емес екі рет шектен шыққан өрескел қателік жіберді. Бірі біздің Қазақ еліне де қатысты, екіншісі өз еліне қатысты.

Біріншісінен бастайық. Өз елі, өз әскеріне не айтса да өзі біледі дегенмен, ел басшысы түгілі, кез келген саналы саясаткердің санасында  абай болатын тақырыптар болады. Қазақ Тәуелсіздігі үшін  жан аямай күресіп, қанын төккен  Кенесары  хан қазақ үшін қасиетті есім, қастерлі тұлға.  Сол Кенесары қырғызбен шайқаста қаза тауып, кейін қазақ ханының басын  қырғыз манабының  Ресей патшасына сыйға тартқан сатқындығын   кеше Қырғыздың  президенті Атамбаевтың өзі еске салып  кетті…  «Қырғыз еліне қылыш ұстап келгендер басын қалдырып кетеді»  деп  соқты.  Бұл жолы да  қырғыз президенті  Ресей тілінде сөйлеп тұрып,  Ресей президентінің  айтқанын мысалға ала отырып,  Қазақстанның  Еуразиялық Экономикалық Одақ заңдарын бұзуда деп, Кремльден көз алмаған күйі біздің елге  біраз тас атты.  Қырғыздың күштілігінен емес, қазақтың алауыздығынан болған Кенесары қазасын айтып,  екі елге қатысты ескі жанды жараның аузын тырнау  не үшін керек болды, Атамбаев мырзаға?

Шекара үш күн жабылды екен деп шектен шыққан  Атамбаевтың бұл қылығын қалай түсінуге болады?  Бүкіл сөзінде Қазақстанды кінәлау мен  «шестеркадан»  аузы босамаған Атамбаев әскер алдында тұрып есіне де алмаған бүкіл түркінің қазынасы Манас батыр жырын қазақтың ұлылары Шоқан Уәлиханов зерттеп, әлемге танытып, елуінші жылдары  кеңес империясының  идеологиялық қылышынан  қорғап қалған қазақтың ұлы жазушысы, Шыңғыс Айтматовтың ұстазы  Мұхтар Әуезов екенін біле ме екен бұл  президент?..  Білмесе, жазушыларынан сұрап алсын…

Қара басының қамы үшін туысқан халықтардың  арасына от тастап, негізсіз соғысқа дайындыққа шақыру  – ел басшысының емес,  есердің сөзі жұмсартып айтқанның өзінде. 

Басқасы басқа, атамызға тиіспе, Атамбаев, атаусыз қаласың! Қасиетті әруақтарға тиіскеннің оңғаны болмаған қазақ-қырғыз тарихында…

Енді екіншісіне келейік.  Әлі де Қырғыз президенті болып табылатын Атамбаев  өзі қол қойған Сайлау туралы заңын белінен басып тұрып,  бірнеше рет бұзды.   Қырғыз Республикасы президенттігіне заңды кандидат болып табылатын  Омурбек  Бабанов туралы  «Біз президенттікке әлде бір елдің  шестеркаларын сайлатпаймыз» -деп  соқты.  «Шестерка» деген сөзді өзі көп естіген бе, жоқ, сүйікті сөзі ме, қырғыз-орыс тілдерінде бір емес, оншақты рет айтты.

Атамбаев өз елінің заңын бұзғанын былай қойғанда,  Бабанов бауыры емес пе өзінің? Кеше ғана өзі премьер-министр қойып, бір дастарханнан дәм татып жүрген  бауырын, өз арасында болса, мейлі ғой, бүкіл елге «әлде бір елдің шестеркасы» деп масқаралау, турасын айтқанда «сатқын» деп, заңсыз, ашық айыптау  өз елінің  Президент сайлауын ашық бұзу деген сөз.  Айтар кінәсі  – Омурбек Бабановтың Қазақ Президентіне келіп кездесуі.  Несі бар,  Атамбаевтың өзі  ашық, айқайлап қорғап отырған  Сооронбек  Жээнбековтың өзі де кездескен Нұрсүлтан Назарбаевпен.  Ол кезде, Атамбаевтың адамы Қазақстан президентімен кездессе,  заңды болады да,  оппозиция өкілі Бабанов кездессе заңсыз болады екен ғой… Қырғыздың бүкіл президенттері ақша сұрап, президенттікке кандидаттары ақыл  сұрап,  Қазақ президентіне шапқылап жатса, оған  Нұрсұлтан Назарбаев кінәлі ме?

Бұл екі үлкен қателіктен, Атамбаевтың өзінің жеке мүддесі үшін, өз адамы президент болуы үшін ешнәрседен де тайынбайтыны,  ардан да, заңнан да, әруақтан да аттай беретінін анық көрінді.   Себебі қазақ-қырғыз шекарасы бұрын да түрлі себептермен  үш күн түгілі  бір айға дейін жабылып қалған кездері болды. Ол кезде Атамбаев бұлай аттандаған жоқ. Ал бұл жолғы жанталасу – ел қамы емес, жеке басы үшін – ертең Президент сайлауында өз адамы өтуі керек болып тұр… Басқаның бәрі бір тиын…

Атамбаевтың сөйлеген сөзінде,  өзі айтқан сөзінің байыбына бармай тұрса да, келтірген бір ғана жөні түзу сөзді    өзіне қайтара айтайын, парқын енді түсінер, бәлкім:

«Бетеге кетер, бел қалар, Бектер кетер – ел қалар!»   Президенттер келіп-кетіп жатады. «Қазаақ-қырғыз» бір туған деп, ұлы Абай айтқандай, екі ел өз Тәуелсіздігімен өмір сүре береді. Ал ежелден  Алатаудың қос бауырын тел емген  туыс халық  қазақ-қырғыздың  ынтымағын ешкім де, ел басшысы да, есер де  бұза алмайды!

 Қазыбек  ИСА,

«Қазақ үні» газеті

Qazaquni.kz

ӘРУАҚҚА ТИІСКЕН АТАМБАЕВТЫ ЖАҚТАҒАНДАР  КЕНЕСАРЫНЫ ЕКІНШІ РЕТ ӨЛТІРДІ…

 

Атамбаевтың Қазақстанды кінәлап тұрып: «Жерімізге қылышпен келгендер басын қалдырып кетеді» деген сөзін осы сілтемеден көре аласыздар:





157 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 08:51

    Достали уже одни и те же сидят у власти десятилетиями, потом местами меняются, народ за дураков держат

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 11:09

    Қазақтың билігінен ақша сұрайды, ақыл сұрайды деп сол үшін қырғыздардың өздері кінәлі деген сияқтысыз, бірақ сол билік қазақтың қаражатын өзінің жекеменшігіне айналдырып алғасын келеді дә олар, біледі шығар олар да, біздің билік халықпен санаспай ақшаны оңды-солды шашып,өз ойларын іске асырып жатқанын. Әйтпесе,бірінші қазақтарды жарылқап алсын билік, өздерінің қара бастарының қамын ойлай бермей. Ақыл сұрауды да тапқан екен қай жерден іздеуді, билік керемет ақылды болса қазақты сөзбен емес, іспен жарылқасын. Басқаларға данышпан болудың керегі не, әр елдің өз жолы мен өз ақылдылары мен данышпандары бар, соны да ұмытпау керек.

    Жауап жазу
  3. Арай 15 Қазан, 2017, 11:38

    қазақтың патриоттары биліктің сөзін сөйлеп отырғандар, Атамбаевтан да күшті болсаңдар барыңдар ақорданың алдына барып көріңдер, айтып көріңдер пенсия, коммуналка, әйелдерді тыңдамай 63 тен зейнетке шығару туралы, тоналып жатқан ел туралы, жетіп жатыр ғой айтатын, әәәә, бармайсыңдар әрине, себебі білесіңдер сценарий бойынша не болатынын.

    Жауап жазу
  4. Жамбыл 15 Қазан, 2017, 13:09

    Кыргыз кашан казакка Бауыр болып еди ! Кыргыз байкалдан келген бурят – чушка на Бауыр ! КЕНЕСАРЫ олтирмегенде казир ыстык колде шомылып журетин едик ! Манас Ким екенин шокан уалиханов болмаса билмейтин да еди !

    Жауап жазу
  5. Төреғали Қазиев 15 Қазан, 2017, 13:19

    Патриоттар халықтың сөзін сөйлейді. Қарабасым болса, үнемі жазып жүрмін, кітаптарымда да, газеттерде, сайттарда. Қазір «Саясат» сайтына қараңыз, менің сөздерім бар: «Меры укрепления государства: 1.баланс интересов в элите. 2.нуждающимся до конца года 10 соток под ИЖС. за 5 лет закрыть нынешнюю очередь. 3. объявленное повышение пенсий и зарплат начать платить. приостановить повышение пенсионного возраста женщин. 4.молодоженам за каждого ребенка 25% жилищкредита за счет государства. 5.на науку и оборону не менее чем по 3% от ВВП. 6.интеллектуальный слой привлечь к гос.работе. 7.всеобщая вертикальная мобильность, продвижение по результатам труда. 8.за 10-15 лет принять еще 2-3 миллиона оралманов». Өзгелерден ақыл сұрамайық, ағайын! Мемлекет өзіміздікі, өзіміз істі істейміз. Қазақ қазаққа дос, қалғаны бос!!

    Жауап жазу
  6. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 13:28

    Жазғаннан не пайда, жепуттар отыратын жерге бару керек плакатпен, ақордаға бару керек плакатпен. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз сізге осының бәрін істеуге жүзеге асыруға жол бермейді ешкім, ендегі қалғаны оларға қарсы шығу ғана қалды, шыдам бітті

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 13:31

    көзімізге көрінбей билік қашан кетесіңдер өз еріктеріңмен

    Жауап жазу
  8. ан тан 15 Қазан, 2017, 15:44

    улкен минбелерден кыргызга 100миллион доллар комек бердик деп бари аикаилаган еди оларга косылып бизде аикаиладык казир атамаевтын видеосы жанасы шыкты 2007 жылы мен премьер боп турган кезде технические комек корсетугу келисилген екен 2014 сорадым деиди кашан бересиздер деп темир терсекпен болсада бериндердеп али берип жатир бырак биз али кормедик деп керегиси жок ондаи комектеринин деп нукте коиды сонда жуз миллион каида кимге берген.

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 18:25

    міне, мәселе !

    Жауап жазу
  10. Салтанат Арын 15 Қазан, 2017, 19:07

    «Атамбаев сөйлесе, біз ұяламыз» -деп қырғыз саясаткерлері тауып айтқан екен.

    Жауап жазу
  11. Махамбет 15 Қазан, 2017, 19:09

    «Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін бүлдірді»-дегендей, Атамбаевтың атамыз Кенессары ханда несаі бар десейші. Қырғыздардың өзі сойып жатыр, «не сөйлеуді білмейді» деп

    Жауап жазу
  12. Махамбет 15 Қазан, 2017, 19:10

    «Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін бүлдірді»-дегендей, Атамбаевтың атамыз Кенессары ханда несі бар десейші. Қырғыздардың өзі сойып жатыр, «не сөйлеуді білмейді» деп

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 19:10

    «аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі» деген осы, Атамбаев!

    Жауап жазу
  14. Адай Қазақ 15 Қазан, 2017, 19:11

    Кенесарыға тиіскен Атамбаевқа Қазақстанға жол жоқ енді…

    Жауап жазу
  15. Түңілген 15 Қазан, 2017, 19:14

    Қырғыздарға көмек бердім деген назарбаевтың сөзіне сенген адамның басында бір грамм ми жоқ. Оның алдап келе жатқанына 30 жылдан асып кетті. Бірақ, санасыз қазақтар құлақтары салпиып, тілдері садақтап, оның мың өтірігіне әлі сеніп келе жатыр. Жер бетінде қазақтай нақұрыс халық жоқ шығар.

    Жауап жазу
  16. ан тан 15 Қазан, 2017, 21:23

    биздин саилау комиссиясы бармаган еди окпелеп бир себептермен соитсе атамбаев аитад оларда саилау болса 98процент адам катысад 99процент бир Адам алад не кереги бар ондай комиссии адамдарын бул жерге деиди .барин билед.

    Жауап жазу
  17. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017, 21:29

    қазақтың сайлау комиссиясы не бітіреді онда, қазақстанда әділ сайлау өткізсе, сонда басқа елге шығуға болады, өтірік 98-99 пайызды бір адамға беріп отырғандары халықтың жынын ұстатып

    Жауап жазу
  18. Махамбет Ерғали 16 Қазан, 2017, 02:31

    ҚАЗАҚТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ХАНЫ КЕНЕССАРЫНЫҢ ӘРУАҒЫНА ТИІСКЕН ҚЫРҒЫЗ ПРЕЗИДЕНТІН ЖАҚТАҒАНДАР МЕН АҚТАҒАНДАР – БҮГІНГІ КҮННІҢ САТҚЫНДАРЫ!!!

    Жауап жазу
  19. Талап 16 Қазан, 2017, 02:33

    Қатындарына сөзі өтпей жүрген бейшаралар қазақ ханының әруағына тіл тигізген Атамбаевты қолдағанын қайтерсің? Құл деп осыларды айтуға болады.

    Жауап жазу
  20. Мәди Ислам 16 Қазан, 2017, 23:16

    Атамбаевты жақтаушылар, бұлар арттарын тазалай алмай жүріп, Қазақты, қазақтың ханынының әруағын таптаса да, ол қырғыз (неміс, қалмақ, орыс болса да) Назарбевқа сын айтқаны үшін , соны жақтау керек деген бейшара, құлдық санадағылар ғой. , Абайкз редакторы Нұргелді Әбдіғанидың: «Атамбаевты жақтағандар құлдық санадағы тобырлар» дегендей малайлар ғой.

    Жауап жазу
  21. Махамбет 16 Қазан, 2017, 23:19

    Осында алды-артын танымас жастарды айтпағанда тісі сарғайғаны да бар, Кенесары хан бабаңның намысын,яғни қазақтың намысын жыртып отырған Қазыбек Иса туралы солай оттар ма едің? «Атамбаев хан атамызға тиісіп шектен шығып, кетті, ауыз жабу керек» деген Айтқожа Фазылдан кәне, қайсың артық оппозияциямын деп айта аласыңдар? Бейшара сатқын құлдар. Сонда Айтқожа аға да үкіметке жағымпазданып отыр ма, Кенесарыны сынағанда. Сақалды құл жарытпас деген

    Жауап жазу
  22. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017, 23:19

    Енді белгілі болды атамбаев деген қазан айының 7-і күні соңғы Хан Кенесары Бабамызды еске алу (Таразда)өтіп жатқанда, ол дəл сол күні əруаққа тіл тигізді,əдейі ұйымдаст-ған сцена.

    Жауап жазу
  23. Рашит Ахетұлы 16 Қазан, 2017, 23:20

    Қатындарына сөзі өтпей жүрген бейшаралар қазақ ханының әруағына тіл тигізген Атамбаевты қолдағанын қайтерсің? Құл деп осыларды айтуға болады.

    Жауап жазу
  24. Оқырман 16 Қазан, 2017, 23:22

    Жемқорлық, әділетсіздік туралы «Қазақ үні» 17 жылдан бері жазып келеді. Әділдік іздегендердің көбісі «Қазақ үніне» келіп жататыны соны білдіреді.

    Жауап жазу
  25. Қолқоюсыз 16 Қазан, 2017, 23:25

    Жалған ат жамылып, тасадан тас атқандарды Кенесаоры хан бабаның әруағы атсын Атамбаевымен қосып. Бұтынан басын көтере алмай отырып, ұлт намысын қорғағандардың балағына жармасқандарын қарасай бұлардың кәнден құсап.

    Жауап жазу
  26. Дулат 16 Қазан, 2017, 23:25

    Рахмет, Қазыбек Иса! Біздің елден де лайықты жауап беретін жан табылыпты ғой. Хан бабамыздың әруағын қорлағысы келген Атамбаевтың атасын танытыпсың! Алла разы болсын!

    Жауап жазу
  27. Жамбыл Артықбаев 16 Қазан, 2017, 23:28

    Өзінің билікке деген амбициясы үшін өзіне қамқор елге тиісіп отырған Атамбаевтың да осы Пішкекті шапқан жігіттерден айырмасы шамалы сияқты…

    Жауап жазу
  28. Әбусаят 16 Қазан, 2017, 23:31

    Бұл біле білгенге «анау жеп кетті, мынау деп кетті» деген сыңайдағы желбуаз сөз емес. Бұл жерде ел намысы қозғалып тұр. Әр қашан ту түбінен табылып, тура сөйлеп жүретін Қазыбек бауырыма дән ризамын.

    Жауап жазу
  29. Сәду Сабыр 16 Қазан, 2017, 23:33

    Қазыбек Иса ініме рахмет! Ана Атамбаев деген алқашқа Алаштың баласынан кім жауап берер екен деп едім, жарадың бауырым! Алдаспандай шауып түсіпсің!

    Жауап жазу
  30. Манас 16 Қазан, 2017, 23:36

    Қырғыздардың өзі Атамбаевтан зорға құтылдық деп отыр. Бішгекте есі дұрыс, жөнделген төрт-ақ көше бар дейді отставкадағы қырғыз полковнигі. Алматының қасында деревня, ана алқаш президент алты жыл ұялмай отыр астанасын осындай ауылбай қылып дейді

    Жауап жазу
  31. Салтанат Арын 16 Қазан, 2017, 23:38

    Атамбаевты жақтаған сатқындарды анықтап, тізімін жасау керек!

    Жауап жазу
    • Есауыл 27 Қазан, 2017, 20:30

      Оларды концентрациялык лагерьлерге устау керек дейсынгой-губа не дура. Молодец, олай жасау ушын степлагты кайта калпына келтыру керек. Идеян жаксы екен, осыныннан тайма быр ойлы бол. * Жаксы адам екесын *

      Жауап жазу
  32. Қырғыз 17 Қазан, 2017, 19:18

    Аузына ие бола алмайтын алқаш Атамбаевтың зияны тек қазаққа ғана емес, қырғызға да тиіп, тағын тастап қашатын болады әлі.

    Жауап жазу
  33. Алман 2 Қараша, 2017, 05:10

    Атамбаевты қайта тәрбиелеу керек.

    Жауап жазу
  34. Үсен 3 Қараша, 2017, 00:43

    Біздің неміз кетеді егерде қырғыздарға жаман болып жатса онда олардың өздері кіналі маған олардың проблемасы ешқандай да қызықтырмайды. олар жынды өздерінің проблемаларын біз арқылы шешкісі келеді. Точно олар ауру

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*